Keks200220
13.07.2022 06:02

Казак адебиети БЖБ быстро .Добрые люди .


Казак адебиети БЖБ быстро .Добрые люди .

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Женя8а
11.11.2020 17:07

«Алтын сақа» - бұл мұражай-қорықтың  Балалар көркем-ойын кешенінде ұйымдастырған экспозициясы. Экспозицияда бала қиялының әлемі, әртүрлі елдер мен халықтардың ертегілерінен бізге жеткен кейіпкерлердің әлемі назарға ұсынылған. Экспозиция қаланың жасөспірім көрермендеріне, сондай-ақ ересек тұрғындары мен қонақтарына авторлық қуыршақтар мен ойыншықтардың ерекше және әртүрлі әлемін қызықтауға, өнердің осы түрінің адамға беретін өзіндік бір ғажайып та жағымды әсерін сезінуге мүмкіндік береді.

Экспозицияда қуыршақтар – аңыздар мен ертегілердің кейіпкерлері, түрлі ертегілік жанрлардың: жануарлар туралы ертегілердің, тұрмыстық, сиқырлық, сатиралық ертегілердің қаһармандары назарға ұсынылған.Алтын сақаның бас қаһарманы, идеялық нысанасы - халықтың арман-мұраты. Мұнда да халықтың аңсары ертегінің басты арқауы. Қазақ ертегілерінің бас қаһармандары аңшы-мерген, жауынгер-батыр, кенже бала, тазша бала, жалғыз бала және басқа әлеуметтік теңсіздіктегі бұқара өкілі. Бұлардың бәрі - халық арманынан әр кезде туған идеал кейіпкерлер. «Алтын сақадағы» бала сондай кейіпкер. Онда классикалық батырлық ертегіге тән белгілердің бәрі бар. Бала жұртта қалып қойған алтын сақасын алып келуге барып, жалмауыз кемпірге кез болған бала кемпірдің алдағанына сенбей, сақасын ат үстінен іліп алып, қаша жөнеледі. Мыстан кемпір тұра қуады. Осымен оқиға шиеленісе түседі. Бұл ертегіде де сайыста кейіпкер өз күшімен емес, керемет достарының арқасында жеңуі - батырлықтан гөрі қиял-ғажайып ертегінің заңдылықтарына жақындау.

Қазақ балалар ертегілерінің басты ерекшелігі есте жоқ ерте заманда туып, ежелгі дәуір құбылыстарын сақтап келсе де, олардың бәрі біріншіден, халқымыздың тұрмысын, салтын бейнелейді, күнделікті өмірін көрсетеді. Әрине, өмір шындығын қиял-ғажайып ертегілер тікелей, сол қалпында емес, эстетикалық тұрғыда бейнелейді. Өмірдегі тартыстар, болмыс-көріністер, әдет-ғұрып бәрі де халықтың эстетикалық рухына сай түзіледі. Екіншіден, ертегілердің бәрі дерлік бас кейіпкерлерін қиын да күрделі, азапты да аянышты кешулерге сала отырып, балаларды ерлікке, отансүйгіштікке баулиды. Мәселен, «Алтын сақада» сол сақасын алуға барған баланың ерлігінің арқасында оның ата-анасы ғана емес, тұтас туған елі жалмауыз кемпірдің қорлық-зорлығынан азат болады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
emirov2002
13.12.2021 11:53
Ақтөбе — Батыс Қазақстандағы қала, Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қалалық әкімшілігінің орталығы.Халық саны — 387 945 адам (1 қаңтар 2015). Ақтөбе Батыс Қазақстан өңірінің ең ірі қаласы, Қазақстан қалаларының арасында халық саны бойынша бесінші орында орналасқан. Ақтөбеде көптеген ұлт өкілдері өмір сүреді. Саны жағынан ең көп таралған ұлт — қазақтар. Олар қала халқының 75,7 % құрайды. Үлесі бойынша екінші орынды меленген орыстар қала халқының 17,34 % құрайды. Негізгі діни топтар — мұсылмандар (негізінен — сүнни) менхристиандар (негізінен — православтар). Ақтөбе — дамып келе жатқан Ақтөбе агломерациясының орталығы (халық саны — 541 мың адам). Қаланың ауданы — 297,39 км². 1997 жылы таратылған Ақтөбе ауданының территориясы қала әкімшілігінің құзырына берілгеннен кейін әкімдік қарамағындағы жердің жалпы ауданы 2 338 км² дейін ұлғайды.Қаланың негізі Ресей империясының қарулы жасағымен Ақтөбе бекінісі (орыс. Ак-Тюбе) ретінде Елек өзенінің сол жағалауында, оң жағынан Қарғалы өзені құятын тұсында қаланған. 1891 жылдың 25 наурызында Ақтөбе Торғай облысы құрамындағы уездік қала мәртебесін иеленіп, орысша атауы Актюбинск болып өзгертілді. Ресейдегі азаматтық соғыстың кезінде қала кезекпен ақ гвардиялықтар мен большевиктердің қолына өтті. 1919 жылы қалада біржолата Кеңес өкіметі орнап, 1920—1925 жылдары Ақтөбе Ресей КФСР-ның қоластындағы Қырғыз АСКР-ның құрамында болды. 1921 жылы қала жаңадан құрылған Ақтөбе губерниясының әкімшілік орталығы болды, 1925—1936 жылдары Қазақ АКСР-ның құрамында болды (1928 жылы Ақтөбе губерниясы таратылғаннан кейін Ақтөбе округының орталығы, 1932 жылдан бастап жаңадан құрылған Ақтөбе облысының әкімшілік орталығы). 1936 жылы қала РКФСР қоластынан бөлініп шыққан Қазақ КСР-ның құрамына кірді. 1991 жылы КСРО ыдырағаннан кейін тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрамында.Қазіргі Ақтөбе — Қазақстанның ірі өнеркәсіп, шаруашылық және мәдениет орталықтарының бірі. Қалада ферроқорытпалар, хром қоспаларын, ауыл шаруашылық техникасын, рентген аппараттарын шығаратын зауыттар орналасқан. Химия, тамақ және жеңіл өнеркәсіп дамыған.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота