DPAKOSHKA
20.06.2021 20:04

Біз кімге айналып бара жатырмыз?

Дүниежүзілік сауда ұйымының талабы бойынша құрамдас елдер генетикалық
түрлендірілген тағамдарды импорттауға шектеу қоймауға тиіс. Алайда айтып өткеніміздей,
АҚШ пен Англия гендік модификациядан өткен өнімдердің өз елдерінде сатылуына шек қойып
отырады. Сол секілді, Ресей ғалымдары да бір елді-мекен тұрғындарына Қытайдың трансгенді
өнімдерін ғана беріп отырып, екі жыл бойы бақылау жүргізген. Ауыл тұрғындары таза
органикалық өнімдермен тамақтанған көршілес ауыл тұрғындарымен салыстырғанда, ас
аллергиясына көп ұшырағыш болып кеткені анықталғанға ұқсайды...
Ал енді қазаққа гендік модификациядан өткен өнімді тұтынудың қажеті қаншалық? Кең
байтақ жері бар, суы бар, күні де жылы, мал өсіріп, егін егуге қолайлы территорияда тұратын 16
миллион халық жасанды тағамға зар болып отыр ма?
Қытай ғалымы Лао-Цзы: «не жесең, соған тартасың» деген екен. Адамның қандай малдың
етін көбірек жесе, мінезі соған ұқсап кететінін басқа ғалымдар да дәлелдеп баққан. Ал расында,
жануарлардың гені қосылған жемістер мен көкөністерді жеу бізді жылқы мінезімізден
алыстатып жібермей ме?..
Мәтінде көтерілген мәселе: [1]
Мәтін бойынша 3 сұрақ: [1]
1)
2)
3)
Мәтінде көтерілген мәселеге 5-6 сөйлеммен өз көзқарасыңды білдіріңіз: [3]

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
yujejal
25.03.2021 00:29

Құлпытас – бейітке қойылатын тас белгі.

Ұғым-түсініктері мен салт-дәстүрлеріне қарай дүние жүзі халықтарында құлпытастың көптеген түрлері кездеседі.

Ежелгі Шумер, Мысыр, Этрустар заманында құлпытастар адам мүсіні түрінде жасалынды. Құлпытасқа адам бейнесін қашап, мәйітпен бірге қою дәстүрі ғұн заманы, түрік қағандығы, қыпшақ, түргеш дәуірлерінде кең жайылды. [1]

Құлпытастардың шығу тегі, рәміздік мән-мағынасы туралы ғылымда нақты тұжырым қалыптаспаған. Қалай болғанда да, қазіргі қазақ даласындағы құлпытастардың арғы тарихы сақтар мен ежелгі түркілердің тас мүсіндерімен, сондай-ақ көне түркілер жазуы қашалған бітіктастармен байланысты екендігі анық. Қазақ даласындағы құлпытастардың даму эволюциясы Батыс және Оңтүстік Қазақстанда сақталған құлпытастардан көрінеді.[2]

Құлпытастарды әрлеу, нақыштау, бедерлеу ісі сол кезеңде өмір сүрген халықтың қолөнері мен мемориалдық үрдісінің, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен дүниетанымының белгісі іспетті. Мысалы, түркі жерінде ислам дінінің бел алуына орай бейнелі құлпытастар орнына өрнекті көктастар қойылатын болды. Ислам дінінде қабір басына белгі қоюға рұқсат етілгенімен, аса үлкен құлпытас қойып, оған адамның, малдың немесе әлдебір заттың суретін бейнелеуге тыйым салынуына байланысты құлпытастарға арабша Құран сүрелері мен аяттар жазу өнері етек алды. Түркістандағы Иасауиге қойылған құлпытас, сондай-ақ сонда жерленген қазақ халқының атақты хандары мен қайраткерлерінің басына қойылған құлпытастарда осы үрдіс сақталған.[3]

0,0(0 оценок)
Ответ:
kessaa65
15.09.2022 00:58

Қазтуған - Алтын Орда заманындағы ноғайлы-қазақ дәуірі єдебиетінің ірі өкілі. Ноғайлы аталып, артынан бір-бірінен бөлініп кеткен түбі бір, тілі бір түркі тілдес тайпалардың шынтуайтқа келгенде, сол кезде жеке халық болып қалыптасқан қазақтардың бай әдебиеті, ақын-жыраулар поэзиясының бастауында тұрған үлкен эпик ақын. Оның шығармалары бүгінгі уақытқа толық жеткен жоқ, көбі мүлде ұмыт қалса, қолда бары баспа бетін көріп келе жатқандары үзінді күйінде ғана ақын мұрасынан азды-көпті мағлұмат береді. Қазтуған жыраудың алғаш өлеңдерін Ғабдолла Мұштақ құрастырған «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» жинағында жарияланса, кейіннен «Ертедегі әдебиет нұсқалары», «Алдаспан», «Бес ғасыр жырлайды», «Ұлы арман», Ленинградтан тұңғыш рет орыс тілінде жарық көген «Поэтика Казахстана», «Поэты пяти веков» жинақтарында, «Қазақ хандығы дәуіріндегі єдебиет» хрестоматиясында басылды. Жырау өмірі мен шығармашылығы туралы азды-көпті болсын С.Сейфуллин, М.Мағауин, Є.Дербісәлин, Қ.Сыдыиқов, Х. Сүйіншәлиев, Ж. Тілепов сияқты белгілі әдебиеттанушы ғалымдар қалам тербеді.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота