Вопросзнания
18.01.2020 16:12

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойып жаз. 1. ... үй орталықта.
2. Мұрат... Әңгімесін ... айы.
3. Әжем... Қонаққа келді.
4. Ораздың досы... үйіңе келді ме?
5 адамдар ұшақпен саяхат жасайды.
6. Шетелде ... студенттер көп.
7. ... әкесі саяжайға кетті.
Керекті есімдіктер: біздің,өз,бізге,маған,сенің, кей, біздің, оның​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Ayashka11
24.02.2020 02:59

Қазақстанның көрікті жерлері туралы ъат.

Сәлем, Алина! Қал – жағдайың қалай? Үйіңе аман – есен жеттің бе? Мен қазір саған ауылдан хат жазып отырмын. Екеуміздің халықаралық балалар орталығында танысқаныма өте қуаныштымын, енді осы хатымда мен саған Қазақстанның көрікті жерлері жайлы айтып кеткенді жөн көрдім.

Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Мен өз басым Қарағанды облысына қарасты Жаңаарқа ауданында тұрамын. Ұлан байтақ еліміздің ірі қалаларын аралау - менің арманым, себебі Қазақстанда көрікті жерлер жетерлік. Әзірге осы арманымды ата - анамның арқасында ақырындап жүзеге асырып келемін. Жазғы демалыста отбасымызбен демалуға бір қаланы таңдап, сонда жол жүреміз. Әзірше біз киелі Түркістан, жер жәннаты Жетісудың орталығы - Талдықорған, оңтүстік астанамыз Алматы және еліміздің бас қаласы Нұр - сұлтанға сапар шектік. Әр қаланың өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Мысалы, Түркістанда біз киелі жерлерді аралап, аптап ыстықта жер асты құдығының суын ішіп, бұрынғы заманның сәулет өнері туындыларына тамсандық. Ал Жетісу өңірінде таудан сырқырап аққан Қаратал өзенінің бойында серуендеп, таза ауада демалып, табиғаттың сұлулығына тәнті болдық. Оңтүстік астанамыз аталып кеткен Алматыда серуендеп қыдыру мен аты әлемге әйгілі Алматы апортын татып көрудің өзі арман ғой, Алматыны тіпті өлең - жырға қосқан ақын - жазушылар қаншама десеңші... Алматыда серуендейтін жерлер өте көп. Солардың ішінде біз Көктебеге көтеріліп, әсем Алматыны жоғарыдан алақанымыздағыдай көріп таң қалдық. Аты әлемге әйгілі Медеу мұз айдынында коньки тептік, Абай атындағы ұлттық опера және балет теартының кезекті қойылымын тамашалап, Ә.Қастеев атындағы сурет галереясына да барып үлгердік. Еліміздің жүрегі – Нұр – сұлтан қаласының да көрікті жерлері аз емес, жыл сайын олардың қатары толықтырылып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның сәулеттік символына айналған «Бәйтерек» монументі, «Хан-шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы және «Думан» ойын-сауық кешені біздің отбасымыздың сүйікті демалу орындары.

Келешекте Қазақстанның Қостанай, Павлодар, қарт Каспийдің жағасында орналасқан Ақтау, Атырау, сонымен қатар шырайлы Шымкент қалаларын аралағым келеді.

Ал сен бұрын Қазақстанда болдың ба? Болмасаң, мен сені қонаққа шақырамын, жазғы демалыс уақытында келіп, қонақ болып кет. Әуелі елордамыз Астана қаласынан бастайық? Астанаға дейін жетсең, өзім ата – анаммен күтіп аламын. Сен пойызбен немесе ұшақпен келсең болады. Қалғанын уайымдама, біздің үйде жатып демаласың.

Хат жазып, хабарласып тұр.

Сәлеммен, досың Амира.

0,0(0 оценок)
Ответ:
omarova06
13.01.2021 20:46

ответ:Сипаттама:Қорған-ежелгі қабірлер үстіндегі тас немесе топырақ үйінділері.Халық арасында мұндай есткерткіштер төбе немесе оба(Қарауылтөбе,Жуантөбе,Үштөбе т.б.)деп те аталады.

Үш тірек сөз:Саргофаг-мәйіт қима ағашты табыт саргофагқа жерленген.

Оба асты суық мәңгі тоң қабатынан тұрады.

Берелбіктер мәйітті ұзақ сақтау үшін бальзамдаудың құпия әдістерін қолданған.

Ақпарат:Олардың жерлеу ғұрпы,мүліктің мәдениеттегі жергілікті ерекшеліктері мен өзара жақындығы анықтала бастады.Ондаған жылдар бойы зерттелген жерлеу ескерткіштерімен (обалар)қатар,қазір жер-жерлерде сақ дәуірінің көптеген қоныстары да ашылды

Объяснение:

Бұл 1 тапсырма емес 2 тапсырма.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота