serotettonika
06.07.2021 21:50

Мәтіндерді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңыз, кестені толтырыңыз. 1-мәтін 2-мәтін Түрі, жанры

Стилі

Тілі
1-мәтін
Қыс қатты. Қар қалың. Қасқырды қар көтереді. Атты көтере алмайды. Мұның бәрі екі қасқыр жайындағы Қараадыр елінің аңыз-әңгімесі еді. Жиын болып көпшілік бас қосса, көп әңгімелері екі қасқыр жайында болатын. Көксерек семіргенде, ірілеп өскенде — осындай даңқ, атақ ішінде семіріп, өсіп келе жатыр еді. Осы күйлердің бәрімен қатар, Көксерек оңашада елсізде қатты ойыншы болатын. Түс кезінде, я таңертең бір малды тасада аунатып жеп алып, елсіздегі қашандау жатақтарына қайтады. Сондайда ақ қасқыр жүрістен талып келіп тынығып жатса, Көксерек айналасында қар боратады. Жүгіріп екпіндеп кеп тістеп өтеді. Басынан асып аунап түседі, кейде ақ қасқыр ырылдап тісін сақылдатып, құлағын жымитып, ашумен тап береді. Ондайда Көксерек те қатты қорылдап гүр-гүр етеді. Кейде секіріп кеп ақ қасқырдың желкесінен қапсыра тістеп алып, қысып тұрып-тұрып барып қоя береді. Екеуі осыдан әрі ұзасып барып таласпайды. Артынан Көксерек қайта ойнайды.

2-мәтін
Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінде ауыл баласы Құрмаштың қасқырдың күшігін асырап
алуы жайында. Қаламгер туындысында табиғаттағы тағылық заңы, адам мен жан-жануар арасындағы шекараны шебер суреттейді. Көксеректі күшік кезінен қамқорлықпен құшағына алып, мәпелеп өсірген Құрмаш сүйкімді бөлтірігін кімнен де болсын қорғаштағанымен, ауыл ақсақалдары қасқырдың бөлтірігінен секемденіп, тағылық заңның өзгермейтінін бала Құрмашқа түсіндіруге тырысады. Әйткенмен, өсе келе далаға қашып, бірнеше күн қатарынан бой көрсетпеуге дағдылана бастаған Көксерек арада біраз уақыт өткен соң бір топ қасқырды бастап, өзге ауылдармен қатар Құрмаш ауылының қойларына да шабуыл жасай бастайды. Мұның арты Көксеректің қой бағып жүрген Құрмашқа шауып, қамқор болған иесін өлтіруіне ұласады. Адамзат пен жануар әлемінің заңы басқа және ол тоғыспайды да. Тоғысқан жағдайда, артының жақсылыққа апармасын әңгімеден ұғынғандаймыз. ​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
advoumnaya
07.01.2023 15:35
Наурыз — шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған. Шығыстың данышпандары Махмұд Қашқари, Омар Хаямнан бастап қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин сынды ұлт қайраткерлері де Наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, асыл сөздер жазып қалдырған.Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған.Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған.

Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным ұғымдарының үлгі түрлері өте көп.

Оның барлығы әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, көргенділікке, ізгілік пен білімділікке баурайды. Наурыз мерекесін асыға күтетініміз, ерекше даярланатынымыз содан болса керек.Наурыз мерекесіне тән — көпшілікке наурыз көже даярланады, ол тағам жеті түрлі дәмнен даярлануы шарт. Халықта наурыз көжені тойып ішкен адам келесі жылға дейін ішім-жемнен тарлық көрмейді деген ұғым бар.

Үй иесі үлкен кісілерден наурыз көжеге бата сұрайды. Ол кісілер:

«Пәле-жала жерге енсін!
Төрт түлік ақты болсын!
Өрісің малға,үйің жанға толсын!
Ақ мол болсын!» деп бата беріледі.
0,0(0 оценок)
Ответ:
нчшрдтснь
25.01.2022 21:13
Сөйлем мүшелері сөйлемдегі маңызына, қызметіне қарай тұрлаулы мүшелер жәнетұрлаусыз мүшелер болып екі топқа бөлінеді.

Сөйлемде сөздер бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі мағынаны, ұғымды білдіріп, ой білдіруге себебін тигізіп тұрады. Сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі бір сұраққа жауап бере алатын мағыналы сөзді я сөз тізбегін сөйлем мүшесі дейміз. Сөйлем мүшелері атқаратын қызметі жағынан бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш болып беске бөлінеді. Олар сөйлем құрай алу қасиетіне байланысты тұрлаулы мүше және тұрлаусыз мүше болады. Бастауыш пен баяндауышты тұрлаулы мүшелер, ал анықтауышты, толықтауышты, пысықтауышты тұрлаусыз мүшелер дейміз Бастауыш - сөйлемде атау септігінде тұрып, ойдың кім, не жайында екенін білдіріп, баяндауышпен қиыса байланысатын тұрлаулы мүше. *Бастауыш* кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімі? несі? және басқа сөз топтарының заттанып, атау септігіндегі сұрақтарына жауап береді. Бастауыш атау септігінде зат есім мен есімдіктен болады: Бәйге бригадаға берілді. Сіз өз басыңызды ғана ойламаңыз. (Ғ. Мұст) Атау септігінде тұрып заттанған басқа сөз топтары да (сын есім, зат есім, етістіктің есімше, тұйық етістік түрлері т.б.) бастауыш қызметін атқарады.

*Баяндауыш* - сөйлемде жіктеліп келіп бастауыштың қимылын іс-әрекетін, кім екенін білдіріп, онымен жақ жағынан, кейде жекеше, көпше (1-2 жақта) түрде қиыса байланысын қолданылатын тұрлаулы мүше. Баяндауыш не істеді? қайтті? неғылды? деген сұрақтарға жауап береді. Кейде сөйлемде бастауыш тасаланып жасырын да тұрады, ал оның қай сөз екенін баяндауыштан анықтауға болады.

На казахском "Тұрлаулы мүшелер "- на русском "Главные члены предложения "

Желаю удачи ! Сәттілік тілеймін ))
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота