fgdh1waffeaf
22.07.2022 15:06

Сделайте . Текст.
Қымыз – жылқы сүтінен алынатын кышқыл сүт өнімі . Қымыз – халқымыздың бірнеше ғасырлар бойы үздіксіз пайдаланып келе жатқан ұлттық тағамы . « Ауруға ем , сауға қуат дәрі қымыз » , – деді Жамбыл атамыз . Қымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі . Қазақтар жүздеген жылдар көлемінде қымызды айырықша ыдыста торсық және сабада дайындаған . Қымыздың сапасы ең алдымен ұйытқыдан басталады . Қазіргі кезде қымыздың микрофлоры құрғақ түрде жақсы сақталады . Қымыздық ұйытқы ретінде көктемде , қымыздық мезгілдің басында ұйытқы қолданылады . Ұйытқыны күзде дайындау үшін қымызды бірнеше тәулікке қалдырады және ол екіге - жоғарғы мөлдір және төменгі ірімшіктік қабатқа бөледі . Бұл тұнбаны селдір матада сығып алады да , күнге кептіреді және келесі маусымға ( мамыр ) дейін жабық ыдыста , салқын жерде сақтайды.Ұйытқыны тірілту үшін ұнтаққа буландырылған бие сүтін 3-4 ас қасығына есептей отырып , 5 литр сүтке араластырады және дүркін - дүркін араластырып отыру арқылы жылы жерде бір тәулік сақтайды . Бір тәуліктен соң ұйытқыны қымыз дайындау үшін қолданады . Одан әрі қарай қымызды жасап шығару үшін енді ұйытқыны емес , кәрі қымызды 1 литр қымызға 6-7 литр бие сүтін есептей отырып қолданылады . Қымызды дайындау үшін булы бие сүтін ұйытқымен бірге сабаға құяды да , түнге қалдырады . Келесі күні әрбір сауыннан аши бастаған сүтке бірнеше жаңа бөліктерін қосады , жақсылап араластырады да , 10-15 сағат сақтайды . Дегенмен , мұндай әдіспен алынған қымыз әлі әлсіз және аз газдалған , қою , тағы да мұқият араластырады да бір күн қоя тұрады . Мұндай өндеудің нәтижесінде екі күндік орташа қымыз пайда болады . Дайын қымызды басқа ыдысқа құяды . Қымыздың бабы пісу мен сапыруға байланысты . Жиі - жиі піскен сайын қымыздың дәмі кіре береді . Ал , пісуі жетпеген қымыз ірімтіктеніп , суы бір бөлек , тұнбасы бір бөлек болып , бұзылып , сапасын жояды . Бие сүті ең алдымен қазақтарды кеңінен жайылған аурудың бірі болып отырған құрт ауруына бірден - бір ем . Қазіргі кезде қымыз көптеген ауруларды , атап айтқанда өкпе ауруларын емдеуде , қан айналу жүйесіндегі қан тамырларының жұмсақтығы мен беріктігін қамтамасыз ететіні , қандағы қызыл қан түйіршіктерімен ( эритроцит ) гемоглобин синтезіне әсер ететіні , ағзада жүретін зат алмасу процестерін жақсартып , жалпы иммунитетті күшейтетіні анықталған . ( 311 сөз )​


Сделайте . Текст.Қымыз – жылқы сүтінен алынатын кышқыл сүт өнімі . Қымыз – халқымыздың бірнеше ғасыр

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
jamal55
03.10.2022 12:32

«Көксерек», жазушының повесі. Реалистік әдебиет дәстүрі тудырған мотивтерді шеберлік палитрасындағы сан алуан бояулар мүмкіндігін өз мұратына орай өнерпаздықпен жаңғырту арқылы жазылған жаңа тынысты шығарма. Автор шағын көлемге мол мағына сыйдырған. Бейнелеп отырған болмыстың қырсырын бажайлай таныған суреткер зады ежіктеуден, тамшы арқылы көл суретін, тас арқылы тау кескінін елестетуді эстетикалық мұрат тұтқан. Бұл образ табиғатына сандық белгіден гөрі сапалық ерекшелік хас екендігін айқындап, әсемдіктің гармонияға, симметрияға, тұтастыққа кіндіктестігін тағы да тиянақтай түседі. Повесть шағын-шағын сегіз тармаққа бөлінген. Бұлар дөңгеленіп, аяқталған сом сурет, өз алдына жеке картина іспетті, әрқайсысында әр түрлі баяндау, суреттеу тәсілдері қолданылған. Адам – бөлтірік – орта. Бұл үшеуін автор диапектикалық байланыста бейнелеу үшін, қажетіне қарай баяндау әдісін құбылтып, өзгертіп отырады. Кісі қолында өскен қасқыр күшігінің қалыптасуында қоршаған орта ықпалы бірінші қатарға шығарылады.

Бұл хайуанаттар туралы шығармаларда әжептәуір тиянақталған мотивті Әуезов қазақ топырағына, көшпелі сахара шындығына сәйкес әуенде шертеді. Бөлтіріктің өсуін бейнелегенде, автор натуралистік, зоологиялық өзгерістерді жіпке тізіп жатпай, мінез ерекшеліктеріне, сыртқы ықпал әсерінен болған жәйттерге назар аударады. Көксеректің үлкен иттерден, қатын-қалаштан көрген жәбір-жаласы ішіне шемен болып қатып, жалғыз Құрмаш қамқорлығы жүректегі мұзды жібіте алмаған. Повесть сюжеті Құрмаш өлімімен тиянақталып тұр. Шығарманы осымен бітіруге болатын еді, бірақ өйткен күнде, жазушы позициясы, авторлық мұрат көмескі тартып кетері сөзсіз. Зұлымдыққа, озбырлыққа қарсы тұрар, оны жеңер күш бар деген сарынды Әуезов әдіптей түседі. Рас, Аққасқырдың әрекет, кимылы көзге елестердей жанды кейіпте емес. Сырт пошымы да жақсы есте қалмайды. Мұның есесіне соңғы бөлімде Көксерек ізіне түсуі әсерлі баяндалған. Талай иттің мойнын бұрап, мал атаулыға қырғидай тиген Көксерек әлі де осал еместігін көрсетеді. «Ауылға әкелгенде Құрмаштың әжесі боздап келіп: – Қуарған-ай, неңді алып ем?.. Не жазып едім? Бауырына салып өсіргеннен басқа не қып еді менің құлыным? – деп елді тегіс еңіретіп, Көксеректі басқа тепті». Ана кесімі – Көксеректі басқа тебуі. Жазушының гуманистік идеалын да осы орайдан іздеуіміз керек. Адам қолында өскен, бірақ адамға қиянат еткен, оның ет-бауырын езіп, жара сапған көкжал сол адам қолынан өлім тапты. Образды ой символдық ойға, әуенді сарын үлкен идеяға ұласып, сахара топырағындағы шындықты қанық бояу, айқын колоритпен бейнелеген «Көксерек» бір әдебиет шеңберінен биіктеп көтеріліп, әлемдік жауһарлар қатарына қосылған. «Көксерек» тұңғыш рет «Жаңа әдебиет» журналында жарияланды (1929, №2-3). Әуезовтің «Қараш-Қараш» (1960), «Қилы заман» кітаптарында, 12, 20 томдық шығармалар жинақтарында шықты. Бірнеше рет жеке басылды, А. Пантиелев аудармасымен «Новый мир» (1960, №9) журналында жарық көрді. Көптеген шетел тіддеріне аударылды. 1977 ж. қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жеке кітап болып шықты. Шығарма бойынша «Көксерек» фильмі түсірілді, қазақ, неміс, орыс тілдерінде спектакльдер қойылды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
rynnotynno
18.02.2023 21:58

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,
Жалбаңдасар өзінің түрғысымен.

Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, қүшақтасып.
Шаруа қуған жастардың мойыны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.

Туйе боздап, кой қоздап - қора да шу,
Көбелекпен, құспенен сай да ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.

Көл жағалай мамырлап қу менен қаз,
Жүмыртқа іздеп, жүгіріп балалар мәз.
Ұшқыр атпен зырлатып тастағанда,
Жарқ-жүрқ етіп ілінер көк дауыл баз.
Құс қатарлап байлаған қанжығаға
Қыз бұраңдап жабысып, қылады наз.

Жазға жақсы киінер қыз-келіншек,
Жер жүзіне өң берер гүл-бәйшешек.
Қырда торғай сайраса, сайда - бұлбұл,
Тастағы үнін косар байғыз, көкек.

Жаңа пұлмен жамырап саудагерлер,
Диханшылар жер жыртып, егін егер.
Шаруаның бір малы екеу болып,
Жаңа төлмен көбейіп, дәулет өнер.

Безендіріп жер жүзін тәңірім шебер,
Мейірбандық дүниеге нұрын төгер.
Анамыздай жер иіп емізгенде,
Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер.

Жаз жіберіп, жан берген қара жерге
Рахметіне алланың көңіл сенер.
Мал семірер, ақ пенен ас көбейер,
Адамзаттың көңілі өсіп көтерілер.

Қара тастан басқаның бәрі жадырап,
Бір сараңнан басқаның пейілі енер.
Тамашалап қарасаң тәңірі ісіне,
Бойың балқып, ериді іште жігер.

Кемпір-шал шуақ Іздеп, бала шулар,
Мал мазатсып, қуанып, аунап-қунар.
Жыршы құстар әуеде өлең айтып,
Қиқу салар көлдегі қаз бен қулар.

Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай,
Ол қайтсін қара түнде жарқылдамай,
Таң атқан соң шығарын күннің біліп,
Өңі қашып, бола алмас бұрынғыдай.

Күн - күйеу, жер - қалыңдық сағынышты,

Құмары екеуінің сондай күшті.
Түн қырындап жүргенде көп қожаңдап,
Күйеу келді, ай, жүлдыз к... қысты.

Ай, жұлдызға жылы жел хабар беріп,
Жан-жануар қуанар тойға елеріп.
Азалы ақ көрпесін сілке тастап,
Жер күлімдер, өзіне шырай беріп.

Күн - күйеуін жер көксеп ала қыстай,
Біреуіне біреуі қосылыспай,
Көңілі күн лебіне тойғаннан соң
Жер толықсып, түрленер тоты құстай.

Адам тіктеп көре алмас күннің көзін,
Сүйіп, жылып тұрады жан лебізін.
Қызыл арай сары алтын шатырына,
Күннің кешке кіргенін көрді көзім.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота