отбасы - шағын мемлекет деп айтып жүруіміз текке емес. Ол, әрине, оңайшылықпен құрылмайтыны кім-кімге болса да белгілі. Бірақ ең бірінші адам жүрегінде соған деген таза ниет, ақ пейіл, ыстық махаббат болуы шарт. Осындай ып-ыстық, тап-таза, тұп-тұнық сезіммен, сыйластықпен шаңырақ көтерген жастардың үйі бүгінде баланың былдырына, ойыншықтың сылдырына толы. Ауыз толтырып, көпшілікке үлгі етуге тұрарлықтай отбасына қызықпайтын адам кемде кем шығар, сірә?! Олай болса, ұрпақ тәрбиелеуде ұлттық құндылықтың жібін күні бүгінге дейін үзбеудің жолын көздеген, отбасындағы әкенің рөлін, беделін үнемі жоғары қойып, ананың табанында жаннат барын тәй-тәй басқан балаларына күндіз-түні айтудан шаршамаған, әр баласын еліне адал да әділ қызмет ететіндей тәрбиелеп келе жатқан
-Сәлем!
-Сәлем!
-Жақында наурыз мерекесі болады.Сен ол мереке жайлы білесің бе?
-Жоқ. Маған Наурыз жайлы айтып берші.
-Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Оны Ұлыстың Ұлы күні деп те атайды. Туыс-ағайын бір-бірін қонаққа шақырады, ақсақалдар батасын беріп наурыз-көжеден бәрі ауыз тиеді. Сен наурыз-къженің дәмін татып көрдің бе?
-Жоқ. Ол қалай дайындалады?
-Наурызда әрбір қазақ үйінде наурыз-көже дайындалады.
Оған жеті түрлі бидай түрін, сүрленген ет,су,тұз қосады.Ммм, шіркін тіл үйіретін дәмі естен кетпейді!
-Дәмі керемет шығар, менің Наурыз мейрамын енді күні-түні күтетін болдым.
-Сен әлі бәрін естімедің ғой! Бұл күні тойдың көкесін көрерсің! Палуандар күресі, көкпар,асық ату деген қазақтың ұлттық ойындары өткізіледі. Қазақ халқы ерте заманнан келген Наурызда ағаш отырғызу дәстүрін де ұмытқан жоқ.
-Мәссаған! Қандай тамаша! Мен осы жылы Наурызды өткізіп алмаспын!
-Ендеше мен сені біздің үйге Наурызды қарсы алуға шақырамын!
-Қонақжайлығыңа рахмет!
-Келесі кездескенше,сау бол!
- Сау бол!