qwerty804
14.07.2022 05:50

3-тапсырма. Етістіктің шақтары (бұрынғы және ауыспалы өткен шақ, мақсатты және болжалды келер шақ) мен қалау райды қолданып, «Қазақ халқы - өнерсүйгіш халық» тақырыпқа байланысты 4-5 сөйлем құрастыр/ Используя времена глагола и глагол желательного наклонения, составь 4-5 предложений на тему «Қазақ халқы - өнерсүйгіш халық». ТЕКСТ
Қазақ халқы - өнерсүйгіш халық.Оның музыкалық мәдениеті өте бай.Халқымыз ақын, әнші, сазгерлерді ерекше құрметтеген. Біржан сал, Үкілі Ыбырай қазақтың классикалық әндерінің негізін қалаған. Қазақтың ұлттық музыка мәдениетінің ішінде ән салу мен ән шығару, домбыра, қобыз, сырнай тарту жақсы дамыған. XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының арасынан көптеген әнші- композиторлар, жырау-жыршылар, ақын-күйшілер шыққан. Олар: Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина, Сүгір, және т.б. Қазақ халықының ән-музыка мәдениетінің дамуына Біржан, Мұхит, Естай, Нартай, Жаяу Мұса, Жамбыл, Әміре сияқты ұлы тұлғалар үлес қосқан.
Этнограф және сазгер А.В.Затаевич екі мың үш жүзден астам халық әндері мен күйлерін жазып алып, «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақ халқының 500 әні» сияқты жинақтар жариялаған.
Қазір әндердің көпшілігі домбыраның сүйемелдеуімен орындалады. Қазір әндері татулық пен бірлікті, байсалды мінезді, ақылдықты насихаттайды.Қазақ халықының кең тараған халық әндері: «Дудуар ай», «Гүлдерайым», «Бір бала» және тағы басқалар.
Халық күйлері – халықтың тұрмысын, салт дәстүрін, адамның тағдырын баяндайды.Халық күйлері ұрпақтан ұрпаққа жеткен.Сондықтан олардың авторлары ұмытылып, халықтың күйі деп атаған.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
kurnikova2
14.02.2021 04:31
Қаржыгер- мамандығына жұмыс аз. Есесіне, экономисттерге сұраныс көп. Экономист мамандығымен кез келген офистік жұмыс пен мемлекеттік қызметке орналасуға болады.Сәулетші - сәулет өнерінің маманы. Ғимараттар архитектурасын жобалайтын, нобайын сызатын адам.Заңгер (Жұрісттің немісі, Жұріст ағылшынша) (жұс латынша - құқық) - құқықтануға, заң ғылымдары бойынша маман; құқықтың төңірегідегін жаттығу қайраткері.оқытушы — болашақ ұрпақтарды қоғамдық өмірге тез әрі жеңіл қосылу үшін және сол қоғамның сол мақсаттарды орындайтын адамдарды қамтамасыз ету қабілетін арттыру үшін тәрбиелеу мен оқыту қажеттілігі себебінен әлемдегі ең кең тараған мамандықтардың бірі.Бағдарламалаушы — есепке талдау жасайтын және оны бағдарламалау тілінде жазатын адам. Негізгі кәсіптік қызмет ретінде бағдарламалау техникалық және ғылыми салаларда қолданылады. 
0,0(0 оценок)
Ответ:
vanechkaerokho
14.02.2021 04:31

Дәрумен жетіспеушілік, авитаминоз – күнделікті ішетін тағамда дәрумендердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не дәрумен синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі дәрумені аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, ағзаға, негізінен көмірсулар (қант, тағы да басқа) ғана түсіп, ақуыз бен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса дәрумен жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы дәрумендер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР дәрумені) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота