volkovaar2000
04.04.2022 18:00

Оқылым І тапсырма
Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Ұлы Жібек Жолы – Қытай жерінен басталып, Қиыр Шығыс пен Еуропа елдеріне беттеген керуен жолы. Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті. Жібек Жолы б.з.д. III ғасырда сауда магистралі ретінде пайда болып, XVI ғасырға дейін қызмет етті. Жібек Жолының бойында орналасқан көне қалалар бірталай соғыс, өрт, аштық, апат-ойрандардың куәсі болды. Ұлы Жібек Жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай, Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысып, мәдениет және дипломатиялық қарым-қатынас орнады. VI-VII ғасырларда Қытайдан бастау алған керуен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан даласын кесіп өтетін. Отырар, Тараз, Сайрам (Испиджаб ), Түркістан (Яссы), Суяб, Баласағұн секілді көне қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым орталықтары болды.

1. Берілген ақпараттардың ішінен мәтін мазмұнына сай келетін 3 дұрыс тұжырымды анықтаңыз

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Murmurvk
23.03.2023 16:24
Ңжер-анаға деген ықыласы ерекше. топырақтан жаралған болмысымыздан ба әлде аталарымыздың жер үшін аянбай күресе білгендігінен бе, білмеймін, қазақ үшін жер мен ел ұғымы егіз. әлем картасында жерінің үлкендігі жағынан тоғызыншы орынды иемдеген отанымыз бар. алайда басында баспанасы мен өзіне тиесілі бір телім жері жоқ қандастарымыздың толып жүргенін қалай түсіндіреміз? өзінің меншікті жері жоқ , ерім деп еркелетпеген еліне қорған бола ала ма? әр жерде иесі бар деп қоршалып, қорғалған, бірақ бір түп ағаш егілмей, бір лашық салынбай созылып жатқан жерлер бар. ол жерлерді өзі алмай, өзгеге де бермейтіндердің не ойлағаны бар? жер күтіп, баптағанды, топырағын шаң қылып бүлдіршіндердің жүгіргенін, әйтеуір тірі ға қалқан болуды қалайды. ал қоқысқа толып, тынысы тарылған, егілмей жетімге айналған жер де ауа жұта алмай қиналған бірдей. бірде бір қоқысқа толып, әбден азып-тозған жерін сатуды жөн көреді. сатып алушы жерді қоқыстан тазалап жүріп, бұлақтың көзін тауып алады. әртүрлі жүзім, анар, алма ағаштарын егіп, басына үй салады. уақыт өте   сол маңнан жердің бұрынғы иесі өтіп бара жатып, жайқалған бақты көріп, мен қандай жерден айырылып қалғанмын деп өкініпті - дейді аңыздарда. жер баптағанға, күте білгенге азық, бағалай білгенге баспана, аялай білгенге сая бола алады. бірақ оның қадірін түсіне білу үшін де жерге жете алмай тіршілігі мұңға айналған бауырларымыздың күйін бастан өткізу керек пе? бізге жер беріңдер деп ашынған қазақтардың жанайқайы жылда естілетін жырға айналып барады. кезінде «шаңырақ», «бақай» деп бір дүрліккен қазақтың жылауы неге қайталана береді? еңбекпен тапсын, жерді сатып алсын дейді біреулер. ал біреулер неге өз ауылында отырмайды, қалада нелері бар деп сөгері анық. мүмкін біреулер ауылдағы жеріне егін ексін, соны өсіріп, азық қылсын деп ақыл айтар. бірақ кімнің жақсы өмір сүргісі келмейді дейсін. қала маңына шоғырланып жинала бастаған жандардың болашағым- қалада оқысын, тіршілік жасап, отбасымды асырайын деп ниеттенгендері анық. кеше ғана жер беріңдер деп бейбіт мақсатта жиылған топтың өз бауырымыз, өз қандастарымыз екенін естен шығармайық. қалай десек те бұл мәселені шешудің жолдарын іздеу керек. өз елім өзекке теппес деп шырылдаған олардың жанайқайын бүгін естімесек, ертең ар алдында да, алла алдында да жауап беретінімізді ұмытпаған жөн шығар.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Ренчик223
11.07.2020 10:16
Көлік – материалдық өндірістің жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын аса маңызды саласы, экономиканың инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі.
Археологиялық деректемелер неолитзаманынан бастап көліктің шаруашылық салаларына ене бастағанын байқатады. Көне обалардан табылған әбзел қалдықтары малдың көлік ретінде ежелден-ақ пайдаланылғанын көрсетеді. Ежелгі заманнан келе жатқан көлікке негізінен жегін малы мен мініс малы: түйе,жылқы, құлан, қашыр, есек, сиыр, бұғы, ит, т.б. жатады. Әрбір көлік малының тұрмыстық-шаруашылық жұмыстарда қолданылуы оның табиғи ерекшеліктеріне байланысты болды.

Мініс малы көне замандардан бері шөл далалы, орманды, батпақты, таулы-қыратты жерлерде негізгі көлікке айналды.

Жегін малы арба, күйме, шана сияқты көлік құралдарына жегіліп, жолаушы, жүк тасымалдауға, көшіп-қонуға пайдаланылды. Мұндай көлік түрлерінің біразы ежелгі Мысырда, Вавилонда, т.б. жерлерде біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдықта қолданылғанын тарихи-археологиялық деректер дәлелдейді.

Әскери арбалар шығыстағы ежелгі мемлекеттерде соғыс кезінде кеңінен пайдаланылды. Әскери және жүк арбалардың тасқа қашап салынған суреттері Қаратау өңірінен де табылды. Қазақстан жеріндегі жергілікті халықтың ежелгі тұрмысын көрсететінпетроглифтерде немесе басқа да археологиялық бұйымдарда, ескерткіштерде көлікке қатысты деректер көптеп кездеседі. Әсіресе көшпелі қазақтардың тұрмыс-тіршілігінде жылқымен түйенің орны ерекше болған. Түйе шөлге және ұзақ жүріске шыдамды болғандықтан, ежелгі және орта ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда керуендерінде, сондай-ақ мал қамымен көктеуге, жайлауға, күздеуге, қыстауға көшіп-қону кезінде негізгі көлік ретінде пайдаланылған. Жылқы да көшпенді халықтың тұрмыс-салтына аса қолайлы көлік болды. Қазақтар “ат – ердің қанаты” деп есептеген. Бағзы бір замандарда “аттың жалында, түйенің қомында” жүрген кездер де болған. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғасырлар қойнауынан келе жатқан дәстүрлі көлік түрі мен құрамы да өзгеріске ұшырап отырды. Ғылыми-техникалық жетістіктерге орай көлік малын бірте-бірте автомобиль, пойыз,ұшақтар ығыстыра бастады. Сөйтіп, техникалық көлік түрлері қоғамдық даму сатыларын айқындайтын көрсеткіштердің біріне айналды. Қазіргі кезде де мініс малы – автомобиль, трактор бара алмайтын жерлерде көлік ретінде пайдаланылады.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота