Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.[3]
Объяснение:
Туған кездегі есімі
Ибраһим Құнанбайұлы
Туған күні
10 тамыз 1845
Туған жері
Қарқаралы, Семей облысы
Қайтыс болған күні
6 шілде 1904 (58 жас)
Қайтыс болған жері
Семей облысы
Ұлты
қазақ
Қызметі
ақын, ағартушы, философ, композитор, саяси қайраткер
Әкесі
Құнанбай Өскенбаев
Анасы
Ұлжан Асанова
Жұбайы
Ділдə
Шүкіман (Əйгерім)
Еркежан
Балалары
Ділдəдан: Ақылбай, Хакімбай, Əбдірахман, Мағауия, Күлбадан, Райхан
Əйгерімнен: Турағұл, Мекаил, Ізкаил, Кенже
Абайдың 31 қара сөзіңде айтылган ой кеселдерінен калай құтылуға болады?
Абайдың 31 қара сөзі : Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.