maxtigr24
29.11.2022 14:09

2-тапсырма. Үзіндіні мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Үзінді мазмұны бойынша шығарманың композициялық құрылымын анықтаңыз. Жып-жылы мықты тұсаулар мойнынан, жотадан ұстап бар күшікті сыртқа алып шықты. Жеті күшіктің бесеуін көздеріне қарап отырып өлтірді де, екі кішкенесін тірі қалдырды. Кетерде бұның біреуінің тірсегін қиып қалдырды да, екінші біреуін - ең кенжесін алып жүріп кетті. Қалған жалғыз күшікті тістелеп алып, екі қасқыр жоқ болды. Ін қаңырап қалды...

Тұтқын болып кеткен көк күшік ауыл тұрғыны болды.

Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты. Жұрт асырауға көнеді десті. Кішкене Құрмаш Көксерек деп ат қойып алды. Ертенді-кеш айналасынан шықпайды. Өзіне жеке асқұйғыш — итаяқ әзір болды. Баурын көтеріп, тырбанып жүруге айналған соң, мойнына жіп тағылды.

Үй ішінен шықпайды. Түн баласында Құрмаш қасына алып жатады. Сол үшін кәрі әжесінің қойнынан да шығып кетті. Бөлек жатады. Қасында не аяқ жағында, көрпенің астында Көксерек жатады.

Жаз ортасына жақындаған кез болды. Көксерек үлкейді. Семіріп жонданғандай да болды. Бірақ үлкейісі даладағыдай емес, бәсендеу. Ауылдағы өзі құрбы күшіктерден сонша үлкен емес.

Бір уақыт үлкен үйдің үлкен қара ала төбеті оңашада бұны алып соғып, көп езгіледі. Бұны талап жатқанын көріп, өзге иттер де келіп шабынан алып, борбайынан созғылап өлтіруге айналып еді. Шаң-шұңмен балалар, үлкендер жиылып кеп, иттерді ұрып, зорға айырып алды.

Бірақ Көксерек әлі күнге ешбір уақытта "қыңқ" етіп ауыр-сынған дыбысын шығарған емес. Талаймын деп ит ұмтылса, жота жүні үрпиіп, үдірейіп тұрып алады. Тісі батып, қинап бара жатса, дыбыссыз ғана езуін ыржитады.

— Кәпір, қырыс, тағы емес пе! Кеудесін бермейді, жасымайды! — деп ауыл аңыз қылады.

Көксеректің бұл жайын байқап ап, Құрмаштың әкесі:

— Түу, мына кәпірдің екі көзі жап-жасыл боп кетіпті-ау, тұқымын сезген екен мына жүзіқара қой балам, енді мұны өлтіріп, терісін алайық,— деп еді.

Құрмаш бұл сөзге көнбеді. Бірақ осы кештен екі күн өткен соң, Көксерек бір түн ішінде жоқ болды. Құрмаш қашып кетті деуге қимай, айналадағы ши-қарағанды, жар-жыраларды тегіс арылтты. Таба алмады. Осымен жұрттың бәрі кеттіге есептеп қойып еді, үш күн өткенде бір күні таңертең ойда жоқта Көксерек өз-өзінен сап ете түсті. Құрмаш пен әжесі қасқырдың бұл мінезіне сүйсініп, қуана қарсы алды. Бұл келгенде Көксерек екі бүйірі суалып ашыққан. Өзінің үсті-басы батпақ болып сыбағысқан собалақ жүдеу пішінмен келді. Қайта тұрып қалды. Тағы да бұрынғысынша күйленіп, нық семіріп, енді орасан боп өсе бастады.

Бұл соңғы күйленуі шынымен үлкен қасқыр боп ұлғаюының белгісі еді. Сонысын сезген болу керек, күздің бір қара дауылды қара түнінде Көксерек тағы жоқ боп шықты. Бұл жолғысы шын болды. Енді қайтып оралмастай болып кетті ​


2-тапсырма. Үзіндіні мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Үзінді мазмұны бойынша шығарман

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
natsia
24.02.2022 09:33
6. Баянауылда "Найзатас" деп аталатын таңғажайып тегіс жартас бар. Олай аталуының себебі: күн, жел және судың әсерінен кедір-бұдыр тас үйіндісі жып-жылтыр болып, әрі тегістеліп, бөлке нанның формасына ұқсап кеткен. 
7. Драверт үңгірі. Жасыбай көлінің оңтүстік-шығыс жағалауында үңгірлердің бірінен П.Л.Драверт жартасқа жосамен (охра) жасалған суреттерді тауып, алғаш рет сипаттама берген. 
8. Жасыбай көлі. Көлемі жағынан екінші көл - Жасыбай. Әсемдігі  таң қалдырар бұл көл тұнық, әрі таңғажайып жұмсақ суымен толтырылған. 
9. Сабындыкөл көлі. Ең ірі көл - Сабындыкөл көлі. Бұл атау оның ерекше жұмсақ суына қарай қойылған. Аңыз бойынша бұл көлде Баян сұлу әсем шашын жуған, әрі осы көлге өз сабынын түсіріп алған екен. 
10. Баянауыл қорығы. Маңайдағы тоғайларда таңқурай, итмұрын, қарақат, бүлдірген, доланалар қаулап өседі. Қырыққұлақ (папоротник) және арша (можжевельник) тоғайында, сондай-ақ  шыршалы, әрі қайыңды тоғайларда шамамен 50 шақты құстың және 40 шақты аңдардың түрлері мекендейді. Баянауыл тауларының айтарлықтай мақтанышы - сирек кездесетін, жойылып бара жатқан, әрі қорғауды қажет ететін  аң ретінде  Қазақстанның Қызыл кітабына енген арқар. 
0,0(0 оценок)
Ответ:
olesya12let
26.07.2021 15:46
Автобус едет по восточной стороны Бурабая.Он едет по большой дороге к городу Шортанжы.Дома поселков остаются позади.Тени деревьев падают на реку которую охватил луч солнца.Леса в южно-западной стороне постепенно растягиваются и уходять в западную сторону Бурабая.Вот, виден весь Бурабай.Бурабай был видень как ладонь-такая круглая.А вода была чистой при чистой.Окжетпес гордо стоит над Бурабаем будто бы его сотворили великие скульпторы.Чистый Бурабай, зеленые горы в округе, зеленая трава будто бы дотрагивается до того места где восходит солнце.И кажется что Окжетпес большой и великий камень возле Бурабая
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота