Физикалық жағынан көңіл қоймау дегеніміз дер кезінде балаға медициналық көмек көрсетпеу, баланы үйден шығармау, тамақтандырмау келеңсіздіктері жатады. Эмоционалдық көңіл қоймауға, баланың көзінше ата-аналардың ұрыс-керіс шығарып төбелесуі, ішімдік ішіп, темекі шегулері жатады. Физикалық зорлық-зомбылық – бұл кеңінен тараған жәбірленудің бір түрі. Осы жәбірленуде көбінесе отбасында баланы ұрып-соғу жағдайлары жиі кездеседі.
Сондай-ақ, ата-ана тарапынан балаға қатаң талаптарды жүктеу арқылы да зорлық көрсету белгілері білінеді. Физикалық күштеу кезеңінде ата-аналар көбінесе баланың денсаулығында ақаулық бар деген күдікте болады. Медициналық зерттеулер қорытындысына да жүгінеді. Алайда, психологиялық аурудың бұл түрі балада емес, ата-анасында деген қорытындыға келеміз. Эмоционалдық зорлық-зомбылық балаларда жеті түрлі жағдайда кездеседі: балаға деген жайсыздықты ата-ананың жоққа шығаруы; жеке қамауда ұстау; баланы бопсалау; елемеушілік; балағаттау; сөз жүзінде жүйкесіне тию; балаға қысастық көрсету; қазіргі таңда жоғарыдағы зорлық-зомбылықтардың он пайызы ғана хабарланғаны белгілі болып отыр. Бұл түрін сарапшылар баланың қорыққандығы мен үрейленгендіктен хабарланбайды деген қорытынды жасалып отыр.
Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы аталады. Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар,тәйке,омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б. Мысалы, құмар ойынға 2 – 4 адам қатысады. Олардың жақсы жонылып, табаны қайралған төрт асығы болуы керек. Ойыншылар өзара келісіп жеңімпазға жүлде тағайындап алады да кезек-кезек төрт асықты иіреді. Егер иіруші: төрт бүк, не төрт шік, не төрт алшы, не төрт тәйке түсірсе, жүлденің жартысын алады, төрт асық төрт түрлі түссе, онда тігілген жүлдені түгелдей алады. Осылайша ойын жалғаса береді. Асықты мұртынан не жамбасынан тұрғызуды омпы дейді. Омпы ойыны тегіс алаңда, жазық жерде, тіпті үлкен бөлме ішінде де ойнала береді. Ойыншы саны неғұрлым көп болса, ойын соғұрлым қызықты өтеді. Мақсат – көп асық ұтып алу. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көмбе сызады да көмбенің тең ортасына сызық бойына әрқайсысы екі асықтан тігеді. Тігілген асықтардың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Балалар кезек-кезек сақаларымен он қадам жердегі омпыны атып түсіріп, асық ұтып алуға кіріседі. Егер атушы омпыға бірден тигізсе, онда тігілген бар асықты сол алады, ал омпыға тигізе алмай, тұрған асықтардың біреуіне тигізсе, сол асықты ғана алады. Асық жаңартыла тігіліп, ойын жалғаса береді. Асық ойынының халық арасына кең тараған, басқа да түрлері бар
Объяснение: