elenafrolova31
11.09.2020 04:10

1. Судың қасиетін зерттеген ғалым кім? 2. Ол зерттеу барысында нені байқады?
3. Сумен емделудің қандай түрі бар?
4. Адам денесінің қанша пайызы судан тұрады?
5. Судың адам үшін қандай пайдасы бар?
6. Не себепті еріген судың үстіңгі қабатын төгіп ішу керек?

Су − тіршілік көзі. Осы мөлдір сұйықтыққа бар тіршілік тәуелді. Алайда күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған судың емдік қасиеттері жайында көбі біле бермейді. Су адамның шөлін қандыру немесе тұрмыстық қажеттілігінен басқа да жайларда пайдаға асады. Назарларыңызға судың пайдасы, емдік қасиеттері жайында мәлімет ұсынамыз. Жапон ғалымы Масару Эмото бірнеше жыл бойы судың қасиетін зерттеген. Ол тазартылған суды бір ыдысқа құйып, сол судың жанына адамдар келіп «махаббат», «періште», «рақмет», «бейбітшілік» деген сияқты жақсы сөздер айтқан. Ғалым осы суды қатырып, суретке түсірген кезде кристалдары керемет әдемі, үйлесімді болып шыққанын байқаған. Ал дәл осы суға «ыза», «соғыс», «қан», «өлім» сияқты жағымсыз сөздер айтқан кезде кристалдары мүлде басқа, бей-берекет, көмескі, қара лай болып шыққанын көріпті. Жапон ғалымы су біздің барлық эмоциямызды, сезімімізді, сөзіміз бен дұғамызды, музыканы қабылдайтынын осылай дәлелдеген.
Дәрігерлердің айтуынша, сумен емделудің қарапайым әдіс-тәсілі көп. Мәселен, суды алдымен қатырып, кейін ерітіп ішуге болады. Тек үстіңгі қабатын төгіп тастау керек. Өйткені ауыр металдар судың бетіне көтеріледі. Осы суды адам күнде таңертең аш қарынға ішіп отырса, емдік қасиеті зор. Адам ағзасы бірден жұмысқа кіріседі. Ағзаға таза су енеді де, ол біздің сұйықтық қанымызға әсер етеді және тазалық ақпаратын жеткізеді. Сөйтіп бойымыздағы сұйықтықтардың құрылымдануына ықпал жасайды. Адам денесінің 70% судан тұрады. Ендеше ағзадағы судың құрамын өзгерте отырып, сауығуға әбден болады.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
denthegamerp01iih
16.12.2021 12:21

Аспаптар туралы мәліметтер:

1.Шаңқобыз — темірден немесе күмістен жасалған сүйір тілшесі бар көне музыкалық аспап. Шаңқобыз басқа атаулармен көптеген халықтарда кездеседі. Оның сирек кездесетін бір түрі — ағаш шаңқобыз — ағашқа бекітілген жіпті тербеу арқылы дыбыс шығарылады. Шаңқобыз – ежелден келе жатқан қазақтың музыкалық аспабы. Аспап бітімі бөлек болғанымен, оның құрылымы өте қарапайым.Бұл аспаптың темірден немесе күмістен жасалған сүйір тілшесі болады. Аспапта ойнау тәсілі де өзгеше. Шаңқобызды ерінге қойып, тіске тіреп ойнайды. Аспап дыбысы тілшені саусақпен шалып тартқан кезде серіппенің тербелісі арқылы шығады.

2.  Жетіген – қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық көп ішекті шертпелі аспабы. Сонымен қатар, жетіген тектес аспаптардың жалпы Азия халықтарының арасында кеңінен таралғанын атап өткен жөн. Әр халық өзінің ән-күй өнерінің ерекшеліктеріне қарай аталған көп ішекті аспапты құрылымдық, көркемдік жағынан әрқилы етіп өзгертіп, дамытып келеді. Соның ішінде қазақ халқының осы күнге дейін дәріптеп келген жетігені әуелінде жеті ішекті аспап болып танылған. Оның шанағы бітеу ағаштан шабылса, ішектерінің астына қой асығы тиек ретінде қойылып, аспаптың құлақ бұрауы сол асықтарды қозғалту арқылы келтірілетін.Кейін келе тиектер ағаштан, ішектер мыс сымнан жасалғандығы туралы деректер кездеседі.

3. Дауылпаз – қазақтың ұрып ой-налатын көне саз аспабы. Ертеректе бұл аспап соғыс құралы ретінде айбар беріп, қыр көрсету үшін қолданған. Бертін келе дауылпазды аңшылық пен құсбегілікке де пайдаланатын болған. Оның жасалу әдісі күрделі. Дауылпаздың шапаты - өзегі алынған сырты жұмыр бітеу ағаштан ойып жасалған. Беті әбден иленіп, кеңкей шыңылтыр терімен қапталады. Жайға байлап немесе мойынға, иыққа іліп алып жүруге арналған аспалы бауы мен ұрып ойнайтын шағын таяқшасы болады. Дауылпаздың шанағының сыртын мүйізбен, түрлі тастармен, ою-өрнекпен безендіріп, сәндел жасайды.

4. Домбыра - қазақ халқының өте ерте және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық аспабы. Көне Шумер тілінен аударғанда «кішкене садақ» деген мағына береді. Алматы облысы, Жамбыл ауданы аумағынан  шамамен 2,5 ғасыр бұрын табылған таста қашалған суреті мен 16 ғасыр бұрын Мысыр еліндегі Нахт қабіріне салынған пішінінен еш өзгермеген. Қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады.Аспап әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып жасалады. Тоғыз, он бір, он төрт, жиырма төрт пернесі болады. Күй арнайы құлақтарымен келтіріледі. Аспап үні қоңыр, құлаққа жағымды әрі жұмсақ болып келеді.

5. Сазсырнай — үрлемелі аспап. Сазсырнай ысқырып ойналатын флейталар тобына жатады. Кейбір сазсырнайдың ысқырғыш тетігі болмайды. Оған қазақ халқының сазсырнайы мысал. Сазсырнайға ұқсас аспаптар көптеген халықтарда кездеседі. Атауы әр халықтың өз тілінде айтылатын аспаптың пішіні де әр түрлі. Оның пішінін шеберлер құсқа, балыққа, көп басты атқа, жұмыртқаға ұқсатып жасай берген. Сазсырнайдың дыбыс диапазоны терция, кейде октаваға шейін барады. 1971 жылы Отырарда жүргізілген қазба жұмыстарда саздан жасалған қаздың жұмыртқасындай музыкалық аспап табылған. Аспаптанушылардың зерттеуінен өткен бұл сазсырнай үш дыбыс шығарады. Олар екінші октаваның “ми-бемоль”, “фа”, “соль” ноталары. 

0,0(0 оценок)
Ответ:
Соня11647
04.03.2020 19:58
 Қымыз-Шипалы сусын!Қымыз – ауруға ем, сауға қуат. Қымыздың денсаулыққа тигізер пайдасын айтып тауыса алмайсың. Қымыз құрамында «С» дәрумені мол, сиыр сүтімен салыстырғанда он есе көп. Оның емдік қасиеттері, әсіресе құрт ауруын емдеу қасиеті жоғары. Оның адам ағзасын әлсірететін созылмалы ауруларға қарсы күресетін артықшылығын да айта кеткен жөн.Дәрігерлер қымызды безгек ауруына және жөтелге қарсы ішуге ұсыныс жасайды. Қымызбен емделгенде қан құрамындағы гемоглобин эритроцит көбейеді. Тамырдың соғуы жиілеп, қан айналымы жылдамдайды. Қан тамыры жұмысы мен жүрек соғысы жақсарады.Ал осы күні жастар жағы қымыздың орнына шетелдік «Coco-cola», «Pepsi-cola» тәрізді сусындарды жиі тұтынады. Оның ағзаға зияндылығын ескеріп жүрген бірі жоқ. «Coco-cola»-ның бала денсаулығына ауыр зиян келтіретінін дүниежүзі біліп, жар салып жатыр. Тіпті жарнамалауға тыйым салып, компанияға оның зияндығын мойындаты. Осы «Coco-cola» сусынымен көліктің есігін жуғанда бояуы бірден кетіп қалыпты. Тағы бір мысал – ауылдағы мал сойған үй қарын тазалау үшін осы сусынды пайдаланады екен. Жаңа сойылған малдың қарнын 15-20 минут «Coco-cola» сусынына салып қойса, қарын аппақ болып шыға келетін көрінеді.«Pepsi-cola» сусынын да ішкеннен сақтану керек. Бұл сусын денсаулыққа өте қауіпті. Айталық, семіздік, диабет, жүрек, қан тамырлары ауруларына шалдықтырады.Сондықтан, тек қана ата-бабаларымыздың ізімен ұлттық тағамдарымызды бойымызға, ұлттық құндылықтарымызды жанымызға азық етейік, ағайын!Бекем ТАЛАСБЕКДерек пен дәйек:Қымыз — шипалы әрі жұғымды сусын. Сапы қымыз — дертке шипа, денеге күш. Қымыз жылқы терісінен тігіліп, тобылғы түтінің ысы әбден сіңген сабада не болмаса ағаш күбіде ашытылады. Қымыздың ашытқысы “қор” деп аталады. Дәкеге түйген қорды сабаға немесе салып,оның үстіне бір шелектей жаңа сауған салқын самалды құйып,ыдыстың сыртын жылы орап тастайды. Қор езіліп, саумалға тегіс тарағанда саумалдың дәмі қышқылданады. Сөйтіп жаңа қор жасалады. Жаңа қордың үстіне салқындатылған (әйтпесе қымыз іріктеніп кетеді) саумалды құйып, саумал әр құйылған сайын піспекпен жарты сағаттай пісіп араластырады. 
Қымыз ашытылатын ыдысқа қойдың сүр қазысы мен семіз жаясын салса,қымыз майлы әрі жұмсақ болады. Әдетте,қымыздың өзінен де май шығады. Ол май қымыздың бетінде қалқып жүреді. Іңірде пісірілген қымызды жылылап қымтап, келесі күні биенің бас сауымы сауылып болғаннан кейін ғана қотарады. 
Саба мен күбіні аптасына ең кемі бір рет ыстайды. Әжелеріміз күбіні киікотымен ыстаған. Киікоты піскенде оны келесі жылға жететіндей орып, кептіріп алатын болған. Дер кезінде тазартып, ысталмаған ыдыс өңезденіп, қымыздан ескі дәм шығады. Қымыздан бір күнге жетерлік мөлшерде қотарып алғаннан кейін, оның орнына қайта саумал құйылады. Бұл процесс бие ағытылғанға дейін осылай жалғасады. Қымыз қотарғанда ыдыстың түбінде жетерлік мөлшерде қор қалуы тиіс. 
Қымыз дайындау шеберлігіне, сүттің тегіне,уақыт мезгіліне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Осыған орай оның аталуы да алуан түрлі.Уыз қымыз — биені алғаш байлағанда ашытылатны қымыз. Мұны бие бау деп те атайды.Бал қымыз — әбден пісілген және бойына жылқының не қойдың майы сіңген бапты жұмсақ қымыз. Мұндайа қымыздың түрі әдеттегідей қымыздан гөрі сары әрі қою болады.Бесті қымыз — төрттүн асып, ашуы мейлінше жеткен қымыз.Дөнен қымыз — үш түнегеннен кейін қотарылатын, мейлінше ашуы жеткен қымыз.Жуас қымыз — үстіне саумал құйып жұмсартылған қымыз. Қымыз аса ашып кеткенше ішуге қолайлы болуы үшін осылай істейді.Құнан қымыз — екі түнегеннен кейін ғана қотарылатын қымыз. Бұл түнеме қымызға қарағанда күшті болады.Қысырақ қымыз — бірінші рет құлындаған биенің сүтінен ашытылатын қымыз. Қулық биенің сүті жылда сауылып жүрген сары қарын мама билердің сүтіне қарағанда әлдеқайда қуатты болады. Оны әдетте “ту қымыз” деп те атайды.Қысырдың қымызы — бие ағытылғаннан кейін, жем- шөбі дайын адамдар қысыр биелерді іріктеп алып қалып, қыстай қолда ұстап сауады. Сондықтан да бұл қымызды “қысырдың қымызы” деп атайды.Сары қымыз — шөп пісіп,биенің сүті қойылған кезде ашылатын қымыз. Жаздыкүнгі қымызға қарағанда қою әрі өңі сары болады.Сірге жияр қымыз — бие ағытылар кездегі ең соңғы қымыз. Бие алғаш байланып, уыз қымыз ішерде бір той болса, бие ағытылып, сірге жияр қымызды ішерде тағы бір той болады.Түнеме қымыз — ескі қымыздың үстіне саумал құйылып, келесі күні ( тағы бір күн асқаннан соң) қотарылатын қымыз.                   
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота