Күшігім еркелей білетін,
Кейде ол шәуілдеп үретін.
Жата қап аяғын көтерсе
Көргендер еріксіз күлетін.
Тойған соң томпайып жататын,
Бір тәтті ұйқыға бататын.
Түсінде мысықпен алысып,
Жүретін бөлмеде жарысып.
Қарасам, міне енді өсіпті,
Ит бопты кәдімгі қабаған.
Әуелі өзіме өшікті
Күнәм жоқ бір рет сабаған.
Мақтайды біреулер даурығып,
Қасқыр деп итімді қабаған.
Мен жүрмін кете алмай айығып,
Өз итім түсірген жарадан,
***
Отырсам үндемей үйімде,
Тоқмейіл, ақпейіл күйімде.
Келуші көбейіп кетеді
Шашымның ағынан сүюге.
Мақтауға бәрі әзір, жайдары
Мейрімнің ағаға шегі жоқ.
Ақтарар сырларын қайдағы,
Бірінің дығы жоқ, кегі жоқ.
Сәл ғана өзгеріп қалпымнан,
Әділдік сөйлесем болғаны,
Біреуі алып қап алқымнан,
Союға әзір тұр қалғаны...
Тойған соң жататын пырылдап
Мен мысық емеспін, достарым,
Жан болып жүрген сон, шырылдап
Айтамын арымның қосканын
қазіргі қазақстан аумағын ерте заманнан бері мекен еткен. сондықтан елді мекеннің көне тарихы сол жердің табиғатынын, тарихы болып есептелінеді. табиғаттың тарихы сол аймақтағы мекендеген халықтың тарихы бір-бірімен ұштасып жатқандықтан, қазақстан жеріндегі көне тарихи ескерткіштердің сақталуы сол жердің табиғатының болмысын анықтайды. мұны палеолит дәуіріндегі қоныстардың орны дәлелдейді. қазақстан аумағындағы тас ғасырдың көне ескерткіштері қаратау маңынан, еділдің сағасынан, бетпақдаладан, бұқтырма өзенінің бойынан, т.б. жерлерден табылған. қола дәуірінде қазақстан металл қорытудың ежелгі орталықтарының біріне айналған. алтай, қаратау, жезқазған және т.б. жерлерден өндірілген темір қорытылып, қымалардан өткір жүзді құралдар, саймандар жасалған. сол кезде қазақстан жерінде өмір сүрген сақ тайпалары мәдениетінің қазылып алынған үлгілерінде бағалы металдардан жасалған әшекейлер көп кездеседі. оған алматыға жақын есік қорғанынан табылған «алтын киімді ң» бейнесі нақты дәлел болады. онда сақ жауынгері алтын әшекейлермен қапталған киіммен жерленген. осындай жағдайларға байланысты қазақстан жері туралы мәліметтер ерте замандарда-ақ еуропа ғалымдары мен саяхатшыларына мәлім болған.