ladusik69
11.02.2021 15:02

Бала бидің пікірінше, жерден ауыр не? А) адам өмірі

В) ақыл-білім

С) тәкәппар көңілі

Д) оқу-ғылым

Е) кітап

2. Бала бидің пікірінше, адам өмірі неден ыстық?

А) жалыннан

В) жақсылықтан

С) тозақ отынан

Д) оттан

Е) күннен

3. Бала бидің сұрағына кім жауапберді?

А) Қазыбек би

В) шәкірті

С) өзі

Д) Төле би

Е) баласы

4. «ауыз тұшырлықтай» тіркесінің мағынасы?

А) жылы сөз

В) ауыр сөз

С) аузы ашық

Д) ауыз ашитындай

Е) көңіл толатындай

Құмырсқа

Құмырсқа – әлемдегі ең көп тараған жәндіктердің бірі. Қазақ «құмырсқадай қажырлы», «құмырсқадай құжынаған», «құмырсқадай еңбекқор» деген тіркестерді бекер айтпаған. Олардың біз білмейтін қызық қыры көп. Оны ғалымдар зерттеп, бұқараға жеткізіп отыр. Құмырсқаларды зерттейтін ғылым - мирмекология деп аталады. Осы мирмеколог мамандардың құмырсқадай тынбай талаптанып, қайнаған тіршілікті зерттеуі нәтижесінде бізге олар туралы көптеген қызықты деректер белгілі болды. Құмырсқа жер жүзінде ең көп тараған жәндік. Әлемдегі ең құрметті мимекологтардың бірі Эдвард Уилсонның есебі бойынша, бүгін жер бетінде 10 квадриллион, яғни онның 15 дәрежесіндей құмырсқа бар екен. Жан басына шаққанда, бір адамға миллион құмырсқадан келеді, ал жалпы үлесі барлық адамның үлесіндей.

1. Мәтін қай стильде жазылған?

А) ресми стиль

В) ауыз екі стиль

С) ғылыми стиль

Д) көркем әдеби стиль

Е) публицистикалық стиль

2. Мәтіннің тақырыбы қандай?

А) жәндіктер туралы

В) құмырсқалар илеуі туралы

С) құмырсқалар туралы

Е) мирмекологтар туралы

Д) құмырсқалар еңбегі

3. «Құмырсқадай құжынаған» тіркесінің мағынасына сай келмейтін қатарды көрсетіңіз.

А) көп, быжынап кетті

В) көп, ығы- жығы

С) қаптап кетті, қайнады

Д) қажырлы, еңбекқор

Е) қайнаған, қалың

4. Құмырсқаларды зерттейтін ғылым қалай аталады?

А) биология

В) мирмекология

С) ботаника

Д) зоология

Е) нумерология

Сақ патшасы

Ұлы сақ ордасының қазынасы құлқынын тескен Кир патша Сырдарияның ұлы арнасына кеп тоқтап,қайтыс болған күйеуінің орнына патша болған Тұмар ханымға елші жібереді: - Сақтардың ұлы ордасының жесір ханымы маған әйел болсын! Екеуміз екі елдің басын қосып, бірігіп билейік. Бұл дегеніңіз – Тұмар ханымның басына құмай (бақыт) құсының қонғаны!-деп сәлем айтады. Кирдің ойлағаны елінің елдігі емес, байлығы екенін түсінген Тұмар құда түсе келгендерге: - Келген жолдарыңызбен кері қайтыңыздар. Желегім желбіреп отырған қыз емеспін. Әңгіме менің жеке өз басым туралы болса, онда мәселе бір басқа. Мен елімнің падишасымын. Мен иілсем - елімнің иілгені. Мидиялықтардың патшасы Кир ниетінен қайтып, отанына оралсын. Қаншама құдіретті болса да, Күн тәңірімнің күні ертең кімді қолдап, кімге зауал әкелерін қайдан білейік. Кир көзін маған емес, менің еліме салып отыр. Ал еліме бұғау салдыртпаймын, ата-баба аруағы жатқан жерді жаттың табанына таптатқызып қоймаймын. Соны есінде сақтасын,-деп қайыра сәлем айтып жібереді.

1.Мәтінге сай емес тақырыпты таңдаңыз

А) Ұлы сақ ордасы

В) Тұмар патшайымның қайсарлығы

С) Кирдің арманы

Д) Елдестірмек елшіден

Е) Елі үшін туғандар

2. Тұмар патшайым тарихта қандай атпен белгілі?

А) Қыз Жібек

В) Зарина патшайым

С) Қыз Қорлан

Д) Томирис патшайым

Е) Амазон патшайымы

3. Кир қай елдің патшасы

А) Иран

В) Рим

С) Сақ елінің

Д) Мидия

Е) Македония

4. «Тәңірімнің» сөзіне қандай жалғау жалғанған?

А) септік жалғау, жіктік жалғау

В) көптік жалғау, септік жалғау

С) ілік септігі, жіктік жалғау

Д) жіктік жалғау, тәуелдік жалғау

Е) тәуелдік жалғау, септік жалғау

Ана тілі

...Әділіне жүгінсек, адамзаттың адамзат болып қалуына барлық халықтың бәрі қажет. Олардың тілдері мен мәдениіттерінің бәрі қажет. Ал мәдениет пен тіл тек белгілі бір ортада ғана өркен жайып, көсегесін көгерте алады.

Анасын қадірлемеу қандай хайуандық болса, ана тілі тағдырына енжарлық та – адамгершілікке жатпайтын өрескелдік. Елінің тәуелсіздігін ойлайтын адам тілінің кемелденуіне де қолғабысын аямауы тиісті. Шығыстың ежелдегі ірі данышпаны:

«Дүниені түзеткің келсе, әуелі өзің түзел, сонан соң балаң мен достарыңды түзе»,-деген екен. Егер ана тілімізге шын жанымыз ашитын болса, оны әуелі өзіміз үйреніп, сонан соң балаларымыз бен достарымызға үйреткеніміз абзал.

1. Мәтін тақырыбын анықтаңыз.

А) Ананы қадірлеу

В) Достық туралы

С) Ана тілі жайында

Д) Бала тәрбиесі

Е) Адам мінезі туралы

2. «Тағдырына» сөзінің жасалуы

А) түбір, тәуелдік жалғау, септік жалғау

В) жалғау, көптік жалғау, жұрнақ

С) түбір, септік жалғау

Д) жіктік жалғау, жалғау

Е) түбір, жұрнақ, жалғау

3. мәтіндегі көсегесін көгерту тіркесті не мағына береді?

А) соққыға жығу

В) жолы болу

С) от жағу

Д) өркендеу

Е) насихаттау

4. Зат есімнен жасалған туынды етістікті белгілеңіз

А) адамгершілік

В) өркен жаю

С) дами алады

Д) үйреткен

Е) кемелдену

найти ​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
progames2002
08.12.2020 10:59
Соз тіркесі деп толық мағыналы екі я бірнеше сөздің бір-біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына байланысуын атаймыз.

Мысалы: Қайрат балаларға Досанмен болған әңгіменің мән-жайын баяндады деген сөйлемдегі сөздер мына сияқты тіркестерден құралған:Қайрат баяндады;балаларға баяндады;Досанмен болған;болған әңгіменің;әңгіменің мән-жайын;мән-жайын баяндады.

Мұнда әрбір сөз өзін керек қылған, қажет етіп тұрған сөзбен ғана байланысқан. Сөздердің мағыналық байланысын сұрау қою арқылы табамыз.

Сөз тіркесіне талдау  
1) Байланысып тұрған сөздерді тауып аламыз.  
2) Бағыныңқы, басыңқы сыңарларының байланысу тәсілін табамыз.  
3) Сөз табы, тұлғасы жағынан талдау арқылы байланыс түрін анықтаймыз. 
4) Синтаксистік қатынасты көрсетеміз.  
Талдау үлгісі:  
Мен Әміредей әншіні бірінші рет кездестірдім.  
Мен кездестірдім.  
Жіктік жалғауының І жағы. Байланысу тәсілі – жалғау арқылы.  
1) жіктеу есімдік, атау тұлғада, жекеше, 2) етістік, жедел өткен шақ, жіктік жалғауда. Байланысу түрі-қиысу.  
Бастауыш пен баяндауыш арасындағы қатынас.  
Әншіні кездестірдім.  
Табыс септігінің жалғауы. Байланысу тәсілі – жалғау арқылы.  
1) Зат есім, табыс септікте, 2) етістік, өткен шақ, жіктік жалғауда. Байланысу түрі-меңгеру. 
0,0(0 оценок)
Ответ:
clever321
10.02.2021 20:19
Көктем - бұл өсімдіктер, жануарлар - біздің кішігірім бауырлар ұзаққа созылған қысқы ұйқыны өшіретін ғажайып уақыт. Саңырауқұлақтар мен жыраларда күмбездер күркіреді. Көктем бізге күн сәулесімен және жылумен келеді.
Көктем - бұл өзгеру кезеңі және жаңа өмірдің пайда болуы. Көктемде ағаштар өзгереді. Мысалы, ерік сүлгімен сырғалар салады, олардың көпшілігі саналмайды.
Көктемнің бүлінуі құстарға да қатысты. Қашықтан шыққаннан кейін олар үйге қайтып келеді, керісінше көңілді әндер айтады, жұпты іздейді, ұяларының ұяларын іздейді, балапандарды бастайды. Көктемнің өрнектелген хабаршысы - вагтаил, раушан, сиқыр, сұлы.
Көктемгі күндері көкжиек үстіндегі күн қыста қарағанда жоғары, ол өздерінің алтын сәулелерін егістіктерге, төбелер мен төбелерге қуанышпен тастайды. Қарлы жердегі көктемде қар бір-біріне ериді, бірақ көлеңкелі жағында қарлы қар бар. Жұқа мұз бұрыннан ериді.
Көктемнің басталуымен асқабақ пайда болады. Көктемгі карнавал анасы мен баласын бастайды. Ана мен бала - миниатюраға арналған алтын күн. Бұл гүл өзі үшін ең күн сәулесін таңдайды. Нағыз көктемгі ғажайып - бұл гүл шоқтары. Сондай-ақ, ұмытып қалмайды, шегіргүл, лимфа. Көк көзді, көк ...
«Келіңдер, көктем, қуанышпен, зор рахатпен, биік, терең тамырымен, мол нанмен келіңдер!» Салқын және суық болғандықтан уақытша тоқтап қалған табиғатқа жаңа өмірді енгізіңіз.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота