Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды. Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы Титығы құруына аз-ақ қалды. Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр, Малшыларым, қор қылма итке малды. Соныға малды жайып, күзетіңдер, Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды! Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін, Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
Жіктік жалғауме жіктеу: Жекеше: Көпше: Мен аспаз+бын Біз аспазбыз Сен аспаз+сың Сендер аспазсыздар Сіз аспаз+сыз Сіздер аспазсыздар Ол аспаз Олар аспаз
Тәуелдік жалғаумен тәуелдеу: Жекеше: Көпше: Менің аспаз+ым Біздің аспаз+ымызСенің аспаз+ың Сендердің аспаз+дар+ың Сіздің аспаз+ыңыз Сіздердің аспаз+дар+ыңыз Оның аспаз+ы Олардың аспаз+дар+ы
Септік жалғаумен септеу: Атау септігі кім? Аспаз Ілік септігі кімнің ? Аспаз+дың Барыс септігі кімге? Аспаз+ға Жатыс септігі кімде? Аспаз+да Табыс септігі кімді? Аспаз+ды Шығыс септігі кімнен? Азпаз+дан Көмектес септігі кіммен ? Аспаз+бен
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку