1. Прочитай текст и переведи. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Қазақстан Республикасының мемлекеттек рәміздері: Ту, Елтаңба,
Әнұран. Қазақстан Республикасының Туында күн сәулесі бейнеленген. Күннің астында қыран
бейнеленген. Ол тыныштық пен баянды өмірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың қай елдігі екенін
білдіреді.
Елтаңба көгілдір түстің үстіне шаңырақ бейнеленген. Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар
тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан
халықтардың достығын көрсетеді. Елтаңбаның бір бөлігінде ертедегі қанатты тұлпарлар
бейнеленген. Елтаңбаның жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз. Төменгі жағындағы «Қазақстан»
деген жазу республиканың атын көрсетеді.
Әнұран – мемлекеттің салтанатты әні. Мемлекеттік Әнұранның авторы – Шәмші Қалдаяқов,
сөзін жазғандар Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы. Ол Сарыарқаның солтүстік бөлігінде
орналасқан. Қаланың ортасынан Есіл өзені ағып өтеді.