Dinho1337
08.12.2021 00:28

Разобрать слова по составу
жасөспірім,қалыспай,иектегі сақалды

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
мпппеекк1
27.11.2021 21:46

Мақсат - жетістіктің желкені.

"Талапты бала талпынған құстай" демекші, мен де әрдайым алға қойған мақсатыма жетуге тырысамын. Маған ешқандай тосқауыл кедергі бола алмайды. Ақырында, көздеген мақсатыма жету үшін тынбай еңбектенемін. Бір айта кететіні, ата - анам үнемі менің бастамаларыма қолдау көрсетіп, құптап отырады. Бұл үлкен сенімді мен де ақтауға тырысамын. Болашақ өміріме қажет болар деп, сабақтан бос уақытта Оқушылар сарайындағы түрлі үйірмелерге қатысып, өз қабілетім мен ерекшеліктерімді сынап көремін. Бірі болмаса екіншісі іске асар деген үмітпен үнемі қозғалыс үстінде боламын. Көп балалардың арман баспалдағы осы жерден, яғни Оқушылар сарайынан бастау алады. Ертеңіне ерінбей қарайтын талапты жастарды жігерлендіріп, ұшқыр қиялын қияға ұшырып, қанаттандырады.

Бүгінгі таңда XXIғасырдың балалары ғылым мен техниканың дамыған заманында өмір сүріп жатқандықтан, оларға барлық мүмкіндіктер жасалған деп ойлаймын.

Әжемнің айтқан әңгімелерін тыңдасам, бұрынғы кезде суды да тасып, отын жағып, телефонмен қоңырау шалу үшін аудандағы поштаға барып, хабарласатын болған.

Ал қазір ше? Заман өзгеру үстінде. Кіммен сөйлесем десеңіз де, үйде сымды телефон, қолыңызда ұялы телефон, жер шарының кез келген жеріне телефон шалу мүмкіндігі бар. Интернеттің дамуы арқасында бұрын – соңды ойламаған жерлермен видео байланыс орнатып, кез – келген университеттің оқытушыларының дәрістерін тыңдап, ірі мұражайларды онлайн режимінде де аралауға болады. Сабаққа қажетті материалдарды да осы Интернет арқылы тауып, мультифункционалды құрылғылар арқылы шығарып алуға болады. Ал бұрын ойлап көріңізші, қағаздың барлығын қолмен жазып, кітапты тек кітапханада дәстүрлі түрде оқуға болатын. Қазір болса, кітапты да электронды түрде жүктеп алып, ыңғайлы кезде оқи аласыз. Шет тілдерін меңгеру үшін шетелде тұратын дос тауып, сөйлесуге де болады. Тіпті шетелдік іргелі оқу орындарының емтихандарын үйде отырып, ғаламтор арқылы тапсыруға болады. Қазір өмір әлдеқайда жеңіл деп есептеймін.

Сондықтан осындай үлкен мүмкіндіктерді пайдаланып, болашақта Қазақстанның беделді азаматы болуым үшін талаптанып, алға ұмтылайық!

0,0(0 оценок)
Ответ:
SashaSvey
08.03.2022 13:18

Мен аралға тап болсам...

Кей кездері қиялдың жетегіне еріп, «мен ешкім тұрмайтын аралға тап болсам, не істер едім?» деген сұраққа жауап іздеймін.

Әрине, ең алдымен қобалжымай, «жас табиғат зерттеушісі» үйірмесінде осы жайлы үйренгенімді еске түсіруім қажет.

Сонымен, кеме немесе ұшақ апаты болған жағдайда барлық адамдарды бір топқа жинау керек. Осылайша өз қауіпсіздігімізді қамтамасыз ету мен жараланған адамдарға көмектесу оңай болады. Одан кейін ұшақта немесе кемеде қалған құнды әрі керекті  заттардың барлығын жинастыру керек. Бұл дегеніміз – түрлі дәрі – дәрмектер, байланыс құралдары, тамақ, киім, көрпелер секілді заттар болуы мүмкін. Одан кейінгі кезекте аралды барлауға шығып, аборигендер, жанартаулар, жабайы жануарлар бар – жоқтығын тексеру қажет. Келесі кезекте ауыз су іздеу керек, көп аралдарды жер асты сулары болады. Болмаған жағдайда жаңбырдың суын жинауға болады. Сосын ұйықтайтын жер мен күн көзінен тығылуға болатын жерді қамдау керек. Жоғарыда айтылған іс – әрекеттерден соң от жағу керек. Оттың көмегімен тамақ пісіріп, жылынып, су қайнатып, киім кептіріп, жабайы жануарлардан қорғануға болады. Және міндетті түрде СОС белгісін беру керек.

Міне, мен ойда жоқта аралға тап болып жатсам, осы іс – әрекеттерді жасайтын едім.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота