Нәзипа Құлжанова - Алаш қозғалысы кезінде қайраткерлігімен көзге түскен қазақ қыздарының бірі, Құлжан немересі 1887 жылы Торғай қаласында туған. Аумалы төкпелі заманда ел қамы үшін күрескен қайраткерлердің бірі. Қазақ қыздарынан шыққан ұстаз, этнограф, аудармашы, журналист Нәзипа Сағызбайқызы 1902 жылы Қостанайдағы орыс-қазақ гимназиясын, 1903-1904 жылдары Торғайдағы қыздар училищесін бітіреді. Оқып жүрген кезінен бастап өзін ұлт үшін күресуге даярлаған. Оқуын аяқтаған соң, 1905 жылы Семей қаласындағы оқытушылар семинариясында ұстаз болған. Ұстаздық жұмысты атқара жүріп, этнография тақырыбын зерттеп, мақалалар жазып, талантын танытқан ол 1913 жылы Орыс география қоғамының Семей бөлімшесіне, «Азамат серіктестігі» ұйымдарына мүше болады. 1914 жылы 26 қаңтарда Абайдың қайтыс болуына он жыл толуына орай әдеби кеш ұйымдастырады. 1915 жылы 13 ақпанда Пертроградтағы мұсылман ауруханасы мен мұқтаж қазақ шәкірттеріне көмек көрсету мақсатында әдеби кеш ұйымдастырады. «Қазақ», «Сарыарқа», «Алаш» газеттерінде әйел мәселелеріне байланысты мақалалар жазады.
-Ақпараттық технологиялар – ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тарату үшін қолданылатын әдістер мен құралдардың жиынтығы
-Ақпараттық технологияның маңызы:
- компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты арттыру;
- оқу процесінде компьютерді пайдалану;
- модельдеу идеясы оқыту процесінде жаңа мүмкіндіктер береді;
- компьютерлік оқыту бағдарламалары.
3. Ақпараттық технологиялардың негізгі түрлеріне мыналар жатады:
1. Деректерді өңдеудің ақпараттық технологиясы жақсы құрылымдалған есептерді шешуге арналған, шешу алгоритмдері жақсы белгілі және барлық қажетті кіріс деректері бар;
2. Басқарудың ақпараттық технологиясы басқару шешімдерін қабылдауға байланысты кәсіпорындардың барлық қызметкерлеріне ақпараттық қызмет көрсетуге арналған;
3. Автоматтандырылған кеңсенің ақпараттық технологиясы кәсіпорын персоналының қолданыстағы байланыс жүйесін толықтыруға бағытталған;
4. Шешім қабылдауды қолдаудың ақпараттық технологиясы шешім қабылдауды қолдау жүйесі және адам қатысатын итерациялық процесс нәтижесінде болатын басқарушылық шешімді әзірлеуге арналған);
5. Сараптамалық жүйелердің ақпараттық технологиясы жасанды интеллектті пайдалануға негізделген.
--4. Кибернетика - табиғат пен қоғамдағы басқару мен байланыстың жалпы заңдары туралы ғылым; нанотехнология - бұл көзге көрінбейтін аса ұсақ бөлшектерді ретке келтіре отырып, соның ерекшеліктерін алдын-ала белгілеп беру арқылы әлдебір құрылымды құрастыруға қажетті жекелеген атомдарды ыңғайластыра орналастыру.