ayazhanbeibit51
05.07.2021 04:31

Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап беріңіз. ХIХ ғасырдың аяғында қазақ халқын саяси жағынан қайта түлету қажет екенін айқын түсінген қазақ зиялылары қалыптаса бастады. Қазақ зиялылары арасында елжанды саясаткерлер шықты. Олар-көрнекті ғалымдар, жоғары білімді адамдар.

Түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйектe қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген. Тоғыз жасында орыс-қазақ мектебін бітіргеннен кейін Орынбордағы төрт жылдық мұғалімдер мектебіне оқуға түседі. 1895 жылы педагогикалық кеңестің шешімімен "бастауыш училищенің оқытушысы" деген атақты алып шығады. Ахметтің саяси жолы 33 жасында басталды.1905 жылдан саясатқа араласты. Ол жер мәселесі жөнінде патшаның атына хат жазушылардың бірі болған.
Қазақ халқының XIX ғасырдағы ең көрнекті ақындарының бірі Махамбет Өтемісұлы. Махамбет жас шағында Жәңгір ханның қолында болады, бірақ туысынан өр мінез, өжет жанды Махамбет хан сарайында әділетсіздік пен теңсіздіктің куәсі рөлінде ұзақ тұра алмайды, көп кешікпей өзі шыққан халықтың арасына оралады. Исатай Тайманов бастаған шаруалар көтерілісінің Махамбет ең белсенді ұйымдастырушыларының бірі, жалынды жаршысы болды.

Бүгін қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, жазушы, әдебиет сыншысы, кесек тұлғалы, қайсар мінезді наркескен, "шындықтың шырақшысы" атанған, халқы "аға" деп сүйіспеншілікпен әспеттенген Тәкен Әлімқұлов. Жазушы шығармаларының негізгі тақырыбы-ауыл тіршілігі, адам тағдыры. Ол Абай, Махамбет секілді тарихи тұлғалардың өмірі жайлы көркем шығармалар жазды.

1. Мәтіннен күрделі, туынды зат есімдерді және туынды сын есімдерді теріп жазу.Из текста написать по 7 сложные имя существительное, 7 производное имя существительное и 7 производное имя прилагательное [2]



Күрделі зат есім-7

Туынды зат есім-7

Туынды сын есім-7

1

2

3

4

5

6

7

2. Мәтіннің мазмұны бойынша 2 «шын» ақпаратты белгілеңіз.

Из текста определить 2 правдивых предложение. [2]

А)Тәкен Әлімқұлов - атақты күйшілердің бірі.

B) Махамбет жас шағында Жәңгір ханның қолында болды.

C) 1805 жылдан бастап саясатқа араласты.

D) Ахметтің саяси жолы отыз үш жасында басталды.

3. Сөйлемге тиісті демеулік шылауды қойып толықтырып жаз. [1]

Вместо точек вставить нужные частицы.

Исатай Тайманов бастаған шаруалар көтерілісінің Махамбет ең белсенді ұйымдастырушыларының бірі емес, соның жалынды жаршысы ... болды.

4. Берілген сөздерді дұрыс жазып ,екі бағанға бөліп жаз.Сұраулық демеулігі бар сөз болымсыздық жұрнағы бар сөз.

Данные слова разделить на два столбика, в одной вопросительные частицы, в второй отрицательное форма глагола, исправь ошибки которые есть в словах. [1]

Сен білесіңбе; сабаққа кешікпе; бұл алмама; мені сағынба; сізге керекпе;жамандық жасама;

5. Мәтіннің мазмұны бойынша сюжеттік кестені толтырыңыз.

По содержанию текста заполнить сюжеттную таблицу. [2]

Кейіпкер (Кім?)

Оқиға (не істеді?)

Жасаған әрекеттерінің мақсаты

1.

2.

Жазылым

Лиро-эпостық жырлар – халық ауыз әдебиетінің мол рухани қазынасы. Лиро- эпос жырлары ауыз әдебиетінің классикалық дәрежеге көтерілген нұсқасы.

Лиро-эпостық жырларға «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан»,«Күлше қыз» шығармалары жатады. Лиро-эпостық жырлардың басты тақырыбы – жастардың бас бостандығы, екі жастың арасындағы махаббат, сүйіспеншілік. Кейіпкерлері батырлар емес, қарапайым адамдар. Ғашықтық жырларында көшпелі қазақ тіршілігі, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар, әдет-ғұрып, салт-сана кең түрде жырланады.

1. Лиро-эпостық жыр қандай жыр? [1]

А) Батырлық

В) Ғашықтық

С) Мейірімділік

D) жомарттылық

2. Лиро-эпостық жырларға жатады? [1]

А) "Салт-дәстүр жыры"

В) "Наурыз жыры"

С) "Қыз Жібек" жыры

D) "Батырлар жыры"

3. "Көксерек жауыздығының себебі неде?» өз пікіріңді жаз. (демеулік шылауларды пайдалан)« В чем злодейство волчонка?» написать эссе. (используй частицы) (60-70) сөз [5]​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
makaroshkaplay
10.02.2020 10:40
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. 
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті. 
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс.
0,0(0 оценок)
Ответ:
kristimisti1234
21.04.2020 22:27
Менің хобби фотосурет болып табылады. Мен табиғат, адамдар мен әр түрлі сәттерді фотосуретке түсiруге жақсы көремін. Мен табиғатты суретке түсiрудi Бәрінен жақсы көремін . Менде табиғаттың соншалықты көп суреттерi бар. Мысалы: қыс, көл, аспан. Мен әрқашан түрлі фотосурет жарыстарына қатысамын. Камера менің досым. Маған керек кезде әрдайым қол астында, мен әрқашан сіздің өмірде, әдемі ғажайып және тамаша сәттерді және табиғат өмір суретке түсіруге және адамдарды.менің отбасымен фотосуреттер көп. Фотосурет кызыкты хобби болып табылады
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота