Әне міне демей қыс та келіп қалды. Айнала аппақ қар.Дала ақ көрпесін жамылған. Құлаққа ұрған танадай тыныштық. Қыс қандай керемет.Барлығы кіршіксіз таза.Барлық адамның көңілі осындай тап-таза болса ғой! Анау төбеде балалар шаңғымен сырғанап, асыр салып ойнап жүр. Ал өзен жағасында айнадай жылтыр мұздың үстінде балалар коньки теуіп жүр.Ал мен болсам аулада аққала жасап ойнап жүрмін.Ауа қандай таза. Қорада малдар шөп жеп тұр. Атам оларды суатқа апарғалы жатыр.Қыста жаздағыдай көп тіршілік жоқ.Бірен сараны үйінің ауласындағы қарды тазалап жүр
Білім - ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас.
Адамның көңілі шын мейірленсе, білім - ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.
Ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек.
Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады.