iruna4
14.07.2020 18:45

|Үзінділерді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. |1-үзінді. Халқымыз ұл баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қай халықта да ұл бала
тәрбиесі – әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар...» дей отырып, қазақ отбасында әкелер
өзінің білетін бар өнерін ұрпағына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір
сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі
шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсың, отбасының асыраушысысың,
сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып отырған.
2-үзінді.«Қыз қылығымен сүйкімді...» демекші қыздың намысы мен ары, адамгершілігі
оның оқуға, қоғамдық пайдалы істерге, отбасына, құрбы-құрдастары мен ұжымға
қарым-қатынасына байланысты. Әрбір қыз балаға ата-анасын, ұстазын сыйлап, қадірлей
білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін,өз шаңырағын ардақтайтын,
балаларын жанындай көретін қамқор ана, сыпайы жан, нәзік ару шығары сөзсіз. Қыз
баланың бойына сыпайлық, мейірбандық, адалдық, сезімталдық және еңбекқорлық
сияқты қасиеттерді кішкентайынан бастап дарытуды халқымыз өте ежелден қолға алған.
|1.тапсырма 2 мәтінді салыстырыңыз. 1-үзінді мен 2 үзінді кімдер туралы, ашып
жазыңыз.Мақал-мәтелдердің теріп жазыңыз және мағыналарын өз сөзіңізбен жазыңыз.
2.тапсырма ұсынылған суреттердің бірін таңдап, жазбаша мәтін құраңыз; таңдалған
суреттегі іс-әрекеттері туралы жазыңыз; суреттің сюжетін анықтаңыз;


|Үзінділерді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. |1-үзінді. Халқымыз ұл баланың тәрбиесі

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Ульянатв
08.06.2021 19:39

Аргументативті эссе: Театр - көздің тамшысындай мөлдір дүние.

Театрды ойын - сауық орны  дейміз, шынында үңіліп қарасақ бес әріптен тұратын "театр" сөзі адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелейтін бірден-бір орын. Ғабит Мүсіреповтың: "Театр - көздің тамшысындай мөлдір дүние", - деген сөзіне толықтай келісемін. Себебі, бұл талай адамның еңбегі сіңген мәдени ошақ, сабырлықты аса қажет ететін өнер орны.

Театр - өнерлердің ішіндегі ең әдемі, әр түрлі көңіл күйді қамтитын, өнегелі өнердің бір түрі.  Театр өнері іш пысқанда барып тамашалайтын дүние емес, бұл арнайы барып, туындыдан рахат алатын дүние. Ол тұнып тұрған мәдениет, эстетика, өнер және рухани құндылық. Өкінішке орай, қазіргі заманда осындай өнер түрін бағалайтын адамдар кемде-кем.  

Театр ұғымы ежелден қалыптасып келе жатыр. Бұрынғы кезде "бір елдің мәдениетін білгің келсе театрына бар" деген екен. Кейін заман дами келе театрлар ұмыт қалып, орнын заманауи техникалалар басты. Қазіргі уақытта театрға қызығушылық артып, көрермен көбейту мақтасында танымдық қойылымдар жүргізіледі.

Театрға баруға өз басым кеңес беремін!

Объяснение:

Барлығы жайылма сөйлем. Жалаң сөйлем жоқ.

Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейміз. Мысалы: Театрға барды, қойылым тамашаладым.

0,0(0 оценок)
Ответ:
MrDabilin
25.05.2021 21:21

"Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.

Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады. Қазақстанда, оның елордасы Астанада достық пен бірлікті нығайту сөз жүзінде қалмай. күнделікті іс-әрекетімізде басшылыққа алынған. Бүгінгі күн көпұлтты мемлекетімізді мекендейтін халықтар достығының, бірлігінің және бейбітшіліктің символы болсын.

Қазақстанның көпұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы нығая берсін! Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысайық. Береке-брлігіміз арта берсін, ағайын!

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді. Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді – сақтау Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота