sherilblo
08.06.2020 00:08

написать СОЧ Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз
(прочитай текст и выполни следующие задания внизу).
Ертеде бір ешкінің жеті лағы болыпты. Біреуі қара, қалғандары ақ лақ екен. Орманға баруға жиналған ешкі лақтарын шақырып алып, ақылын айтады.
- Шырақтарым ешкімге есік ашпаңдар. Орманда қасқыр жүр. Мен келгенде:
«Шырақтарым – лақтарым,
аналарың келді, сүт әкелді», - деп әндетемін. Осы кезде терезе сыртында тұрған қасқыр оның сөзін естіп қалады. Ешкі кетісімен қасқыр есікті қағып, өзінің жуан даусымен оның әнін айтады. Бірақ лақтар оның бөтен дауыс екенін біліп, есікті ашпайды. Қасқыр саудагер болып бор сатып алады. Бордың бір кесегін жегенде даусы аздап жіңішкерді. Осы дауыспен ән айтып еді, лақтар тағы алданбады. Қасқыр ұстаға барып, өзіне тамақ жасатып алды, даусы ешкінікі сияқты жіңішке болып шықты. Бірақ жаңа дауыстың да көмегі болмады – лақтар аяғын көріп қойып, ашпай қойды. Қасқыр жылдам наубайшыға барып, аяғына себетін ұн сатып алады. Қасқыр есік алдына қайтып келді, ақ аяғын лақтарға көрсете созып тұрып әнге басты:
«Шырақтарым – лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді. Қорықпандар есік ашыңдар!» Лақтар сеніп есік ашты. Қасқыр үйге кіріп келгенде лақтар жан-жаққа қашып, тығылып қалды. Қасқыр олардың бәрін де тауып, жеп қойды. Тек біреуін ғана байқамай қалды, ол сағаттың артында тығылған еді. Қарны тойған қасқыр ағаш көлеңкесіне жата кетіп ұйқыға кірісті. Ұзамай ешкі үйге оралды. Есікті итерсе, есік ашық екен. Ешкі үйге кіріп, лақтарын шақырады. Аман қалған лақ қарсы шығып, болған жағдайды айтып береді. Ешкі мен лағы үйдің артына шығып қараса, қасқыр көгалда шалқасынан түсіп қорылдап жатыр екен. Ешкі мүйізімен қасқырдың қарнын жарып жібергенде алты лақ шыға келеді. Бәрі де аман-есен. Ешкі мен лақтардың қуанышында шек болмады. Қасқыр оянбай тұрғанда ешкі оның қарнын таспен толтырып, қайта тігіп қояды. Шөлдеген қасқыр су ішпек болып құдыққа барады. Сол кезде ішіндегі ауыр тастар оны төмен тартып, қасқыр құдыққа құлады да, батып кетті. (270 сөз).
1-тапсырма. ( )
1. Мәтіннің дұрыс атауын қойыңыз (озаглавьте текст, дай название тексту).
2. Мәтіндегі кейіпкерлерді анықтаңыз (определите главных героев в тексте).

2-тапсырма. ( )
Берілген сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз (ответьте на вопросы по тексту).
1. Ешкінің неше лағы болады?
2. Қасқыр неше рет даусын өзгертеді?
3. Қасқыр неше лақты жеп қояды?

3-тапсырма. ( )
Мәтіннің мазмұны бойынша шындық «+» және жалған «-» ақпаратты белгілеңіз (обозначьте правильные или не правильные информации «+», «- » по содержанию текста) .

Мәтіндегі ақпараттар
Шындық +
Жалған -

А
Шырақтарым ешкімге есік ашпаңдар.

В
Қорықпаңдар, есікті ашыңдар.

Г
Ұзамай ешкі үйге оралады.

Д
Шөлдеген қасқыр су ішпек болып құдыққа барады.

Ж
Орманда қасқыр жоқ.

З
«Шырақтарым – лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді».

Жазылым
4-тапсырма ( )
Берілген тақырыптардың бірін таңдаңыз. Жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданыңыз (выберите одну из тем, которые даны внизу и напишите
либо текст, либо письмо, либо сообщение на выбор, используя «теңеу-сравнение» с суффиксами –дай, -дей, -тай, -тей: например, құс+тай – как птица. А также метафору: например, «мектеп-кеме» – «школа-корабль» ( переносное значение, т.е. школа не является в действительности кораблем).

Тақырыптар (темы):
1. Төрт түлік мал туралы мәтін жазыңыз (напишите текст о домашних животных. К ним относятся: лошадь, корова, овца, коза, верблюд) .
2. Төрт түліктің біреуі туралы досыңызға хат жазыңыз (напишите письмо другу об одном домашнем животном).
3. Балалар мен жасөспірімдер арасында «Егіншілік – ел берекесі» тақырыбында
хабарлама жазыңыз (напишите сообщение среди детей и подростков на тему «Посевное хозяйство – изобилие старны».

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Рома2043
26.10.2020 15:33

-Сәлем!

-Сәлем!

-Жақында наурыз мерекесі болады.Сен ол мереке жайлы білесің бе?

-Жоқ. Маған Наурыз жайлы айтып берші.

-Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Оны Ұлыстың Ұлы күні деп те атайды. Туыс-ағайын бір-бірін қонаққа шақырады, ақсақалдар батасын беріп наурыз-көжеден бәрі ауыз тиеді. Сен наурыз-къженің дәмін татып көрдің бе?

-Жоқ. Ол қалай дайындалады?

-Наурызда әрбір қазақ үйінде наурыз-көже дайындалады.

Оған жеті түрлі бидай түрін, сүрленген ет,су,тұз қосады.Ммм, шіркін тіл үйіретін дәмі естен кетпейді!

-Дәмі керемет шығар, менің Наурыз мейрамын енді күні-түні күтетін болдым.

-Сен әлі бәрін естімедің ғой! Бұл күні тойдың көкесін көрерсің! Палуандар күресі, көкпар,асық ату деген қазақтың ұлттық ойындары өткізіледі. Қазақ халқы ерте заманнан келген Наурызда ағаш отырғызу дәстүрін де ұмытқан жоқ.

-Мәссаған! Қандай тамаша! Мен осы жылы Наурызды өткізіп алмаспын!

-Ендеше мен сені біздің үйге Наурызды қарсы алуға шақырамын!

-Қонақжайлығыңа рахмет!

-Келесі кездескенше,сау бол!

- Сау бол!

0,0(0 оценок)
Ответ:
mihailgrand
09.09.2022 18:52

Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтып келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.

Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.

Бұл ретте Илья Ильинді атамай кету мүмкін емес. Қазақстанның есімін бірнеше дүркін әлемге танытқан әйгілі спортшы. Ол - Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет). Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011, 2014) және Қазақстан чемпионы. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.

Әрине, спортшылар тізімі осымен шектелмейді, бірақ өзім осы тұлғаларды ерекше мақтан тұтамын.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота