(Диалогты қазақшаға аудару).
- Сәлем,Роман!
- Қайырлы таң,Артём!
- Сен кеше жаңалықтарды қарадың ба?
- Жоқ, ал онда не болды?
- Кеше президентіміздің елге Жолдауы жайлы айтылды.
- Мәссаған,ал Жолдау не туралы?
- Онда президент "Қазақстан 2050" стратегиясын қозғады, мемлекетіміздің басты жеті құндылығын атап өтті. Айтпақшы, сен қандай құндылықтарды білесің?
- Хм,әлбетте,қызық сұрақ.Мүмкін,басты құндылықтар – тәуелсіздік,астанамыз, елдің бірлігі, рухани және мәдени дамуы шығар.
- Ия,сен өте дұрыс айттың. Ал сен "Қазақстан 2050" стратегиясы туралы не білесің?
- Өкінішке орай, ештеңе. Мүмкін сен маған айтарсың?
- Бұл стратегия жастарға бағытталған. Басты мақсаты - әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру.
- Бұл біздің мемлекетіміз үшін маңызды қадам.Жарайды, маған кету керек.Рахмет және кездескенше.
- Кездескенше!
1)Айдос өзінің тәтесі Майраның жасырып жүрген сыры бар екенін біліп алды
2)Әр ғасырдың ғалымдары жаңалық ашуға ұмтылған болатын
3)Білім басы - бейнет, соңы - зейнет демекші бақытты өмірдің кілті білімде
4)Статистика бойынша біздің планетамызда өз тәуелсіздігін алған 258 ел бар
5)Болашақта білікті маман болып шығу үшін білім нәрімен көп сусындау керек
6)Мұрат сөзінің мағынасы «Белгілі бір істі, жоспарды орындау жолындағы ойлы мақсат» деген мағынаны береді
8)Абай өз уақытында шығыстың атақты шығармаларын көп оқыған еді
9)Адам өз жаратылысында маймылдан жаратылған деседі, бірақ Құранда адамдар топырақтан жаратылған делінген