
Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер.
ескерту белгілері
басымдылық белгілері
тыйым салу белгілері
міндеттеу белгілері
ақпараттық-көрсеткіш белгілері
қызмет көрсету белгілері
Қосымша тақтайшалар.
Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайды.
Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды.
Міндеттеу белгілері бір бағытта немесе көліктің белгілі бір түріне ғана жүруге рұқсат етілетіндігін көрсетеді.
Ақпараттық-көрсеткіш белгілер қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды.
Қосымша ақпараттық белгілер (тақташалар) бірге қолданылатын жол белгілеріне қосымша ақпарат беруге арналған.
түркі тектес халықгардың, соның ішінде қазақтардың материалдык жəне рухани құндылықтарының даму сатысы; этномəдени жүйенің қалыптасуындағы табиғи-тарихи тұрпат. Адамзат тарихын зерттеу барысында өркениет атауының өзіне əр түрлі, кейде бір-біріне қарама-қайшы анықтамалар қалыптасты. Америка тарихшысы Л.Морган (1999-188ә) мен Ф.Энгель оны адамзат дамуындағы жоғары, жазусызуды енгізу кезеңі ("тағылық — жабайылық — "өркениеттілік" ұштағаны арқылы) ретінде сипаттады. Кейінгі кездері бұл термин адамзат дамуының аймақтық, салыстырмалы түрде бір-біріне тәуелсіз жетілген пішімдерін бейнелеу үшін қолданылып жүр. Еуропаға əсіре табынушы кейбір ойшылдар өздігінше жетілген мәдени-тарихи аймақтардың санын түгендеп, кейде — 8 (О.Шпенглер), кейде 36 өркениет ошағына (А.Тойнби) жеткізіп қойды. Әйтсе де, осы тұжырымдаманы жақтаушылар Алтайдан Карпат тауларына дейінгі ұлан-байтақ кеңістікте көшпелі-отырықшы тұрмыс кешкен түркі тектес халықтардың өткеніне астамшылдықпен қарап, "тарихи дамудан тысқары қалған қауым" ретінде көрсетуге тырысты.