Метеорологиялық элементтер — жиынтығы ауа райының жағдайын көрсететін, атмосфера жағдайының тікелей байқалатын сипаттамалары. Метеорологиялық элементтердің көпшілігі (ауаның және топырақтың температурасы, ауаның ылғалдылығы, желдің жылдамдығы және бағыты, атмосфералық қысым, жауған жауын-шашынның мөлшері, қар жамылғысының тығыздығы мен қалындыгы тағы басқалар.) аспаптардың көмегімен өлшенеді, қалғандары (бұлттардың мөлшері мен формасы, жауын-шашынның түрі, ерекше құбылыстар — нажағай, тұман, бұрқасын тағы басқалар.) бір схема бойынша көзбен өл
Бүгінде ұлтымыздың басты мақтанышы — өткеннен қалған өнегені үлгі тұтатын, жүрегі ұлтына деген махаббатқа толы жастар десек қателеспейтін болармыз. Елім деп еміреніп, жұртым деп жүрегі соққан зиялы жастар арамызда аз емес. Ендеше, еңсесі биік осы жас буынның басты міндеті — бейбіт те шуақты күндерді бағалай біліп, жаңа асуларға ұмтылу, елімізді жаңа белестерге жетелеу.Бүгінгі күні тәуелсіздікке қолы жеткен азат елміз. Иә, тәуелсіздікке қолы жеткендерде де бар, жетпегендер де бар. Бірлігі жарасқан халық та, түрлі ұлт пен ұлыстар, этностар да, сарқылмас қазына, әсем қала, көрсе көркі тартар табиғат та, биік шың, көл мен теңіз де бәрі-бәрі Қазақстанымыздың байтақ жерінде кеңінен таралған. Ел ішіндегі татулық пен бірлікті, өзара құрмет пен жарастықты нығайту жолындағы елбасымыздың атқарған қызметтерін мақтанышпен айта аламыз. Кім болмасын келер күнін тек жақсылықпен тосатыны хақ. Біз бейбіт елдің астында таңымызды атырып, күнімізді батырып жүрміз. Біз бақытты елміз. Сол бақытты бағалай білу керек.