DisasterYt
20.05.2023 15:15

3-тапсырма Мәтінді мұқият оқи отырып, екі мәтінді салыстырып, олардың тілі мен стилінің формасын, ұқсастығын және айырмашылығын салыстырып жазыңыз.

1-мәтін

Ұлттық арнаның көрермендері – біздің достарымыз

Қазақстанның телеарналарында қазақша еркін сөйлейтін өзге ұлт өкілдері көбейіп келеді. Мая Веронская, Ирина Ким, Оксана Лоскутова, Оксана Питерс сынды журналистер қазақ тілін шебер меңгеріп, көгілдір экранның сәніне айналып, елді қуантуда. Біз солардың ізімен жүріп келе жатқан, бүгінде қазақ тілді көрермендердің көзайымына айналған «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Таңшолпан» ақпараттықсазды бағдарламасының жүргізушісі Ирина Тенмен аз-кем сұхбаттасқан едік. – Ирина, «Таңшолпан» шығармашылық ұжымына бейімделу қиынға соқпады ма?
– «Таңшолпан» ұжымына келгенде, шынымды айтсам, көңілділер мен тапқырлар клубына кіріп кеткендей әсер алдым. Ұжым қызметкерлері шетінен тапқыр, қазақы қалжыңмен орағытып әкеткенде бір күніңнің қалай өтіп кеткенін сезбей де қаласың. Ал мәселе жұмыс жағына ауысқанда, әрқайсысы өз істеріне жетік, қандай тақырыпқа салсаң да қамшы салдырмайтын қыз-жігіттер. Бірін аға, бірін әпке тұтып, таңғы бағдарламаның қиындығынан қызығы басым, қуанышы көп екендігіне тәнті болдым.
– Қазақ тілін жетік меңгеруіңе кімдер ықпал етті?
– Менің туған жерім – Қызылорда облысының Арал өңірі. Қазақ халқының салтдәстүрінің қаймағы бұзылмаған, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсететін құтты аймақта өскенімді мақтан тұтамын. Өзімді қоршаған жора-жолдас, ұстаздарымның арқасында қазақ тілін жетік меңгердім. Әйтсе де, білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз» деген сөздің жаны бар екен. Білгенімнен білмегенім көп. Әріптестерім дайындаған небір ЖОБА 58 танымдық сюжеттер арқылы сөздік қорымды байытуға, білім көкжиегімді кеңейтуге мол мүмкіндік алдым. – «Таңшолпанның» тұрақты, ең белсенді көрермендерімен тікелей араласқан кездерің болды ма? – «Таңшолпан» көрермендермен байланысты нығайту үшін көптеген байқаулар ұйымдастырады. Бұдан бөлек күн сайын таңғы эфир арқылы танымдық сауалдар жолдаймыз. Хабарымызға атсалысып, белсенді түрде хабарласатындарға сый-сияпатымыз да әрқашан дайын. Көпшіліктің «Таңшолпанға» тұрақты хабарласатындығын ескеріп, «Таңшолпанның» 20 жылдық мерейтойында үздіктерді марапаттаған болатынбыз. Сол кезде Атыраудан тағдыр тауқыметіне мойымаған Дүйсенәлі аға, ал Мойынқұмнан Бекмұрат мырза, Алматыдан Серғазы замандасымыз келді. Ұлттық арнаны тамашалаушылар – біздің досымыз деп білемін. Алда да талай қызықты кездесулер күтіп тұр деген сенімдемін. Біз көрермендер үшін қызмет етеміз, олардың көңілінен шығуға тырысамыз.

2-мәтін
Достығымыз әлемге әйгілі

Ел халқын шынайы отансүйгіш әрі нағыз азамат етіп қалыптастыру міндеттерін жүзеге асыру мен әр ұлт өкілінің бойында «мен қазақстандықпын», «мен Қазақстан Республикасынанмын» деген мақтаныш сезімді негіздеу Қазақстанның мемлекеттік саясатының басты өзегі. Мемлекет тарапынан ұтымды жүргізілген саясат әрбір қоғам мүшесінің бойында демократиялық құндылықтар мен жалпықазақстандық идеяны орнықтырудың баяндылығына кепіл болмақ. Осыған байланысты көптеген ұлттар өкілдері топтасқан мемлекет үшін елдегі ұлттық саяси ақуалды үнемі бақылап, реттеп отыру, ұлттық шығу тегіне қарамастан барлық қоғам мүшелерінің өмірдің түрлі салаларында толыққанды дамуы мен жетілуін қамтамасыз ету ең басты мәселелердің бірі. Осындай даму жолының тиімділігіне барлық өркениетті елдердің тәжірибесі айғақ. Бұл жайтты ұлтаралық жарасым саясатын ұстанушы Қазақстан қоғамынан да көре аламыз. Өтпелі кезең жағдайында қоғамдағы ұлтаралық қарымқатынастар мәселесі бұрынғыдан да өзекті мәнге ие болды. Бұл ретте Қазақстан Республикасы ынтымағы жарасқан көп ұлтты халықтың теңдігін қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда. Оның негізгі тұжырымдары демократиялық үлгідегі халықаралық құқық ережелері мен ұстанымдарына сай келетін еліміздің басты Заңы – Конституцияға сәйкес ұлтаралық қарым-қатынастар саясатына қайшы келетін, қоғамда жікшілдікті, шиеленісті, араздықты туындатуға жол беруге тыйым салынған.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Plild
16.11.2021 10:24

Кәзіргі балалар телефоннан бас көтермейді.Телефонда отыра беріп уақыт қалай тез өтіп кеткенін байқамай қаласың.Қәзір телефонның кесірінен балалар,18-20 дағы адамдар әр түрлі авария құрып жатыр.2018-інші жылы “Синий Кит” деген сайт болған.Ол сайтқа кірсең саған әр түрлі тапсырмалар береді,егер сен ол тапсырмаларды орындамасаң сенің отбасыңды,туыстарыңды пышақтап тастаймыз деп қауып төндіреді.1.тапсырмасы қолыңа пышақпен киттың суретін сал дейді.Кейбір сайттар өтірік айтып сені қарызға салып жіберуі мүмкін.

Мысалы:егер сен осы сайтты бассаң сен бір миллион ұтып аласың деп өтірік айтады.Мен бірлетте сол сайтқа кіріп көрген кезде маған дым берменді.Бірақ келесі күні ұйқыдан тұрып қарасам менің телефоныма қарыздар келіп жатты.Сол барлық ақшаны санасаң онмың теңге шықты.

Объяснение:

как-то так)

0,0(0 оценок)
Ответ:
динакоровина
13.07.2020 19:48

Әссе-Батыр Баян поэмасы -Мағжан Жұмабаевтың қаламынан туған шоқтығы биік шығармаларының бірі.Бұл поэма ҚАЗАҚ топырағында туған тұңғыщ психологиялық поэма.Шығармада Баянның елін,сатып қалмақ қызымен бірге қащқан!)туған бауыры Ноян мен сүйген қызы Бөбекті өз қолымен атуы,керек деген!?)Кейін қалмақ тармен соғыста қаза табуы баяндалған.Баянның бұл әрекеті біз үшін құпия түрде қалды!.Батыр Баянның барлығында,жаугершілігінде шек жоқ)Ол бір өзі талай жаудың бетін қайтаруға әлі жетеді!

Объяснение:

эссе жазып бердм лайк бал басңдарщы

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота