Ғылыми және арнаулы кітапханалар, ғылым салалары мен белгілі бір ұйымдарға (мекемелер, оқу орындары, т.б.) қызмет етеді. Кітапханалар жазба ескерткіштердің қоғамдық қоймасы ретінде ерте заманда пайда болған.[1] Біздің заманымыздан бұрынғы 7-ғасырдың ортасында Ассирия патшасы Ашурбанипалдың сарайында қыш тақталарға жазылған жазбалар жинағы сақталған. Көне кітапханалардың ішінде Александрия кітапханасы әлемге әйгілі. 9 — 11-ғасырларда Бұхара, Самарқанд, Отырар, Үргеніш, Мерв қалалары ғылыми және әдеби кітап қорларымен аты шықты. Ұлы ғұлама әл-Фарабидің туған қаласы Отырарда Александриядан кейінгі әлемдегі екінші ең ірі кітапхана болған деп есептеледі. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында барлығы 11300 кітапхана (2003) жұмыс істейді.[2]
Балқаш - Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі. Ол алғашқы дәуірдегі Пятис деген теңіздің қалдығы болып есептелінеді. Көл Сарыарқа мен Сары- Есік құмдарының аралығында орналасқан. Соңғы кезде Балқаш көлінің деңгейі 2 м-ге төмендеп кетті. Қазіргі Балқаштың ұзындығы 614 км, ең терең жері 26,5 м. Балқаш көне түркі тілінде «балшық», «балық» деген мағынаны білдірген. Суының деңгейі бірде көбейіп, бірде азайып отырады. Ұзынарал бұғазы Сары-Есік пен Балқашты байланыстырады. Соның нәтижесінде көлдің батысының суы тұщы, ал шығысында ащы. Себебі көлге негізгі суды Іле өзені құяды. Іле өзенінің Балқашқа құяр жеріндегі тоғайлы батпақты жерлері мемлекеттің қорғауына алынды. Мұнда балықтың сазан, көксерке, ақбалық, ақмарқа, т.б. 12 түрі кездеседі.