евген115
01.01.2021 13:23

2 Сөздер мен сөйлемдерді тең дәрежеде байланыстырып тұрған шылауды табыңдар. A. Және B. Үшін C. Қарай D. Та, те

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
AMAYA000
01.11.2021 02:59
TSU QS рейтингінде әлемнің ең үздік 400 үздік жоғары оқу орындарының орналасқан. Ал Ресейде үздік 50 жоғары оқу орындарының бір бөлігі. 15 мың студент. 23 факультеті. 135 функциясы.Сібір мен Қазақстанның әртүрлі аймақтарында және республикалардың жоғары оқу орнына дейінгі оқыту және кәсіптік бағдар 38 орталықтары.46 ғылыми-зерттеу және білім беру орталықтары. Цу де көп okonyaaniya кейін студенттер жартысынан астамы қазірдің өзінде орын алған, кепілдіктен кейінгі жұмысын қамтамасыз етеді. Оқыту кезінде TSU білімдері мен дағдыларын көрсету үшін студенттер үшін практикалық оқытуды қамтамасыз етеді
0,0(0 оценок)
Ответ:
дарюша13
04.08.2022 12:04

Туған жер – алтын бесік

Менің туып-өскен жерім, кіндік қаным тамған жерім – ауылым. Ауыл деген, ойпырым-ай, еске түссе, көзден жас шығып, бетіңнен күлкі кетпес! Балалардың у-шуы, кемпір-шалдың дүбірі, сарқыраған су, табын-табын жылқы шабуы әлі де есімде...
Шіркін, әжем айтқандай, «Өткен өмір - соққан жел» деп, биыл, міне, мектеп бітіріп, азамат болдым. Енді бірнеше жылдан соң жоғары білім алып, өз мамандығым бойынша жұмыс істемекпін. Міне, кешегі көбелек қуған қазақтың қара домалақ баласы бүгін ер жетіпті.
Мен атам мен әжемнің қолында өскендіктен бе, әлде ... кім білсін?! Туған жер дегенде кешегі шал-кемпірлерім есіме түседі.
Жаздыгүні бір қызық... Атам таң атпастан ат жегіп, бізді оятатын. Мен сіңлім екеуіміз созылып-керіліп оянғанша, күн сәскеде. Әне-міне дегенше киініп, ат үстінде (яғни ат арбаның үстінде) саяхатқа дайын отырамыз. Атамыз өзінше жоспар құрып, ауылдың ана шеті мен мына шеті бойынша карта жасайды. Ең бірінші біз жидек жинауға барамыз. Жол-жөнекей ән айтып, жолда кездескен зираттарға құран қайтарып, шілікке де жетеміз. Шілік дегеніміз жидектің тұнып тұрған жері еді. Сол жерде қымыз дәмін шығаратын шөптен де аламыз. Жидек жинаған тағы бір қызық. Менің анам қатал адам. Неге екенін білмеймін, мүмкін сіңлім екеуімізді жалғыз өсіргендіктен. Әйтеуір бір жидекті аузымызға түсірмейді. Сонда марқұм атам жидекті тақиясына жинап, шөптің арасына тығып қояды. Түгеліміз жиналып, енді атқа отырар кезде, ол тақиясын алып шығып бізге беретін.

 

Келесі карта бойынша қарақат теруге барамыз. Бұл жерде, әрине, аузымызға біраз нәрселер түсетін. Себебі, қарақаттың биіктігі жидекке қарағанда тығылуға болатын. Мен тығылып, қарақатқа жақсылап тұрып, тойып алып қып-қызыл аузыммен шығамын. Сонда қарақат жинаған шелегім тап-тақыр бос. Әрине, анамнан біраз сөз еститінмін, бірақ қарын тоқ болғасын, оны уайымдайтын Медресегүл қайда?! Сонымен одан әрмен жылжығасын біз үш құдыққа да жетеміз. Сонда Үш құдық дегеніміз қазіргі артезиан, бірақ үшеуі де бір өзенге тоғысқан. Сол жерде шомылып (атам да жасы сол кезде 78-де болса да, бізбен бірге шомылып), доп ойнайтынбыз.
Шынымен, «жас кезінде бір бала, қартайғанда бір бала» деген осы. Атамның бетіндегі күлкісі әлі есімде.
Кеш бата біз ауыл сыртына жақын келгенде, атам шалғысын алып, малға шөп шауып алатын. Сонымен күн ұясына батқасын үйге өлердей шаршап қайтамыз. Бағанағы тақиясын шешкен атам түгелімізді күлдірді. Өйткені жидек тергенде, жидектің қызыл түсі тақиясында қалып, атамның басы қып-қызыл болды. Көрші-қолаң, көшедегі балалар атамды «қызыл бас» деп атап кетті.
Міне, бұл менің өмірімдегі және ауылымдағы бір күндік оқиғасы. Сондықтан ауыл, қария, кемпір-шал деген сөздер менің есіме бүкіл өмірімді, туған жерімді түсіреді. Бұл менің балдай тәтті бала кезім. Туған жерге деген ыстық сезім, ауылымның елесі, алтын бесіктей табиғаты әлі де көз алдымда...

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота