умница601
14.02.2020 20:50

1-мәтін Наурыз мерекесі әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. Орта Азия халықтарында бес мың жыл бойы аталып өтілуде. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны береді.
Ежелгі жыл санағы бойынша, 22 наурызда күн мен түн теңеседі. Наурыз – жылдың бірінші күні, жыл басы, көктемнің алғашқы айы. Наурыз мерекесін қазақ халқы «Армысың, Әз Наурыз!», «Әз болмай, мәз болмас» деп қарсы алған.
Наурыз мейрамы – діни мереке емес. Бұл қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады. Қазақ халқы бұл күні дүниеге келген қыз балаларға Наурыз, Наурызгүл, Наурызжан, ер балаларға Наурызбай, Наурызбек, Наурызхан деген есім берген.
1926 жылдан бастап, тоталитарлық жүйенің ықпалымен наурыз мерекесін тойлауға тыйым салынды. Көп жылдар бойы ұмытылып, сынын жоғалтқан мереке 1988 жылдан бері қайта жаңғырып, Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі өз жалғасын тапты.
Дереккөзі: https://massaget.kz/arnayyi_jobalar/22-nauriz/9266/
2-мәтін

Ұлыс күні
Мақсұт Неталиев

Су жылтырап бүрін ашқан жас талдан,
Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.
Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,
Бар тіршілік Наурыздан басталған!

Ел де тыныш!
Жер де тыныш – бұл күні,
Көреміз тек қуаныш пен күлкіні.
Табысқан жұрт таныс тауып жатады,
Жамалғандай жүректердің жыртығы!

Саф тыйылып Сарыарқаның бораны,
Күн өрлейді күмбезінен жоғары.
Наурыздың жиырма екісі толғанда,
Тоғысады тоғыз жолдың торабы…
Жылғалардан су аққанда сырғанап,
Шаң-тозаңнан тазарады нұрлы алап.
Толтырады шаңырақтың шаттығын –
Наурызбай, Ұлысжандар – іңгәлап?!

Жалғасады жақсылықтар – «Иә, сәт!»
Қарлығаштар үй сыртына ұя сап –
Жүрсе, Бақыт қонатынын хабарлап,
Бұлт көшеді ақ жаңбырын құя сап!

Жат боп бұрын бастары ешбір қосылмай,
Жүрген жандар таныс тапса – досындай.
Ол – осынау Наурыздың арқасы! –
«Ұлыс күннің» шапағаты осындай!

Дереккөз: https://martebe.kz/22-nauryzga-arnalgan-olender/

1. Екі мәтінге ортақ тақырыпты анықта.
А) Орта Азия халықтарының мерекесі
Ә) Тыйым салынған мереке
Б) Наурыз – парсы сөзі
В) Тіршіліктің бастауы – Наурыз
[1]
2. Екі мәтінді кестедегі аспектілер бойынша салыстыр.
Салыстыру аспектілері 1-мәтін 2-мәтін
Мәтін түрі
Мәтін жанры
Мәтін стилі
Тілдік қолданыстар

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
sonyacherepanova
23.04.2022 14:46

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда.

Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
happiness19854p06jm5
15.01.2020 09:51

Менің Қазақстаным Менің туып, өскен жерім- Егемен ел Қазақстан. Қазақстан тәуелсіз, ұлан байтақ, егеменді ел. Қазақстан Республикасының рәміздері- ұлт мақтанышы.Республикамыздың үш мемлекеттік рәміздері бар: ту, елтаңба, әнұран.Туда бейнеленген көк түс- көгілдір және ашық аспанымыз, қалықтап ұшқан қыран бейбітшілік пен бостандығымыздың бейнесі. Елтаңбада шаңырақ, қос пырақ, жұлдызша және «қазақстан» деп жазылған таңба бар. Әнұран- әр қазақ баласының патриоттық сезімін тудырары хақ. Қазақстан – көпұлтты, унитарлы, тәуелсіз мемлекет. Әлем таныған Отанымызда жүз отыз ұлт пен ұлыс өкілдері бір үйдің баласындай достық пен татулықта, жарасымды бірлікте қоян-қолтық өмір сүруде. Біз – ынтымағы жарасқан елміз. Қиын- қыстау кезеңде тағдырлары табыстырған халқымыз бір шаңырақтың астында сүттей ұйып өмір сүріп жатыр.Ал мемлекеттік тілі- қазақ тілі. Қазақстанда қазақ және орыс тілдер бір қалыпты қолданылады. Өйткені, қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ал орыс тілі-ұлтаралық тіл. Қазақстанның әрбір азаматы мемлекеттік тілді меңгеру және білу керек. Көзді ашып жұмғанша астанамыз – Астана қаласы – Елордамыз мінекей, күн сайын сұлуланып көркейе түсуде. Мен Қазақстан Республикасында туып өстім. Кіндігімді кескен жер де Қазақстан. Ата- анам мені туған жерімді сүюге, қадірлеуге кішкентай жасымнан үйретуде. Қазақстан мен үшін ең қадірлі жер болып табылады. Мен туған жерімді шын жүректен сүйемін және де мәңгі бақи сүйіп өтемін!

Қазақстан менің жерім, менің елім,

Қадірлеп, қастерлеп сені өтемін, - деп ақын жырында айтқандай, мен болашақта мамандығым қандай болса да, елім үшін тер төгіп гүлденіп көркеюіне өз үлесімді қосамын!

Кішкентай ғана жүрегім әрқашан Отаным деп соғады. Мен өз Қазақстанымдай байтақ елімді мақтан тұтамын!

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота