lisa22151
27.07.2021 07:03

3.Мәтін бойынша берілген ақпараттың дұрыс,бұрыстығын анықта А)Қатты күйген тері қысқа уақытта қалпына келтіріледі

Ә)Тері жасушалары ерікті донордан немесе науқастан клиникалық сынаққа дайындық үшін алынады

Б)Тері жасушасын жарақаттың жанына жабыстырады

Мәтің: Қазақ ғылымының жаңа жетістігі! Ғалымдар медицинада қолдануға болатын жасанды

тері ойлап тапты. Бұл әзірге алғашқы сынақтардың нәтижесі ғана. Барлығы ойдағыдай іске

асатын болса, денесі күйген немесе басқа да тері жарақаттарын алған науқастар үшін

биотерінің көмегі көп болмақ. Жарақаттарды жасанды терімен емдеу әдісі негізінен әлемнің

дамыған бірнеше елдерінде қолданыста бар. Еліміздің ғалымдары енді сол жетістіктерге өз

күштерімен жетуге талпынып жатыр. Осыған байланысты қазір Ұлттық биотехнология

орталығының жұмысы да қарқынды.

Әдетте денесі қатты күйгендердің терісін қалпына келтіру ұзақ уақытқа созылады.

Оның үстіне жарақатты таңатын медициналық жабдықтарды жиі ауыстыру қажет. Емдеу

процесінің ұзаққа созылатындығы да сондықтан. Ал жасанды тері арқылы осы

қиындықтардан арылуға болады. Ғалымдар ең әуелі егеуқұйрықтарға тәжірибе жүргізген.

Алғашқы тәжірибені сәтті өткізген орталық мамандары енді клиникалық сынаққа

дайындалып жатыр. Яғни бұл жолы сынақ адамның өзіне де жүргізілуі мүмкін. Ол үшін

ерікті донордан немесе науқастың өзінен тері жасушалары алынады. Сосын оны арнайы

зертханада қажетінше үлкейтіп, күйік шалған жерге немесе басқа да жарақаттың үстіне

жабыстырады. Бұл ең әуелі зақымданған терінің қалпына келуіне жылдам көмектеседі және

астыңғы жараның беті қайтқаннан кейін, он шақты күннің ішінде жасанды тері өздігінен

түсіп қалады.

Жасанды теріні науқас адамдарға нақты қашан пайдалануға болады? Ол үшін ғалымдар

«екі жылдай уақыт керек» деп отыр. Биоинженерия саласындағы бұл жаңалықты

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына сәйкестендіру қыруар қаржыны

талап еткенімен, ғылым саласындағы айтулы жетістігімізді медицинада қолдану арқылы

болашақта кеткен қаржыны қайтаруымыз әбден мүмкін.​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
KenDipp
05.08.2020 03:15
Қыс айлары суық болады.Айнала аппақ қалың қар жатады.Қыс мезгілінде қыстап қалатын құстарға азық табу қиын. Қыста азық табу қиын  болғандықтан ,олар  адамға жақын жүреді.Қыстап қалатын құстар-торғай,көгершін,қарға ,сауысқан ,сары шымшық,тоқылдақ. Сауысқан ,қарға кез келген тамақты көрек ететін құстар.Олар қардың астынан қазып түрлі тамақ қалдықтармен көректенебереді.Тоқылдақ ағаштың арасындағы бунақденелілерді тауып көректенеді,Ал қар бетіне түскен оның қалдықтарын торғайлар ,сары шымшықтар теріп жейді.Көгершіндер адамаға аса жақын жүреді. Балалар  құстарға  жем береді,нанның қалдықтарын береді.Құстардың табиғатқа пайдасы зор.Олар ағаштарды ,егінді зиянды құрттардан қорғайды.Сондықтан балалар құстарды қорғап қамқорлап жүреді.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Yanas7
09.05.2022 16:06

шын мәнінде, маған метрополитен ұнайды. бұл әлемдегі ең әдемі ғимараттардың бірі. барлық станциялар жақсы жабдықталған, бір-бірінен ерекшеленеді және тартымды. олардың кейбірі жерде орналасқан. негізінен бұл жаңа станциялар. поездар мен вагондар, сондай-ақ назар аудару керек. кейбіреулерде танымал суретшілердің туындыларынан бар . басқалары көркем галереядағы көрмені еске салады, өйткені олар белгілі суреттердің репродукцияларын қамтиды. барлығы жұмысқа жету үшін метро пайдаланғысы келеді. олар автобуста немесе таксиде жүретіндерін елеместен, бірақ қандай заттар қалқандар болып табылатындығымен. ақырында, барлық тұрғындар метро - қала бойынша қозғалудың ең тәсілі екенін біледі.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота