hamsterizumkin
12.01.2023 07:34

Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, құрылымы, стилі, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігі тұрғысынан салыстырыңыз.   

1-мәтін

Нан 

(әңгімеден үзінді)

...Олар сай қуалап, орылмаған бидайдың ішіне енді. Бұқпантайлап жүріп, өнімді де тиімді шаруаға кірісті. Әбден жетіліп, қауызынан дәні төгілген есіл бидай болымсыз желге судыр-судыр етеді. — Ой, апа! — деді Қонысбай, белеңге шыға келген салт аттыны көріп. Ойпаңдау жерге екеуі де зым-зия бұға қалды. Аттың дүбірі біртін-біртін бұларға жақындай берді, жақындай берді...

— Иә, балалар, жасырынбақ ойнап жүрсіңдер ме?.. Тұр орындарыңнан! Екі дос ырсылдап, пысылдап, күрсініп, аспай-саспай түрегелді. Жақсылық ағай екен! Протезін сықырлатып, ердің үстінде қисайып отыр. Сәл көңілсіздеу болғанымен, жүзі онша сұсты емес, сабырлы, инабатты. Бұл кісі биыл көктемде бір аяғын беріп, кемтар боп майданнан оралған. Ат үстіндс мықшиып отырған Жақсылық әрқилы ойда. Тесік тамақ үшін күнге күйіп, сары адырда сандалып жүрген мына шермік қарын жетімектерге қайтіп кемістік білдірмек? Қайтіп қолы бармақ? Тәртіп бойынша бұларға өз сыбағаларын жақсылап тұрып беру керек еді. Бірақ... Қорықшы ағай ауыр күрсінді. — Шырақтарым,— деді ол байыппен, атының жалын сипап жатып,— бұл үкіметтің астығы. Майдандағы көкелеріңе нан керек. Ашық аспан астында олар Гитлер фашизмімен соғысып жатыр. Кім үшін? Сендер үшін. Сендердің болашақ бақыттарың үшін!.. Біз ауылдамыз. Быламық ішсек те, талқан жесек те өлмейміз... Масақ тергілерің келсе, комбайн жүріп өткен аңызаққа барыңдар, бәріңе де жетеді... Екінші рет бүйтіп бейбастық жасамаңдар!.. Ол қойнынан бір нан алып балаларға берді. Сөйтті де атын шоқырақтатып жөнеп қалды. Оның оң аяғындағы ағаш протезі салақтап бара жатты.

Тоқаш Бердияров

 

 

2-мәтін

Ұлттық тағам – халықтар достығына жол

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің белсенділері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне орай ұлттық жәрмеңке өткізді. 

Қазақстан аумағында тұратын белгілі бір ұлттың асханасы мен мәдениетіне арқау болатын жәрмеңке әр екі апта сайын өтетін болады. Ал бүгінгі фестивальдің ашылуы қазақ ұлтының мәдениеті мен ұлттық асханасын, дәстүрі мен өнерін паш етуге арналды. 

Қонақтар жастар ісі жөніндегі комитет белсенділерінің өз қолдарымен даярлаған қазақ ұлтының тағамдары мен тәттілерінен ауыз тиді. Мереке халық әндерін тамылжыта орындаған әншілердің, мың бұралған бишілердің өнерлерімен жалғасын тапты. 

– Әрбір ұлттың өзінің ерекшелігі бар, – дейді Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрайымы Ақбота Сарыбай. – Тәуелсіз еліміз ізгі дәстүрлер мен ерекше ұлттық тағамдарға бай. Менің ойымша, ұлттық тағамдар – халықтар достығына апарар жол бола алады.

1-мәтін

2-мәтін

Тақырыбы

Кімдерге оқуға арналған?

Қандай стильде жазылған?

Қысқаша шолу жасау (мазмұнын жазу) 1-2 сөйлем

 

2. Apple компаниясының негізін қалаушы Стив Джобс «тамақты дәрі деп қабылдаңыз, әйтпесе дәріні тамақ орнына қабылдайтын боласыз» деген екен. Сіздің бұл пікірге көзқарасыңыз қандай? Ойыңызды шартты райды қолдана отырып, жинақтап эссе жазыңыз. 100-120 сөз​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Бүгінгі таңда шет тілін білу заман талабы. Шет тілін үйренудің себептері көп. Бір жағынан өзіміздің білімізді артыру болса, екінші жағынан басқа адамдардың өзіңіз туралы жақсы ой мен пікірді қалыптастыру болып табылады. Бұның бәрі сіздің оқуда және іскерлікте үлкен жетістікке жетуіңіздің кепілі.

Тілді үйрену оңай мәселе емес. Ол грамматиканы меңгеру, сауатты жазу мен оқу. Бұл істе ең бастысы шыдамдылық пен табандылық танытып, өз мақсатыңызға ұмтылу. Тілді оқу адамның ойлау мен есте сақтау қабілетін дамытады. Шет тілін оқу сізге әлемді жаңа қырынан тануға мүмкіндік береді.
0,0(0 оценок)
Ответ:
лидуська22
05.08.2022 00:44

АСТАНА – ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫ (350 СӨЗ)

Басты бет Қорытынды аттестаттау Эссе Үлгілер Астана – тәуелсіздік тұғыры (350 сөз)

КОНСПЕКТ

Әр елдің астанасы – сол елдің төлқұжаты. Қандай да бір ел туралы білгіміз келсе, алдымен сол елдің астанасы туралы алғашқы ақпаратты аламыз. Қазақ елінің астанасы туралы сөз ететін болсақ, онда астана мәртебесіне ие болған Орынбор, Қызылорда, Алматы туралы да деректер бой көтереді. Алайда сөз жас қала – Астана, тәуелсіздіктің туындысы туралы болмақ. 1992 жылы ел астанасы Ақмола қаласына көшіріліп, кейінірек қала Астана атауына ие болды. Еліміздің жаңа келбетін танытып, тарихтың тарлан беттерін ашып, сан ғасыр армандаған тәуелсіздіктің нық тұғыры болып танылды.

Тәуелсіздік тұғырын танытатын тарихи және мемлекеттік мәртебе айтылған сөзбен, берген бағамен беки қалмасы анық. Астанамыздың тарихи баға алу негіздері қандай? Қандай дәлелдермен дәйектеуге болады? Халқымыздың тарихында сәні мен салтанаты талайды тамсандырған Сауран, Отырар, Сарайшық, Алмалы тағы басқа қалалар болғаны туралы деректер баршылық. Алайда жас Астананың әлемдік деңгейде танылу себебі неде? Тақырыпты ашу мақсатында осы сұрақтарға жауап беріп көрейік.

Астана мәртебесін тұғырлы етуі – Елбасымыздың көрегендігі мен оның ойшыл Ұлт Көшбасшысы екенінің даусыз дәлелі. Арнайы бағдарламалар мен стратегиялық жоспарлар іскер басшылықпен жүзеге асырылды, жас қаланың географиялық ерекшелігі, сәулет, экономикалық, демографиялық, әлеуметтік және тағы басқа мәселелері мерзімінде шешімін тапты. Қазіргі Астана – білім мен ғылым ордасы, экономикалық даму орталығы, сәулетті мекен.

Астана – Ақордадан алаштың ақпаратын әлемге таратқан қасиетті мекен. Өзіне тән тарихын танытар нышаны – Бәйтерек. Оның биіктігі – 97 метр, аумағы – 22 метр. Металл құрылғы биіктігі – 105 метр. Ол жерге қадалған 500 қадаға орнатылған. Елдік пен өрліктің образын сомдайтын алып Бәйтерек монументі ғасырлардың сырын түйіп, қазақ даласының бүгінгі үнін танытып тұр. Сұңғыла жан сырын көкірек көзімен түйсінеді. Бұл – уақытпен тайталасқан пирамидалармен иық таластырар тарихи жәдігер. 300 тонналық «Бәйтерек» шарын 2017 жылдан бастап қолдануға берілген ЭКСПО шары толықтыра түсті. Елімізде өткен тарихи оқиғаның куәгері, батыл ойлар мен бақытты болашақ музейі – «Нұр Әлем». Енді бұл кешенде болашаққа соқпақ салар, тың идеялар жүзеге асырыла бастады. Соның бірі – Халықаралық Қаржы орталығы. Ол – жаңа ғасыр үні, тәуелсіз елдің бекем болашағы мен өркениет келбеті.

Астана – қайсар халықтың сипатын бойына жинаған Елорда. Тұғыры тереңде, ол – ғұндар салған батыс қамалмен, Ұлы Жібек Жолындағы қорған қала Бозақпен тілдескен тарихи жәдігер.

Еуразия еркесі, ару Астана – бейбітшілік пен ынтымақ ордасы, қазығы берік тұғыр. Ал бірлік бар жерде көркею мен даму бар. Өйткені «Астананың көркеюі – ел дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі»

(Н. Назарбаев).

Объяснение:

350 слова)

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота