Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады. Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған
Алтын күз келді. Жапырақтар сарғайып, жерге түсіп жатыр. Жерге сары кілем төсеп қойғандай жұп-жұмсақ болып тұр. Күз мезгілін «алтын күз» деп айтатын себебіміз айналаның бәрі сары түске боялғандай. Күз мезгілінде бидай, тары, күріш, сұлы арпа дақылдары піседі. Маған күз мезгілі ұнайды. Айнала қандай тамаша десеңізші!
Осы әсерге бөлініп біздің де мектеп “Алтын күз” атты қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді. Оқушылар өз қолдарынан жасалаған заттарын дайындап, қайырымды адамдар оларды сатып алуда. Жалпы оқушылардың осы жылы тапқан табысы өткен жылдан қарағанда әлде қайда көп. Себебі біздің мектеп күннен күнге мейірімді жандармен толуда. Әр оқушының жақсылық жасайын деген талпынысын көріп жүрегің елжіреп кетеді. Осындай іс шаралардың арқасында біздің еліміздің болашағы кемел. Болашақ жастардың қолында демекші, әр сәтімізді жақсылық жасаумен өткізгеніміз абзал.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку