Lizasuper2003
10.01.2021 08:08

Тапсырма 1. Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, жалпы мазмұнын салыстырыңыз. олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңыз.
[5]
1-мәтін
Су
Сусыз өмір сүру мүмкін емес. Жер бетінің төрттен үш бөлігін су алып жатыр. Ол – мөлдір, түссіз. Судың үш күйі болады: сұйық-су, қатты-мұз, газ-бу. Нөл градустан төмендегенде су мұз болып қатады, ал қайнағанда ол буға айналады. Аналарың кір жуғанда далаға жайып қояды. Ол кеуіп кетеді. Неліктен? Себебі күн суды буландырады. Күн қатты ыстық, ал жапырақтар, өсімдіктер неге қурап кетпейді? Себебі, ол тамырмен су сорып, оны буландырып жібереді. Жер бетінде су тұщы және ащы су болып бөлінеді. Ащы су бұл теңіз, мұхит сулары, ал тұщы су өзен, көл, жер асты сулары. Жердегі әрбір 100 л судың 98 л тұзды су, 2 л тұщы су екен. Көл суларының кейбірі ащы, кейбірі тұщы суға жатады.
Құрлық бетінде әртүрлі ойыстар кездеседі. Ондай ойысқа су толса, көл пайда болады. Көлемі әртүрлі. Шағын көлдердің ені мен ұзындығы бірнеше ондаған метрден аспайды. Ал ірі көлдердің бір шетінен екінші шетіне көз жетпейді. Балық ауланады, ауыз су алынады, мал суарылады.
Каспий - дүниежүзіндегі ең ірі көл. Солтүстігінен оңтүстігіне дейін мың километрден қашықтыққа созылып жатыр. Тереңдігі - 800 м. Балық көп.
Құбырдан алынған су 100% таза бола бермейді. Ол өзеннен хлор қосылып, тазартылып келеді. Адам күніне 2 литрге жуық су ішеді екен. Ол - су, шай, шырын, сусын, минералды су. Адам тек қайнатылған су ғана ішу керек. Себебі, қайнамаған судан кейде гепатит ауруына да шалдығып жатады. Оның құрамында микробтар болуы мүмкін.

2-мәтін
Қазақстан өзендері
Республиканың барлық өзендері Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына құяды. Солтүстік Мұзды мұхит алабы өзендерінің су ағыны тұрақты келеді. Бұл алқапқа жататын өзен Ертіс (Есіл және Тобыл салаларымен).Республика өзендерінің едәуір бөлігі ішкі тұйық алапқа жатады. Ішкі тұйық алап ірі көлдерге құятын өзендер жүйесімен келесі сатыдағы кіші алапқа бөлінеді. Бұл көлдердің ірілері — Каспий, Арал теңіздері және Балқаш көлі. Ішкі тұйық алапқа ұсақ көлдерге құятын, құмға барып сіңіп кететін, сондай-ақ уақытша ағатын өзендер де жатады. Тау өзендері қатты ағады. Электр энергиясын өндіреді. Ертіс өзеніне Бұқтырма су электр стансасы салынған.
Каспий теңізі алабы Батыс Қазақстан өзендерін қамтиды. Оларға Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Сары өзен, Қара өзен және т.б. жатады. Арал теңізі алабына Оңтүстік және Орталық Қазақстанның оңтүстік бөлігінің өзендері жатады. Өзендер шөл зонасында орналасқан және өзен желісі сирек. Басты өзендері Сырдария, Арыс саласы мен Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас өзендері.
Балқаш-Алакөл көлдер жүйесіне Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы өзендер кіреді. Олар: Қаратал, Лeпci, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан және т.б.
Жер шарының бөлігін мұхиттар алып жатыр. Сондықтан ол – жердегі ең үлкен тіршілік ортасы болып табылады. Тұзды көлдерден тұз өндіріледі.Суға тапшы құрғақшылық жерлерде қолдан көл жасалынады. Оларды жасанды көл дейді.
Қолдан көл жасау үшін құрғақ сайдың алдына топырақ үйіп, бөгейді.Көктемде еріген қар суы бөгетке жиналады.
Жер бетінің ғарыштан қарағанда көгілдір болып көрінетіні – жердегі мол судың арқасы. Сондықтан да жер «Көгілдір ғаламшар» деп аталады.

1-мәтін
2-мәтін

Тақырыптары

Мазмұны не туралы?

Ұқсастықтары

Айырмашылықтары

2. Әр мәтіндерден негізгі және қосымша, детальді ақпараттарды (кем дегенде 1-еуден) табыңыз. Неліктен бұл ақпарат негізгі (қосымша, детальді) ақпарат болып табылады? Себебін көрсетіңіз.
[5]

Негізгі ақпарат
Қосымша ақпарат
Детальді ақпарат

1-мәтін

2-мәтін

Себебі

Жазылым
Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, мәтін жазыңыз.

Досыңыз қандай да спорт түрінен республикалық деңгейдегі жарысқа қатысып, бас жүлдені жеңіп алды. Досыңызды осы қуанышымен жазбаша құттықтаңыз.
(70-80сөз)
2) Қазақстанда көптеген ірілі-ұсақты өзен-көлдер бар. Олардың біразын ғалымдар зерттеп, емдік қасиеттері мен минералдық құрамы қаншалықты екендігін де дәлелдеп келе жатыр. «Еліміздегі өзен-көлдердің емдік қасиеттері туралы дәлелдеп, жазыңыз. (70-80сөз)
[10]​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
mrprogemir
03.12.2021 21:45
Жауынгер аға

Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.

Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.

Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.

Оны генерал И.В.Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)
0,0(0 оценок)
Ответ:
ksenyarobulet
29.12.2022 08:32

Ақиқатқа көзім жете жете, басында философ болғым келген, одан кейін ішімдегі толқындар тулап, ақындық қасиет дарып, ақын болам ба дегем. Одан политик, одан кейін әзірге белгісіз. Жалпы спортқа жақын баламын, футбол ойнасам бір желіп шығып қалады, әсіресе финт жасап гол салған. Жалпы футболист болғым келген. Бірақ күш білекте емес, білімде. Әсіресе бұл заманда білім деген сауытың болмаса, мен сол дінін уағыздап шала, мақау молданың, теледидардағы ұзынқұлақтардың арбауына түсетін едім. Жалпы ғылым атаулының бәрі де жақсы. Шүкір өмірге көзқарасым, философиям мықты. Саралап келгенде кім болғым келеді? Ұлт жанашыры, қазақтың атын әлемге паш етіп, Отан үшін отқа түсіп, көзісоқырлардың көзін ашатын ағартушы болсам болғаны

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота