
Тіл — халықтың бар байлығы және бейнесі. Әр халық өз ана тілін біліп қана қоймай, құрметтей білуі де керек. Тілсіз ұлт болуы мүмкін деп ойламаймын. Тіл — ана сүтімен бірге еніп, балалық шағыңнан бастап, өмір бойы сенің қолдаушың әрі көмекшің болады.
Менің ана тілім — құдіретті әрі бай қазақ тілі. Қазақ тілі әлемдегі ең қиын тілдердің бірі болып табылады. Қазақ халқы түркі тілдес халық болып саналады. Қазақ тілінің құдыреті шексіз ғой! Әрине, қазақ тілінде де кей кемшіліктер бар. Олар паразит сөздер мен қате аудармалар. Паразит сөздерден арылсақ керемет болар еді! «мен уже тапсырмаларды орындап қойдым» деп айтып жатамыз. Бірақ қазақ тілінде «уже» деген сөз жоқ. Ол паразит сөз. Біз банан деген жемісті «сарықисық» деп аударып жатамыз. Бұлда дұрыс емес! Бұл қорлау демей немене?! Қазақ тілінің бай екенін паш ететін уақыт келіп жетті. Таза қазақша сөйлейтін уақыт жетті. Қазақ елінің ана тіліне барша ел таңғала қарайтынына мен сенімдімін. Қазақ тілі өте бай тіл! Мен ана тілімді мақтан тұтамын.
Сыбайлас жемқорлықтың қоғамдық қауіптілігі:
Билік басындағы тұлғалар жеке пайдасын көздеп мемлекеттік саясатта айтқандарын жүргізеді, сол әрекетімен билікке кең көлемде әсер етеді, бұл қоғамдық пайданы іске асыру үшін жасалатын билік қызметінен де бірнеше есе асып түседі. Қоғам өміріне барынша ықпал жасайтын маңызды шешімдер сыбайластық негізінде қабылданады немесе түрлі үлгідегі «көлеңкелі фигераларға» тәуелді болғандықтан сыбайластарды жасыру үшін жасалады.
Сыбайлас жемқорлықтан келетін тікелей шығындар мемлекеттік бюджеттің табысын азайтады, өндірілетін жалпы ұлттық өнім көлемі жанама түрде азаяды.
Сыбайлас жемқорлық көлеңкем экономиканы кеңейтеді, бәсекелестікке кері әсерін тигізеді, себебі «пара» бәсекелестік емес мүмкіндіктер жасайды. Бұл нарықтық қатынастарды бұзады, жалпы экономика тиімділігі төмендейді, есесіне жаңа сыбайлас монополиялар құрған, көбінесе ұйымдасқан қылмыспен байланысы бар экономикалық қатынастар орнайды.
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің нарықтық ойындар ережелерді адал, таза ұстауды қамтамасыз ететін мүмкіндігінің айырады, бұл нарықтық идеяның өзіне сенімсіздік туғызады,«орбитрд судья» қызметін атқаратын мемлекеттің беделін түсіреді.