333399
31.07.2022 12:36

Cоставь 4-5 предложений на тему «Қазақ халқы - өнерсүйгіш халық». ТЕКСТ
Қазақ халқы - өнерсүйгіш халық.Оның музыкалық мәдениеті өте бай.Халқымыз ақын, әнші, сазгерлерді ерекше құрметтеген. Біржан сал, Үкілі Ыбырай қазақтың классикалық әндерінің негізін қалаған. Қазақтың ұлттық музыка мәдениетінің ішінде ән салу мен ән шығару, домбыра, қобыз, сырнай тарту жақсы дамыған. XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының арасынан көптеген әнші- композиторлар, жырау-жыршылар, ақын-күйшілер шыққан. Олар: Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина, Сүгір, және т.б. Қазақ халықының ән-музыка мәдениетінің дамуына Біржан, Мұхит, Естай, Нартай, Жаяу Мұса, Жамбыл, Әміре сияқты ұлы тұлғалар үлес қосқан.
Этнограф және сазгер А.В.Затаевич екі мың үш жүзден астам халық әндері мен күйлерін жазып алып, «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақ халқының 500 әні» сияқты жинақтар жариялаған.
Қазір әндердің көпшілігі домбыраның сүйемелдеуімен орындалады. Қазір әндері татулық пен бірлікті, байсалды мінезді, ақылдықты насихаттайды.Қазақ халықының кең тараған халық әндері: «Дудуар ай», «Гүлдерайым», «Бір бала» және тағы басқалар.
Халық күйлері – халықтың тұрмысын, салт дәстүрін, адамның тағдырын баяндайды.Халық күйлері ұрпақтан ұрпаққа жеткен.Сондықтан олардың авторлары ұмытылып, халықтың күйі деп атаған.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
diassssssss
10.03.2020 18:04

Қысқа ғана ғұмырында артына өлшеусіз мұра қалдырған, қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасымен дараланған ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың саналы ғұмыры білім алуға деген ұмтылыспен, талаптанып ізденумен өткен. Елінің келешегі өнер мен білімде деп білген ақынның мақсаты оқу оқып адам болу, туған халқына пайдасын тигізіп, жарық күні болу, надандықпен күресіп, еліне білімнің сәулесін шашу болатын. Сондықтан да ақынның мұндай тақырыптағы өлеңдері өткір, өр рухты болып келеді. Ізденіс, ұмтылыс сарынындағы «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңінде ақынның лирикалық кейіпкері жалынды сөздерімен өжет мінез көрсетеді. Бұл өлеңдегі лирикалық кейіпкер – ақынның өзі. Өлеңде адам болу, толыққанды азамат болу мақсатын, ақындық ұстанымын танытады. Танытып қана қоймай, өзіне-өзі серт береді. Надандықпен ая күреске түсіп, жарығы көмескі жұлдыз емес, сәулелі толған айдай болу мақсатын білдіреді. Бұл оның өміріндегі басты мақсаты болатын. Ал оның кілті – білімде деп ұғатын ақын, осы сертте орындамай, «елдің бетін көрмен» деп өзіне қатал үкім де шығарады.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
Ника5324
13.09.2022 05:18

2021 жыл 12 желтоқсанда тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында орай ұйымдастырылған "Тәуелсіздік тірегім"атты тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы жүргізілді.Сайысқа қатысушылар 5сыныппен 7 сынып аралығы болды.

Қатысушылар өлең, жыр-шумақтар және өз шығармашылығыннан жазған өлеңдерін жатқа мінсіз айту керек болды. Керемет айтқан оқушыларға орын жүлде және бағалы силықтар беріледі!Орындар саны:3 орын екеу,2орын біреу , 1 орын екеу және бас жүлде біреу.

Ал енді марапатқа көшетін болсақ сайысқа жақсы қатысқаны үшін және өлеңді мәнермен айтқаны үшін Орынбай Аружан 3 орын алғаны үшін марапатталады.Дәл осы қарқында бірақ өз шығармашылығынан өлең айтқаны үшін Сабыр Қарақат марапатталады. Мәнермен өлеңді образға салып айтқаны үшін Бекзат Саян 2 орын алғаны үшін марапатталады. Өлеңді мәнермен және өз шығармашылығынан ұйқасын келтіріп айтқандары үшін Ермахан Нұрай және Тағай Бекболат марапатталады.Сайыста ерекше көзге көрінгені үшін және домбырамен күй орындап, өлеңді мәнермен, міндіксіз және образ ға салып айтқаны үшін Еркин Алина марапатталады.

Қорытындылай келе ,"тәуелсіздік тірегім' атты сайысымызға қатысқан барша оқушыларға үлкен алғыс білдіргіміз келеді! Осы Тәуелсіздігімізді мәңгілікке сақтайық!

Объяснение:

озим жаздим

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота