Қазақстанда ультра - күлгін сәуле жоққа жақын. Наурыз айынан бастап ол сәуле молая береді де, маусым, шілде айларында көбею шегіне жетеді. Одан кейін керісінше азаяды. Тәулік ішінде сағат 10 - нан бастап сағат 13 - ке дейін көп болады да, 15 сағаттан бастап азаяды.Жас баланы күннің көзіне сағат 10 - 12 - нің аралығында шығару керек. Далаға шығаруды алғашқыда сәуірден қыркүйектің аяғына дейінгі аралықта күн сайын 5 минуттан қосып отыру керек, ал қазаннан наурыздың аяғына дейінгі аралықта күн сайын 2 минуттан ұзарту жөн. Күнбе - күн осындай мөлшерде көбейте отырып, 2 - 3 сағатқа жеткізу керек.
«Ортеке» күйі арқылы ойналатын қуыршақ ойыны ерте замандарда балаларға домбыра үйретіп, олардың өнерлі болып өсуіне де зор үлес қосқан. Балалардың неге қызықса соны тез үйреніп алатын қасиетін жақсы білген бабаларымыз жаңағыдай қуыршағы арқылы балаларды қызықтырып отырған.
Белгілі зерттеуші, ғалым А.Жұбанов 1935 жылы «Казахстанская правда» газетіне мақала жариялап, «Ортеке» қуыршақ биі туралы деректер келтірген. Онда: "Ойын кезінде қуыршақ секіріп, бірде орғып, әртүрлі бұрылыстар жасайды. Кейбір кезде домбырашылар оған жылқының, еркек пен әйелдің бейнелерін қосатын болған. Олар әуеннің ырғағымен билейді. Шебер орындаушы домбырада күй тартып, жоғарыда атап өткен бейнелерді түрлі қимылдарға келтіріп, бірде секіртіп, бірде жүгірткен. Яғни, секірген теке қимылдарын жасай білген", - деп жазған.
Ортеке қуыршағы әртүрлі көлемде болады. Ол негізінен жасаушының ойлау ерекшелігі мен шертушінің шеберлігіне байланысты. Күйші Абдулхамит Райымбергенов: «Бұрынғы мезетте үш ортекені – «Ата ортеке», «Әке ортеке», «Бала ортекені» ойнатқан. Бір адам ең көп дегенде төрт ортекені саусағына ілінген жіптер арқылы басқарып, күй ырғағына билете алады», – дейді. Ал атақты күйші Мұрат Өскенбаев «Сегіз лақ» күйін тартқан кезде сегіз текені тұғырға орнатпай-ақ жерге қойып ойнатқан деседі.
Ел ішінде осы «Ортеке» қуыршақ күйінің шығуы туралы түрлі аңыздар бар. Солардың ішінде бір-біріне қарама-қайшы келетін екі нұсқасына тоқталуды жөн көрдік. Екі аңыздың да астарында ұлтымыздың табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен өзара түсіністігі жатыр.