sungatulin22
15.01.2023 13:31

Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Кезінде ата-бабаларымыз төрт түлікке жайлы қоныс іздеп кең даламызда көшіп-қонып жүрген. Малдың сүті, жүні, терісі, мүйізі, сүйегі тіпті тезегіне дейін өз қажетіне пайдаланып отырған. Мал қазаққа жесе - асы, кисе - кисе киімі, мінсе көлігі, жапанда серігі - болған. Ата-бабаларымыз «мал-жан аман ба?» деп амандасқан. Қазақтар малды тек пайдаланып қана қоймаған, оларды бағып, күтіп, қасиетін, ерекшелігін жақсы білген. Ерте заманнан бері осы төрт түлік малдың пірлері бар. Түйе пірі - Ойсыл қара деп жүрген Увайс Қарани шын мәнінде өмірде болған адам. Пайғамбар дәуірінде өмір сүрген өмірін түйе бағумен өткізген. Ол өз елінің түйелерін бағып өзінің кәсіпке адалдығымен, тақуалығымен, қанағатшылдығымен көпке үлгі болған.
Сиыр пірі - Зеңгі баба. Бұл да өмірде болған адам. Халық ауыз әдебиетінде Зеңгі баба өмірін сиыр бағумен өткізген, түркілер арасында пір болған адам. Мазары Ташкент қаласының түбінде.
Жылқы атасы - Қамбар ата туралы халық арасында әр түрлі дерек бар.
Жылқы атасы - Қамбар ата. Кейбіреулер оны «Қамбар батыр» жырының кейіпкері дейді. Ол атқа мініп жауға шапқан нағыз батыр адам. Сондықтан халық елін жаудан қорғаған ерін, пір тұтады.
Қой атасы - Шопан ата. Ол - ХІІІ-ХІV ғасырларда өмір сүрген аңыздық тұлға. Халық арасында Шопан ата туралы аңыз-әңгімелер көп.
Ешкі пірі - Сексек ата. Дерек бойынша Қазығұрт тауының бауырында жерленген Исмайыл атаның баласы. Бірақ аз зерттелген.

1. Мәтін не туралы?
2. Қандай тақырып қоюға болады?
3.Қандай қызықты мәлімет бар?
4. Мәтіннің негізгі ойы, идеясы?
5. Сенің қорытынды ойың?

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
irinkaff1
17.02.2023 12:09
Теміржол Серебрянск арқылы өтеді. Серебрянск теміржолы екі қаланы байланыстырады. Бұл Өскемен және Зыряновск қалаларында. Біздің қалада теміржол көлігінің үш кәсіпорны бар. Биыл біздің теміржолда жаңа пойыздар пайда болды. Олар жағымды және ыңғайлы. Маған пойыздарға бару ұнайды, олар ұзақ уақытқа барады. Сапарда мен табиғатқа таңданамын. Мен біздің поездке бірнеше рет бардым. Мен Бұқтырмада жүзу үшін пойызбен, сондай-ақ ауылда досқа бардым. Сапар барысында біздің өңіріміздің әдемі көріністеріне таңданамын.
Темір жолдың көмегімен біздің қаламыз басқа қалалардан тауарлар жеткізіледі, сондықтан, менің ойымша, теміржол - ыңғайлы, арзан көлік және тауарлар жеткізу.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Pomashка03
13.11.2021 05:44

Менің арманым

Менің арманым - дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.

Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.

Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.

Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.

Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.

Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.

Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота