Отан - елдің анасы
Ер - елдің анасы
Отан қадіріне жетпеген,
өз қадіріне жетпейді.
Отан үшін күрес,
Ерге тиген үлес.
Отан – оттан да ыстық
Отан қуат - отбасы шуақ
Отан отбасынан басталады.
Отанды сүю – отбасынан басталады.
Орағың өткір болса,қарың талмайды,
Отаның берік болса жауың алмайды.
Отансыз адам - ормансыз бұлбұл
Алтын ұяң – отан қымбат.
Ер - елінде,
Гүл жерінде.
Ел іші – алтын бесік
Ауылым - алтын бесігім
Өз елің – алтын бесігің,
Еңбекпен бағыт егіз.
Өзге елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Ел мен жер егіз.
Туған жердей ел болмас,
Туған елдей ел болмас.
Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.
Жат жердің қаршығасынан ,
Өз еліңнің қарғасы артық.
Егілмеген жер жетім,
Елінен айрылған ер жетім.
Ұлтарақтай болсада,
Ата қонысы жер қымбат.
Ат төбеліндей болсада,
Туып өскен ел қымбат.
Ел – елдің бәрі жақсы,
Өз елің бәрінен жақсы.
Бұлбұл гүлзарын сүйеді,
Адал адам отанын сүйеді.
Ит тойған жеріне,
Ер туған жеріне.
Туған жер - тұғырың,
Туған ел - қыдырың.
Туған жердің жуасы да тәтті.
Сәлеметсіздер ме, ардақты ата мен әже! Калдарыңыз қалай? Ауылдың жайы орынша ма? Менің құлынымның қалы жақсы ма? Бірталай болып, өсіп қалған да шығар. Сіздерді қатты сағынып жүрмін. Ауырға барғым келіп жүр. Ата-анам болса, мені жіберер емес. "Сабағыңды окы" дейді. Сол себептен сіздерге хат жазуға бел будым. Сабағым өте жаксы, осы тоқсанды беске аяқтадым. Бар болғаны, жаратылыстану сабағынан қиналып жүрмін. Сол себептен, осы демалыс бойы жануарлар мен өсімдіктер жайлы кітап окимын деп шештім. Айтуға ұмытып кетіппін ғой! Бiз үйге мысық алған болатынбыз. Атын "алакай" деп қойдық. Сөйтіп, менің кіші Досым пайда болды. Мен сіздерді өте қатты жақсы көремін. Сіздерден жауап күтемін.
-Ізгi тiлекпен: (өз атың)