Жер бетінде қанша адам болса, сонша түрлі мінез-құлық пен өздеріне ғана тән тұлғалық қасиеттер бар. Бұл бірінші кезекте адамның қандай отбасында тәрбиеленгенімен байланысты. Яғни қарсы алдыңызда тұрған адамның киім киісінен бастап, сөйлеу мәнерінен оның ата-анасының немесе тәрбиесіне араласқан жақындарының қандай адамдар екенін түсінуге болады. Адамдармен тіл табысудың ең бірінші кілті — шекара сақтау, тұлғаның жеке кеңістігіне өтпеу.