Wjdjsjsksji
29.10.2020 22:31

Тапсырма 1. Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, жалпы мазмунын салыстырыңыз. олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңыз. 1-мәтін

Су Сусыз өмір сүру мүмкін емес. Жер бетінің төрттен үш бөлігін су альп жатыр. Ол - мөлдір, түссіз. Судың үш күйі болады: сұйық-су, қатты-мұз, газ-бу. Нел градустан темендегенде су мұз болып қатады, ал қайнағанда ол буға айналады. Аналарың кір жуғанда далаға жайып қояды. Ол кеуіп кетеді. Неліктен? Себебі күн суды буландырады. Күн қатты ыстық, ал жапырақтар, өсімдіктер неге қурап кетпейді? Себебі, ол тамырмен су сорып, оны буландырып жібереді. Жер бетінде су тұщы және ащы су болып бөлінеді. Ащы су бұл теңіз, мұхит сулары, ал тұщы су өзен, көл, жер асты сулары. Жердегі әрбір 100 л судың 98 л тузды су, 2л тұщы су екен. Көл суларының кейбірі ащы, кейбірі тұщы суға жатады.

Құрлық бетінде әртүрлі ойыстар кездеседі. Ондай ойыска су толса, көл пайда болады. Көлемі әртүрлі. Шағын көлдердің ені мен ұзындығы бірнеше ондаған метрден аспайды. Ал ірі көлдердің бір шетінен екінші шетіне көз жетпейді. Балық ауланады, ауыз су алынады, мал суарылады. Каспий - дүниежүзіндегі ең ірі көл. Солтүстігінен оңтүстігіне дейін мың

километрден қашықтыққа созылып жатыр. Тереңдігі - 800 м. Балық көп. Құбырдан алынған су 100% таза бола бермейді. Ол өзеннен хлор қосылып, тазартылып келеді. Адам күніне 2 литрге жуық су ішеді екен. Ол - су, шай, шырын, сусын, минералды су. Адам тек қайнатылған су ғана ішу керек. Себебі, қайнамаған судан кейде гипатит ауруына да шалдығып жатады. Оның құрамында микробтар болуы мүмкін.

2-мәтін

Су-тіршілік көзі

Су тіршілік көзі. Осы мөлдір сұйықтыққа бар тіршілік тәуелді. Алайда күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған судың емдік қасиеттері жайында көбі біле бермейді. Су адамның шелін қандыру немесе тұрмыстық қажеттілігінен басқа да жайларда пайдаға асады. Назарларыңызға судың пайдасы, емдік қасиеттері жайында мәлімет ұсынамыз. Жапон ғалымы Масару Эмото бірнеше жыл бойы судың қасиетін зерттеген. Ол тазартылған суды бір ыдысқа құйып, сол судың жанына адамдар келіп «махаббат», «періште», «рақмет», «бейбітшілік» деген сияқты жақсы сөздер айтқан. Ғалым осы қатырып, суретке түсірген кезде кристалдары керемет әдемі, үйлесімді болып суды шыққанын байқаған. Ал дәл осы суға «ыза», «Соғыс», «қан», «өлім» сияқты жағымсыз сездер айтқан кезде кристалдары мүлде басқа, бей-берекет, көмескі, қара лай болып шыққанын көріпті. Жапон ғалымы су біздің барлық эмоциямызды, сезімімізді, сөзіміз бен дүғамызды, музыканы қабылдайтынын осылай дәлелдеген.

Дәрігерлердің айтуынша, сумен емделудің қарапайым әдіс-тәсілі көп. Мәселен, суды алдымен қатырып, кейін ерітіп ішуге болады. Тек үстіңгі қабатын төгіп тастау керек. Өйткені ауыр металдар судың бетіне көтеріледі. Осы суды адам күнде таңертең аш қарынға ішіп отырса, емдік қасиеті зор. Адам ағзасы бірден жұмысқа кіріседі. Ағзаға таза су енеді де, ол біздің сұйықтық қанымызға әсер етеді және тазалық ақпаратын жеткізеді. Сөйтіп бойымыздағы сүйықтықтардың құрылымдануына ықпал жасайды. Адам денесінің 70% судан тұрады. Ендеше ағзадағы судың құрамын өзгерте отырып, сауығуға әбден болады.


Тапсырма 1. Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, жалпы мазмунын салыстырыңыз. олардың ұқсастықтары мен

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
sofika121
01.02.2020 08:17

Тaбиғат сөзі кең ұғым. Табиғaт өзіміз тіршілік етіп өмір сүретін орта. Осы тaбиғаттың мейіріне бөленіп, aдaмзат ғұмыр кешеді. Табиғат адамға пана болумен қатар, ғaжaйып көркемдігімен де тамсандырады. Шыңында мәңгі қар тұрақтаған ақ бас таулар, сылдырап аққан өзен, жаз келсе, жапырағы жайқалып шыға келетін ағаштар, жерге төселген кілемдей жап-жасыл шөп жаныңды баурайды. Кең даланы нұрға бөлеп, арай төккен таң шапағының көрінісі ешкімді бей-жай қалдырмасы анық. Туған жер, өскен ел жүрекке жылы сөздердің бәрі де табиғат деген тaңғажайып ұғыммен бірігіп жaтaды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
gjdhxhdbc
01.02.2020 08:17

Әр сөзде, сөйлемде қолданған үтіріңіз сіздің тағы айтар ойыңыз бар екені жөнінде ақпарат береді. Келесі ойды қандай мағынада жеткізесіз, тағы айтарыңыз бар екенін айтқызбай-ақ оқырманға жеткізіп үлгереді. Үтірдің көп қойыла беруі де кейде көк мылжың екеніңізді танытады. Өйткені тоқтауы жоқ сөздеріңіз, соңы бітпейтін жалғамалы ойларыңыз сүйікті оқырмандарыңызға ұнамай қалуы мүмкін. Кейде үтір сіздің абыройыңызды да асқақтатып жібереді. Алғашқы ойыңыздан кейінгі қатар келген ойыңыздың салмағы, әсері үтірдің дәлме-дәл қойылар сәтіне байланысты. 

Өміріңіз үтір қойылған сайын мәнді ойлармен, жақсы күндермен жалғасын тапсын. 

Сызықша (–) 

Қарама-қарсы ойға жауап беруге дайын болсаңыз сызықшаны пайдаланыңыз. Жазу кезінде бетпе-бет келетін бір-біріне сәйкесе келмесе де, ию-қию өрнегі бар сөз орамдары көңіліңізді жайландыру мүмкін. Сызықшаны дұрыс пайдалана білсеңіз, алуан-алуан сөзге жан бітіре отырып оқырмандарыңызды тарта аласыз. Сызықшаның ұзын-қысқа түрлері кездеседі. Екеуінің екі әлемі бар. Құлашын кеңге жайып, ұзыннан созылып жатқан – сызықша. Қателесіп кетпеңіз, ұзыннан сыза салған бұл белгіңіз келесі айтар пікіріңіздің абыройы мен атауын негізге алады. Қателік – кешіре бермейді. 

Қос нүкте (:) 

Қос нүктенің алдында кезекте тұрған: ойлар, толғаныстар, жазулар мен сызулар сіздің жан дүниеңіздің айнасы болуға лайық па?! Бірінің үстіне бірі мінген екі нүкте әрбір атауға лайық бірқатар ойларыңызды тізбектеуге сақадай сай тұр. Бірақ сіз дайынсыз ба?! 

Қос нүктенің сізге айтары: мәнді, сәнді, сүбелі сөзге жақын болыңыз. 

Өмірде қос нүктеден кейін атайтын достарыңыз, серіктеріңіз сізге көмектесуге дайын тұрсын. 

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота