olgagolos
25.04.2021 02:28

Мәтіндерді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орында.
А мәтіні
Қазақ тілі
Мағжан Жұмабаев
Күш кеміді, айбынды ту құлады,
Кеше батыр - бүгін қорқақ, бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Қыран құсты қос қанаты қырқылды,
Күндей күшті күркіреген ел тынды.
Асқар Алтай - алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар - асқан жандар
ұмытылды!
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың…
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім,
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!
Ә мәтіні
Алаш қайраткерлері қазақ тілі
туралы
Алаш қайраткерлерінің қазақ
қоғамындағы басты ағымдарының бірі -
автономиялық басқару жүйесіндегі
мемлекеттік құрылыс болса, екіншісі -
мемлекеттік тіл саясаты еді. Ана тіліне
деген үлкен жауапкершілік еді. Алаш
арыстарының бірі Ахмет Байтұрсынұлы:
Дүниеде ешбір тіл өз-өзінен шықпайды.
Тіл деген нәрсе қалың елдің күндегі
тұрмыс қазанында қайнап, пісіп дүниеге
келеді», - деді. Қазақ АҚСР-і орнағаннан
соң, 1924 жылы Орынборда маусымның
12-сінде Қазақ білімпаздарының тұңғыш
съезі шақырылды. Осы съезде 12-13
жыл бойы қолданылып, орнығып қалған
қазақ тілінің дыбыстық табиғатына
лайықталып өгертілген, ресми түрде
қабылданған әліпбидің мәні жөнінде,
дыбыс әдісімен оқыту ісі жөніндегі
мәселелер талқыланды. А. Байтұрсынұлы
қазақша сауат ашатын тұңғыш әліппе
құралын жазды. Ол «оқу құралы» деген
атпен 1912 жылы Орынборда
шығарылса, кейін 7 рет қайта басылады.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
пандочка94
23.12.2021 04:57
Алуан түрлі із салғанның өзі еді, 
Өзінен де пайдалысы өзегі. 
(Қарындаш) 

Қабы сояу, 
Дiнi – бояу. 
(Қарындаш) 

Қысқа таяқ дiңi бар, 
Шиырлаған iзiнде 
Сайрап тұрар тiлi бар. 
(Қарындаш) 

Ойларынды аңсаған, 
Асыл сөздi ақ алаңға, 
Түсiруден шаршаған, 
Мен емеспiн әмәнда. 
(Қалам) 

Тiл жоқ өзiнде, 
Сөзi бар iзiнде. 
(Қаламсап) 

Денесi бар шыбықтан, 
Темiр тұмсық құдықтан, 
Сусын алып iшедi, 
Ойы iз боп түседi. 
(Қаламсап) 

Жұқа тақтай бөлшегi, 
Ұзындықтың өлшемi. (Сызғыш) 

Тау, қыр, жазық, өзен, көл – 
Қабырғада биік тұр. 
Нансаң, кел, өзің көр – 
Бір қағазға сыйып тұр. 
(Карта) 

Доп сынды келбетi, 
Онда бар түп-түгел, 
Әлемнiң әлпетi. 
(Глобус) 

Көкқұтанша ақ айдында, 
Бiр аяқпен тұрады. 
Тұмсығымен ол мұнда, 
Шыр айналып шығады. 
(Циркуль) 

Емес ол кітап та, дәптер де, 
Жүреді бірақ та портфельде. 
Көрсетіп ондағы бағаңды, 
Қуантып қоясың ағаңды. 
(Күнделік) 

Бiлiм менен тәлiм, 
Парақты ашқанда 
Беттерiнен мәлiм. 
(Күнделiк) 

Оқушыға күнде ерiп, 
Жүретiн не? 
(Күнделiк) 

Қабат-қабат қаттама, 
Қаттамадан аттама. 
Ақылын оның ала бер, 
Айтқан сөзін жатта да. 
(Кітап) 

Сөзі дана, үні жоқ, 
Сөйлемейді, тілі жоқ. 
Қолыңа алсаң – шешен, 
Ақылы асқан көсем. 
(Кітап) 

Тақтаны «досым» дейді, 
Өзін сол досы «жейді». 
(Бор) 

Төрт қырлы, өзi аппақ, 
Тақтадағы iзi аппақ. 
(Бор) 

Кең алаң – тақырдан, 
Шиырлап қайтады. 
Ақ қант қатырған. 
(Бор) 

Үстiне өттiм, 
Асыл сөз жазып. 
(Дәптер) . 

Ұшымен қазық 
Тор көздi жазық. 
Үстiне өттiм, 
Асыл сөз жазып. 
(Дәптер) 

Үстiнде есiгi, 
Өзi орындық, әрi үстел, 
Оқушылар бесiгi. 
(Парта) 

Iлулi тұр кең алаң, 
Керегiмдi мен одан. 
Жазып алам көшiрiп, 
Сүртем сосын өшiрiп. 
(Тақта)
0,0(0 оценок)
Ответ:
ruslananabok
13.12.2022 15:28
Я отвечу о своей школе
1)Менің мектебімде үйірмелер бар.
2)Мектепте 5-6 үйірме бар,олар: шығармашылық үйірмесі, бейнелеу үйірмесі, би және ән үйірмелері.
3)Мен өз бос уақытымды кітап оқуға не ағылшын тілін үйренуге өткіземін.
4)Мен би және ән үйірмелеріне қатысамын.
5)Мен үйірмелерге дүйсенбі және сәрсенбі күндері барамын.
6)Би үйірмесі сағат 5-терге қарай болады.
7)Әдетте, мен үйірмелерге достарыммен баруға тырысамын.
8)Біз үйірмелерде өзіміздің жаңа қабілеттерімізді ашамыз. 
9)Әрине,маған үйімелерге қатысқан ұнайды.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота