Қазір жиі кездесетін балалар аурулары.
Балалардың жиі кездесетін бірқатар аурулары бар. Олардың барлығының дерлік алдын алуға болады, сондықтан екпе күнтізбесіне сәйкес балалардың екпесін уақтылы алу - осы ауруларды болдырмауға үлкен септігін тигізеді. Балаларда жиі кездесетін ауруларға: желшешек, көкжөтел, ангина, отит, қызылша, сары ауру т.б. жатады.
Енді қысқаша балалар арасында жиі кездесетін аурудың бір түріне тоқталып өтсек.
Желшешек - вирустан тарайтын инфекциялық ауру. Желшешек ауа арқылы тарайды, мысалға дәліз бойымен желшешек сырқатты адам жүріп, артынша дені сау адам өтсе, ауруды жұқтыруы ықтимал. Сырқаттың инкубациялық уақыты 21 күнге дейін. Ауру басталғанда температура 38—39°С-ге дейін көтеріледі де, адамның терісі мен шырышты қабығында қышыма бөрткен пайда болады. Ол бөрткендерді қасуға болмайды, себебі кейін жазылған соң орны тыртық болып қалып қояды. Балаларда әдетте бұл ауру жеңіл түрде өтеді, көбінесе бір ауырғаннан кейін иммунитет пайда болады. Дегенмен, қайталап ауру да мүмкіндігі болады. Желшешекпен ауырған балаға көп сұйықтық ішкізіп, дене температурасын қадағалап, бөрткенге дәрігердің кеңесі бойынша арнайы жақпа май немесе жасыл дәрі (зеленка) жағады. Сырқат баланың жатын бөлмесін жиі желдетіп, дымқыл шүберекпен сүртіп отырған дұрыс. Бөрткеннің қайталап шығуы тоқтағаннан кейін далаға серуендеуге шығуға болады.
Менің сүйікті қалам - Шымкент. Ол - Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы. Басқа облыстарға қарағанда халық өте көп шоғырланған. Өйткені климаты жылы, ауа-райы жайлы болып келеді. Қаламыздың көкорай шалғын шөптері, ағаштары, жайқалған гүлдері оны одан әрі әсем етіп, көркем етіп көрсетеді. Шымкентті «жасыл қала» деп аталуының бір себебі де осы. Шымкенттің айналасында Бадам және Арыс өзендері ағып өтеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының аудандары: Түркістан, Отырар, Сайрам, Төлеби, Мақтарал, Бәйдібек, Ордабасы т.б. жатады.
Шымкент сауда-саттық жағынан да жақсы дамыған. Шымкентте бірнеше завод, фабрика, өндірістік орындар бар.
Шымқаланың орталығында көптеген саябақтар, ойын-сауық орталықтары, зообақ, цирк, сауда орталықтары бар. Саябақтарда көптеген тарихи мүсіндер қала көркіне көрік қосып тұр. Атап айтқанда: Абай саябағында А.Құнанбаевтың мүсіні, облыстық сот алдындағы үш бидің мүсіні, Ұлы сазгер-композитордың құрметіне салынған Шәмші аллеясындағы Шәмші Қалдаяқовтың мүсіні, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің құрметіне салынған ескерткіш тастар бар.
Мен Шырайлы Шымқаламды шын жүрекпен сүйемін!