Lera111katy
17.01.2020 14:24

1- тапсырма Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Былғары қолғап шебері
Қонақбаев Серік Керімбекұлы 1959 жылы 25 қазан күні Павлодар қаласында дүниеге келген. Әкесі Қонақбаев Керімбек техника ғылымының кандидаты. Шешесі Қонақбаева Балтуған Темірғалиқызы мұғалім болған. Қазақтың атын күллі әлемге танытқан Серік ағамыз КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері атағын 1981 жылы еншілеген. Былғары қолғап шеберіміз Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын 1981 жылы аяқтаса, қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын 1984 жылы бітіріп, маман иесі болған. 1999 жылы Халықаралық Х.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің заңгер-құқықтанушы мамандығын бітірген. Серік Қонақбаев бокспен 14 жасынан бастап айналыса бастады. Спортшының атақтарына келетін болсақ, ол КСРО халықтар спартакиадасының және КСРО чемпионатының күміс жүлдегері, екі мәрте Еуропа чемпионы, әлем кубогінің иегері. Дәл сол жылы әлемнiң ең үздiк боксшысы деген атақ Серiк Қонақбаевқа бұйырған. Әлем кубогінің иегері Мәскеуде өткен ХХІІ Олимпиада ойындарының күміс иегері (1980), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, КСРО чемпионы. Мәскеу Олимпиадасынан кейін жастардың боксқа деген қызығушылығы артып, Серік Қонақбаев оқыған Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтындағы бокспен айналысатын студенттердің саны 40-тан 600-ге дейін өсті. Бұл қазақ боксының дамуына үлкен ықпал етті. 1981-1987 жылдары Серік Керімбекұлы бапкерлік жұмыстар атқарып, коммерциялық «Қазақстан» спорт клубының, ҚР кәсіпқой бокс Федерациясының, ҚР президенті жанындағы ұлттық спорт қорының президенті болды. Ол қазір қазақ туризм және спорт академиясының профессоры. Серік Қонақбаевтың есімі қазақ бокс тарихында алтын әріппен жазылған.
А) Сұрақ:
1) Серік Қонақбаевтың Қазақстанның спорт саласын дамытудағы рөлі қандай деп ойлайсың?
2) Спорт саласында үлкен жетістіктерге жету үшін адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?
3) Серік Қонақбаевтың спорттағы жолы қалай басталды?

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
jamesa99
20.09.2021 23:27
Атау с---электронды пошта, дос, хабарлама, сурет, хат,іні
ілік с--электронды поштаның, достың, хабарламаның, суреттің, хаттың, інімнің
барыс с--элетронды поштаға, досқа, хабарламаға, суретке, хатқа, ініме.
табыс с--электронды поштаны, досты, хабарламаны,суретті, хатты, інімді
жатыс с--электронды поштада, доста, хабарламада, суретте, хатта, інімде
шығыс с--электронды поштадан, достан, хабарламадан ,суреттен, хаттан, інімнен
көмектес с--электронды поштамен, доспен, хабарламамен, суретпен, хатпен, інімен
0,0(0 оценок)
Ответ:
diasj5kz
04.04.2020 20:05
Жақында мен ата-анаммен бірге концертке бардым. Концерт өте қызықты болды, музыканттар домбыра және қобыз аспаптарында ойнады.Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі -  бүкіл жер жүзінде  ұлттық музыкалық өнердің шыңы ретінде танылған, оның сексен үш жылдық тарихы бар. Қазіргі таңда әйгілі оркестр командасында сексен үш дарынды музыкант жұмыс істейді. Оркестрді жас талантты дирижер Арман Жүдебаев басқарады. Оркестрдің репертуарында қырық мыңнан астам туынды бар.ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіндегі Ұлы оркестр «Қазақ күйлерінен әлемдік классикаға дейін», «Әлем халықтарының музыкасы», «Ұлы дала әуендері» концерттер жинағын ұсынады. Концертте қазақ және әлемдік композиторлардың шығармалары бейнеленген. Мен көп нәрсені үйреніп, көп әсерге ие болдым. Осы концертті тамашалауға кеңес беремін. 
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота