Қыс Желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес. Орман қарайған, ішінде қүстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз. Адамның өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дәйім жұмыстарынан қала алмайды. Қыстыгүні жылқышыларға бек қиын: қандай суық борандарда күні-түні далада жүргені, қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқып, бейшараларда тіпті рақат жоқ. Жалтаң аяз көбінің беттерін қарыған. Шилі бет байғұстар желге де қарсы қарай алмайды.
Наурыз көнеден келе жатқан мейрам.Қазақ халқы бұл мейрамды Әз Наурыз мейрамы деп атайды.Наурыз -жыл басы.Бұл күні бұлақтар тазартылып ,ағаштар отырғызылған.Наурыз -достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі.Мейрам күні адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген.Наурыз мерекесін тойлау үшін неше түрлі тағамдар әзірленеді.Дастарқанның басты асы наурыз көже.Наурыз көже аса қасиетті ас болып саналады.Наурыз көже жеті түрлі дәмнен дайындалады.Наурыз күні алтыбақан құрылады.ән шырқалып би биленеді.Қазақ халқының әртүрлі ойындары ойналады.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку