керемет ән, әуен кімді болмасын толқытып әкетеді. Алайда әннің де естісі бар есері бар демекші тәрбиелік мәні төмен, мағынасына ел түсінбес әнді тыңдағанымыз жат қылық болары анық. сол үшін құлағым бар екен деп кез келген әнді тыңдауымызға болмайды.Алайда ән тыңдаған әркімге болсын ұнайды. Халқымызда бір бала, қызылқұм,елім ай, әдемі қыз секілді өте ырғақты қайталанбас ажары бар әндер жетерлік. Мереке кезінде де қайғы кезіндеде бар эмоциямызды әнмен шертеміз. Өмірге келгн кез келген бір адам әсем ырғақты әнді естігені анық. Міне сондықтан ән көңілдің ажары
Объяснение:
Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, шығыстанушы, тарихшы, этнолог, географ, фольклортанушы, суретші Шоқан Уәлиханов 1835 жылы қазіргі Қостанай облысы аумағында Сарыкөл ауданының Күнтимес қыстауында дүниеге келген. Бабасы Абылай Қазақ ордасының, атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Ал Шоқанның әкесі Шыңғыс аға сұлтан ретінде Аманқарағай округін билеген.Шоқанның азан шақырылып қойылған аты – Мұхаммед – Ханафия. Мұхаммед пайғамбардың күйеубаласы хазірет Әлидің ең батыр ұлының құрметіне әрі «болашақтың Мұхаммед-Ханафиясы болар ма екен?» деген тілекпен Қалқай ишан балаға осы атты қояды. Бірақ анасы Зейнептің оған тілі келмей, сәбиін «Қанаш» деп, ал былайғы жұрт «Шоқан» деп атап кетеді.