Kokone143
01.12.2021 19:59

1-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұнын баяндаңыз. Мәтінде көтерілген мәселені анықтаңыз, негізгі деректерді белгілеңіз.
Наурыз
Әр халықтың өзінше жаңа жылы,жыл басы болады. Қай уақытта,қай халықта болса да,жаңа жыл сол халықтың, ,сол уақыттың шаруа жағдайына қарай белгіленген.
Еуропа жұрттарының бір жерінде жаңа жыл - қаңтардың 1-і, бір жерінде –қыркүйектің 1-і.
Азияда жаңа жыл –жазғытұрым, қазақ елінде -наурыздың 22-сі.
Қазақ жаңа жылы дін әсерінен таза. Бұл күні ешбір құлшылық ,дін әдеттері жасалмайды, бар болғаны ел бір-бірімен көрісіп: «Жасың құтты болсын» -дейді.
Жаңа жыл күні қазақ ауа райына қарай алдағы жазды рақатты,рақатсыз болады деп болжау жасайды. Қар тез кете ме,жаз жылдам бола ма деп болжау жасайды.
Жаңа жыл күні қазақ әдетінше әр үйде қазан-қазан көже пісіріледі. Көженің ішіне қысқы соғымнан басы салынады.Көжеге көп сүт құйылады. Басты қарттар мүжіп,құлақты балаларға береді. Басқа жұрттар көжені талап ішеді.
Көже ішу (сүт құйған) келе жатқан жазбен ұшырасып,қарсы алып,ас ішу ретінен аққа (сүтке) көшу.Көжеге тек бас салып асып жеу-қарлы қыспен,қыс тамағы етпен қоштасу.
Міне, қазақтың жаңа жылының барлық маңызы – шаруашылық маңыз.
(Мағжан Жұмабаев​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
rzaevibragim
20.07.2020 06:43

ле Алатауында өсетін кордицепс саңырауқұлағы адам өмірін 150 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді.

«Іле Алатауында, 3 мың шақырымға жуық биіктіктегі жәндіктердің бойынан кордицепс деп аталатын қызықты саңырауқұлақ табылды. Оның құрамындағы көптеген микроэлементтер саңырауқұлақтың фармацевтикалық құндылығын арттыра түседі. Кордицепс жеп өлген жәндіктердің тіні шірімейді және оған бактерия қонбайды. Бұл саңырауқұлақ құрамындағы кордицепин деп аталатын табиғи антибиотиктің арқасында болатын құбылыс», - дейді А.Сағитов «Казахстанская правда» басылымының бейсенбідегі санында жарияланған сұхбатта.

Ғалымның айтуынша, кордицепс жазық жерлерде де өседі, бірақ, таудың ұшар басында өсетін саңырауқұлақтар ғана емдік қасиетке ие.

«Бұл жағынан алғанда біздің еліміздің жолы болып отыр: адамның өмірін 150 жылға дейін ұзартуға болады, мұндай мүмкіндікті жіберіп алу бассыздық болар еді», - дейді академик.

Оның айтуынша, кордицепс бүйректердің қызметін қалпына келтіреді, тромбоцит пен лейкоцит тапшылығын емдейді, жүрек-қан тамырлары аурударында; ұйқысыздық пен жүйке тозғанда; ерте қартаю, өткір және созылмалы гепатит, әртүрлі ісіктердің, тыныс алу жолдары ауруларының алдын алуға, қант диабеті мен ұйқы безі сырқаттарын емдеуге көмектеседі.

Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
Серггій26072006
18.11.2021 19:43
Қос сөз – қосарлану немесе қайталану арқылы бір ұғым ретінде жасалған сөздер. Қос сөздер мағыналық, тұлғалық жағынан әр түрлі. Жасалу тәсіліне қарай қосарлама және қайталама қос сөз болып бөлінеді. Қосарлама қос сөз өзара мәндес немесе қайшы мәндес сөздердің қосарлануынан жасалады. Мысалы, ата-ана, салт-сана, құрт-құмырсқа, ер-тоқым (мәндес қос сөз); күні-түні, азды-көпті, үлкенді-кішілі, ертелі-кеш (қайшы мәндес қос сөз). Қайталама қос сөз бір сөздің қайталанып айтылуынан жасалады. Мысалы, сөйлей-сөйлей, төбе-төбе, қолма-қол, жекпе-жек. Бірқатар қос сөздердің екінші сыңары жеке қолданылмайтын, мағынасыз сөздер болып келеді. Мысалы, оқта-текте, анда-санда, ырың-жырың. қос сөз дефис арқылы жазылады. Сөздердің қосарлануы, қайталануы нәтижесінде жалпылау, жинақтау, топшылау, болжалдау, мөлшерлеу секілді грамматикалық мағыналар үстеледі, жаңа мағыналы сөздер туады.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота