сахарок191
16.06.2020 06:48

Қазақ салты Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен («Айқыш-ұйқыш», «Ақ серек пен көк серек», «Алқа қотан», т.б.), ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталатын.
Наурыздан кейінгі 2-ші күні жұрт жаппай көктемгі егіске кірісетін. Малшы қауым да төл алуға қатысты іс-қарекетімен айналысатын. Наурызды кейінге қалдыра тұратын ауылдардың өзінде де мейрамнан кейінгі 2-ші күні жаппай егіске кірісетін.
Наурыздың 22 күні Наурыз мейрамы (жаңа жыл) екенін қазақ баласының көбі біледі. Наурыз туралы көптен бері, жыл сайын газеттерде жазылып келеді. Бұл мейрам бүкіл ұлтқа ортақ. Тегінде Наурыз ұлт мейрамы болғандағының үстіне оның тарихи маңызының тереңдігі бар. Ызғарлы қыстың кетіп, жан иесі өмір қуатын туғызған жыл, жаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен қатар қазақ елі де қуанатын. ˝Қыс бойы өлімнің есігін күзетіп, үңгірде жатқан кәрі құйрық, мертік-шортықтар да қыбырлап дүниеде бар екендіктерін білгізе бастайтын, аурулар сауығамын деп, аттар тойынамын деп, жалаңаштар киімсіз де күн көремін˝ дегендей жұрттың бәріне үміт, әркім де жылы шырай сезіне бастап, ˝бәріміз де табиғаттың бергеніне ортақпыз˝ дегендей сағынышты көрісулері, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы алатын. ˝Бүгінгі күні Самарқанның көк тасы да жібіпті˝, - десіп Наурыз күні пейілін кеңітпеген адамды тастан да қатты қылып шығарғысы келіп, аңыз қылысатын.[3]

2-мәтін Наурыз
Ақпан кетті араз боп наурызбен,
Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп.
Көктем жетті көрісіп, жанын үзген,
Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.
Көктем жетті көл-көсір шуақ қуып,
Қыс барады қиылып, жылап тұрып.
Шатырында үйлердің наурыз жүр,
Мұз көргісін ақпанның лақтырып.
Тозған тонын бойына кие алмай бір,
Қайда барса қарт Аяз сыя алмай жүр.
Асқар таулар атасын шақырады,
Ой мен қырын атасы қия алмай жүр.
Қарар емес наурыз атағына,
Алар емес ақпанды қатарына.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
respons
25.12.2022 04:19
1998 жылы 6 мамырда - еліміз президенті Н.Ә. Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылғы 10 маусымнан- жаңа астананың ресми тұсаукесері болып өтті. Содан бері осы күн Астана қаласының туған күні ретінде мерекеленеді.

«Астана-бас қала» - деп айтылуында үлкен сыр жатқан секілді. Ата-анаммен Астана қаласына Қала күнін атап өтуге барғанымда оған мен көз жеткіздім. Жаңа астанада бой көтеріп жатқан көп қабатты үйлер жаңаша сәнмен, ерекше көрікпен салынып жатыр екен. Қаланың әсемдігіне қарап көзің тоймайды. Шет елдердегі қалалар секілді. Жаңа қаланың ортасынан бой көтерген Бәйтеректің, Ақ орданың, Үкімет үйібәрі-бәрі де ерекше сәнмен орын тепкен. Әсіресе алаңқайларға егілген,қазақша өрнекпен бейнеленген қызыл- жасылды гүлдер, жан-жағына салқын леп таратып тұрған түрлі-түсті фонтандар, халқымыздың ертегі-дастандарынан алынған ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері менің көз алдымнан ешқашанда кетпейтін шығар. Сонда жүріп жанымда сыныптас достарым болмағанына өкіндім. Мүмкін биылғы оқу жылында сыныпымызбен ұйымдасқан түрде Астана қаласына барармыз деп ойлаймын. Бұл менің ғана емес, көптеген достарымның арманы. Ал жақсы нәрсені армандау, жақсы ниет жасау кез-келегн қазақ баласына тән қасиет.
0,0(0 оценок)
Ответ:
grenika
26.09.2021 19:33
Алматының ресми тарихы 1854 жылдан басталады. Алматы өзенінің жағасында салынған бекініс көп ұзамай Верный деген атқа ие болған. Алайда ХVІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген мемлекет қайраткері, ақын Захириддин Мұхаммед Бабырдың шығармасында болашақ Алматының орнында Алмату атты ортағасырлық қала болғаны айтылады. «Үлкен Алматы» аймағын адамдар ерте кезден-ақ игерген. Х-ІХ ғасырларда мұнда отырықшы мекендер болған, олардың тұрғындары егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысқан. Қаланың сол жақ шетіндегі шағын мекенжайдан табылған қыш ыдыстардың Ферғанадан табылған ыдыстарға ұқсас болуы осы екі аймақ арасында қола дәуірінің. Алматының ресми тарихы 1854 жылдан басталады. Алматы өзенінің жағасында салынған бекініс көп ұзамай Верный деген атқа ие болған. Алайда ХVІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген мемлекет қайраткері, ақын Захириддин Мұхаммед Бабырдың шығармасында болашақ Алматының орнында Алмату атты ортағасырлық қала болғаны айтылады. «Үлкен Алматы» аймағын адамдар ерте кезден-ақ игерген. Х-ІХ ғасырларда мұнда отырықшы мекендер болған, олардың тұрғындары егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысқан.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота