Тәуелсіздік - ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Тәуелсіздік бізге бір күнде берілген жоқ, оның тарихы тым тереңде.
Кешегі 90 жылдары, тәуелсіздіктің ақ таңы атып, қазақ өз тамырынан, өзегінен нәр ала бастады. Әрине, бұл күнде Қазақстан әлем таныған елдердің қатарында. Өзін тану, өз болмысын түпкілікті білуге деген құштарлық тәуелсіздіктің алғашқы тұсында үлкен екпінмен басталған-ды. Тарихтың ақтаңдақ беттері ашылып, кешегі күнімізге еркін үңіле бастадық. Мұның барлығы жарқын тәуелсіздіктің арқасы. Бұл күнге қазақ елі оңай жеткен жоқ, қаншама қиын-қыстау зұлмат күндерді басынан өткізді. Қазақ жазушылары өткен күндердің куәсі ретінде, сол кезеңдердегі тарихи шындықты, нақты қоғамдық өмірді бейнелейтін том-том кітаптар, кесек-кесек туындылар жазды. Тарихын білмейтін ұлттың болашағы бұлыңғыр. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында ҚазАқпарат халықаралық ақпараттық агенттігі ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ атты жаңа жобаны іске қоспақ. Бұнда оқырман назарына еліміздің танымал жазушылары жазған, кешегі күніміздің келбетін көз алдымызға әкелетін құнды шығармалар ұсынылмақ.
Бұл жобаның басты мақсаты: Еліміздің тарих қойнауына кеткен кезеңдеріне, қоғамдық өміріне қайта үңілу, сол арқылы жас ұрпаққа бүгінгі жарқын тәуелсіздіктің қадірін сезіндіру, маңызын ұғындыру, сонымен бірге қазіргі ақпараттық заманда құнды шығармаларды интернет тіліне аударып оқырманымен қайта қауыштыру.
...Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты оқиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды. Сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін (Н.Назарбаев)
Қазақ халқы асты жоғары бағалап, қадірлей білген. Сондықтан қазақтар адам қажеттіліктерінің ішінде тағамды жоғары қойған. «Астан үлкен емессің», «Ерді қорласаң састырар, асты қорласаң құстырар» деген секілді ескертпе сөздер, мақал- мәтелдер осының дәлелі. Қай заманда, қалай айтылғанына қарамастан, халық асты құрметтеудің жолын, оны әзірлеудің көзін, ретін таба білген.Менің сүйікті асым-бешбармақ! Қазақтың ұлтттық тағамы! Қазақша ет (бесбармақ, бешбармақ) асқанда ең алдымен жіліктеп бұзылған етті адам санына қарай мөлшерлейді. Тойға немесе қонақ асыға көбінесе қой сойылады. Қой еті жіліктенгенде 13 мүшеге бөлінеді. Олар жамбас - 2, ортан жілік – 2, асықты жілік – 2, беломыртқа – 1, сүбе – 2 (сүбемен бірге бүйректен жоғарғы 5 қабырға кетеді), қабырға -2, төс – 1, омыртқа -1, жауырын -2, тоқпан жілік – 2, кәрі жілік – 2, бұғана – 1, мойын Осылай асуға дайындалған етті жуып-шайып тазалап, қазанға салады да, ет батып тұратындай етіп суық су құяды. Содан кейін қазанды қатты жанған отқа қойып, сарқылдатып қайнатады, бетіне шыққан қанды көбігін алып тастап, шамалап тұз, 1 бас пияз салып отын басады да, 1-1,5 сағат ет әбден піскенше шымырлатып қайнатады. Ет әбден піскен соң табаққа сорпасынан бөлек қотарып алып, тартылған табақтың санына қарай мөлшерлеп тұздық әзірлейді. Ол үшін сорпаға қара бұрыш, дөңгелектеп тұралған пияз салып, ыдыстың бетін жауып бұқтырып қояды. Ет туралып болған соң тұздықты еттің үстіне құяды. Әдетте кәделі жіліктермен бірге сыйлы қонақтарға малдың басын, (қой), ірі қараның шекесін, қазы, қарта, жал-жаяны табаққа бірге салып береді.Сонымен бірге қамыр, бітеу пісірілген картоп қосуға да болады.