2- тапсырма. Төменде берілген мәтіндерді оқып, адамдық борышқа қатысты түйiндi ойларды iрiктеп алыңыздар. Олардың маңыздылығы туралы жазыңыздар.
а) Құрамында қазақтың ұлы перзенті, академик Қаныш Сәтбаев бар делегация Англияға барады. Сонда атақты Уинстон Черчилль аса бойшаң, ірі қазақ ғалымын көріп: «Қазақтардың барлығы сіздей биік пе?» деп сұраған көрінеді. Сонда Қаныш ағамыз са : «Жоқ, менің халқым менен де биік» – депті.
ә) Адам өмірге келеді, зейнет іздейді, бақыт табады. Дүниенің шалқар теңізін өктем адыммен кешіп өтпестен тұтқиылдан соққан асау толқын жаңқа секілді жағаға лақтырып тастайды. Сондықтан әрдайым бекем, әрдайым берік болуың керек. Өмір сенің еркелігіңді көтермейді. Әр адамның өмірлік мұраты, мақсаты болуы тиіс. Өзіне жүктелген міндетті дұрыс ұғыну қиын нәрсе, ал оны қалтқысыз атқару – одан да қиын. Сол себепті де әркім дүниеге ашық та ойлы көзбен қарауға, өзінің адамдық парызын жете түсінуге міндетті. Бұлай болмайынша негізгі мақсатқа жету мүмкін емес. (Ы. Жақаев
«Ақылдың кені»)
. б) ... Адамзат бойына берілген қандай жақсы қасиеттердің барлығы
қазақтың бойынан табылады. Қонақжайлылығы, кеңпейілділігі, ақкөңілділігі тағы басқа толып жатыр.
Менің қазақ ауылында өскенімді бәрі біледі. Мені бірде-бір рет ренжіткен қазақ болған жоқ. «Гера, Геражан» ауылдың сүйіктісі болдым. Менің адам болып өсуіме қазақтар көп әсер етті. Той- томалақтан қалмадым. Шалдар тәттінің тәуірін, дәмдісін, жіліктің майлысын маған беретін. Менің жүрегімді мейірімділікке толтырған, ыза-кек, қызғаныш, өшпенділік дегеннен аулақ сақтап қалған осы
«қазақ ауылы» болды деп ойлаймын. Мен қазақтың алдында осы үшін де қарыздармын. Адами қасиеттеріммен қалдым. Барды қанағат тұту, міне, бұл да қазақтан жұққан қасиет маған. (Г. Бельгер).
Ахмет Байтұрсынов (18.01 1873 ж., Қостанай обл., Жангелді ауд., Сарытүбек мекені, - 1938) – ақын, әдеббиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. 1882- 84 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген. 1895 - 1909 ж. Ақтобе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс- қазақ училищерінде мұғалімдік қызмет атқарады. 1909 ж. патша үкіметінің саясатына қарсы наразылық білдергіні үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910 ж. жер аударылды. 1913 ж. Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 ж. жылдың аяғына дейін оның редакторы болды. Патша үкіметі құлатылғаннан кейін ұлт - азаттық қозғалыс күшейеді. 1918 - 19 ж. Алашорда қатарында болады. 1919 ж. 24- маусымда Қазақ өлкесін басқаратын Әскери революциясы қазақттің мүшелігіне тағайындалады. 1922-25 ж. Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғыл. әдеби комиссиянның төрағасы, Халық ағарту комиссары. 1925-29 ж. Қазақстан Халық ағарту институтында (Ташкент) және ҚазПИ де оқытушы болды.
Байтұрсынов шығармашылық жұмысын өлен жазудан бастаған. Онда ол еңбеқші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады.
Ақынның алғашқы өлендері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт Петербургте жарық көрде. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой санасын оятуға бар жігер қайратын, білімін жұмсайды.
Байтұрсыновтың екінші кітабы «Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады.
Байтұрсыновтың қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбегі « Әдебиет танытқыш» (1926). Мұнда көркем сөз өнерінің табиғаты, сыры, мазмұны, ерекшеліктері, жанрлары, жаңа терминдер, ұғымдар жайлы жан жақты зерттеулер, тұжырымдар сөз болды. Бұл еңбегінде Байтұрсынов ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің әлеум., қоғамдық, мән маңызын ашудан гөрі адамгершілік, эстетик. әсемдік әуенін талдауға көбірек көңіл бөлген. Сондай ақ мұнда жазба әдебиеттегі ағымдар, әдістер туралы ой түйіндер айтылған. Кітаптын бірінші бөлімі « Сөз өнерінің ғылымы» деп аталады. Екінші бөлімі « Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі» деп аталады.
Байтұрсынов тілші ғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты, өзгешееліктері, араб әліпбинің жайы, терминдер, қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы мақалалар жазды. Ол қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсады. Осы мақсатта «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), ересектердің сауатын ашуға арнап «Әліпби» (1924), «Жаңа әліпби» (1926) атты оқулықтар мен ғыл.еңбектер ұсынды.
Байтұрсынов қазақ тіл білімін 20-ғасырдың бас кезінде қалыптастырып, оның ірге тасын қалады. Араб графикасына негізделген қазақ жазауының реформаторы болды. Байтұрсынов қалдырған бай мұраның тағы бір саласы көркем аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын ұазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты. И.А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып бастырды. И.И.Хемницердін «Атпен есек», А.Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С.Я.Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды.
Мені ата-анам қалай тәрбиелейді. Мен сабақтан үйге қайтып келе жатқанмын.Бірде мен алыстан екі қолында екі ауыр сөмкесі бар әжейді көрдім.Мен жүгіріп барып: -Әже,сізге ауыр шығар,әкеліңіз мен көмектесейін -Ой,айналайын рахмет балам,неткен тәртіпті баласың,сенің алдыңда талай баланы көрдім бірі де көмегін ұсынбады.Ата-анаңның тәрбиесі мықты-ау. -Иә,ата анам әрдайым,үлкенге құрмет,кішіге ізет білдір,үлкен кісілердің жолын кесе көлденең өтпе,керісінше,көмектес,-дейтін.
Когда я возвращался домой из школы увидел как одна бабушка идет с тяжелыми сумками.Я решил -Бабушка,вам не тяжело,дайте я вам -ой внучок,какой ты хорошенький,до тебя увидел много детей,никьо не воспитание какое хорошее. -да мне всегда говорили родители,что надо уважать старших им,не пересекать им дороги,а наоборот всегда им.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку