
Қарапайымдылық деген не?
Адам бойында түрлі жағымды және жағымсыз қасиеттер болатыны анық. Осы жағымды қасиеттердің адам бойында кездесетін ең қадірлісі қарапайымдылық деп білемін. Қарапайымдылық дегеніміз – адамның асып – тасуға талпынбауы, яғни менменшілдіктің болмауы. Қарапайым адамда атаққұмарлық мүлдем болмайды, себебі қарапайым кісі өзінің қабілеттері мен қасиеттерін дұрыс бағалай біледі. Қарапайым адам көкірек көтеріп, өзгелерді үстінен қарамайды, керісінше өзге адамдарды сыйлап, барлығымен жақсы қарым – қатынаста болуға тырысады. Қарапайым адам бойынан тәкаппарлық, атаққұмарлық, мақтаншақтық, арсыздық, бетпақтық секілді жағымсыз қасиеттер кездеспейді.
Мен үшін қарапайымдылық адамдықтың белгісі іспеттес. Біздің отбасымызда ата – әжеміз үнемі «қарапайым болыңдар, менмендікке жол бермеңдер! Өзгелерді құрметтей біліңдер!» деп өсиеттерін айтып, біздің жақсы тұлға ретінде қалыптасуымызға өз үлестерін қосып отырады. «Қарапайымдылық – моральдық сұлулықтың басты шарты» деп Лев Толстой айтып кеткендей, қарапайым адамның жан дүниесі де сұлу болатыны хақ. Сондықтан құрбыларыма айтарым: өз бойымыздағы жағымсыз қасиеттерге жол бермей, керісінше қарапайым әрі кішіпейіл бола білейік!
Адам көп нəрсені армандайды. Бірақ нақты не нəрсені армандау керек екенін, арманы орындалуы үшін қандай жоспар құрып жүзеге асыру керектігін ойламайды. Кейде арманшыл адамдар өз арманы орындалатын арман ба, орындалмайтын арман ба деген ойдың түбінде қалып қойып жатады.
Арман деген - адамның қиялындағы нəрселеріне шынайы өмірде қол жеткізу үшін жасайтын əрекетінің жеңісі мен жемісі дер едім. Əрине, ол ойдағыдай жүзегі асып оң нəтижесін көрсетіп жатса ғана. Ал жүзеге аспаған жағдайда, ол адамның ең үлкен өкінішіне айналады. Мені мынадай сұрақ толғандырады. Жалпы адамдар не нəрсені армандауы керек? Адамдардың тұрмыс жағдайы жақсы, əлем жақсы болу үшін барлық адам арманшыл болуы керек пе? Адамдар неге армандарынан адасып жатады? Бұл сұрақтарға былай жауап іздедім.
Адамдар барлық нəрсені армандауға құқылы. Барлық түрін. Арман деген шексіз. Біреулер денсаулығының күшті болғанын, енді біреулер тұрмыстық жағдайының жақсы болғанын, тағы біреуі туыстарының бар болғанын, тағысы ұсақ-түйек нəрселерді армандап жатады. Машина, үй, ақша, атақ, мансап, билік сынды нəрселер. Жоғарыда айтылған үш арманды армандап отыруға болады. Оның орындалуы үшін түк істей алмайсың, жай ған армандап жүре бересің. Ал қалғандарына жетуі үшін өмірде дұрыс бағытты таңдап, дұрыс əрекет жасай білуі керек. Ал қазіргі таңда қалай. Адамдар армандайды, бірақ жүзеге асуы үшін іс-əрекет жасамайды. Жасайтындар аз-ақ дер едім.
Объяснение: